«1-Мамыр», «Досты?», «Бірлік», «Ынтыма?»
«Озерный орта мектебі» ММ
Мерекелік іс-шараның сценарийі
Өткізген «Ботақан» тобының тәрбиешісі:
Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы
2015-2016 о.ж
«1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар балалар! Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше бүгінгі осы мерекеге арналған ертеңгілімізді бастайық.Ортада «ботақан»тобын қарсы алайық. Балалармен әнгімелесіп.Біреу есік қағады.Бұл кім болды екен? Қонақ кіреді, ол - ұсқынсыз үйрек. Бәрімен амандасып, төрге жайғасады.
Тақпақтар
ЭвелинаҚазақ осы қарасың ба ақсын ба?
Қоңырсын ба?Жатырқауды білмейтін.
Бекзат Қазақстан төрінде күн нұрын төксін
Жерінде жұпар иісті гүлі сепсін!
Гүлдана Алтын дәмді даламыз бай болсын
Ақ күмістей қаламыз көп болсын!
Жанболат Бұзылмасын сәніміз
Барлық ұлттар бірлесіп
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке
НинаВеселый праздник Первомай!
По всей строне идет
Танцуй и пой неотстовай!
Миша Всех друзей встречаем
Здоровья всем желаем
Чтобы каждый день
Было весело нам всем!
АидаДос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таң.
Кирилл Солнечный май
Радостный май
Песенку слушай
Привет принимай
Самат Достық шырағымыз
Достық ұранымыз
АйнураДостық- туымыз
Достық- әніміз
Санжар Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Қазбек Жалауымда -
Нұрлы күн
Нұрын шашып тұр бүгін
Паш етеді ол
Халқымның
Ынтымағын, бірлігін!
ТамирланДостық үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан
Бірлік асыл мұрамыз
Ән «Қуыршақ»
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тындайды
Әмір беріп бұйырсақ
Қуыршақтар ұйықтайды
Айтқанымнан шықпайды
Ал қозы мен құлыншақ
Ұйықта десен ұқпайды
Тындамайды ұрысса
Осылары дұрыспа ?
Тентектігін қоймаса,
Тұрғызамыз бұрышқа.
Ойын «Пияз жинау» мақсаты: пиязды шапшаң жинап, белсенділік таныту, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.
Би «цып цып»
Ән «Достар»
Ақпыз, қарамыз, сарымыз Күннің нұрын сүйеміз
Татумыз біз бәріміз Қырдың гүлін сүйеміз
Достық жәйлі ән салыпБізді ойнатып, мәпелеп
Шырқатайық қане бізКүлдіргенін сүйеміз
Жүзімізге қараңызБалдырғанбыз арай жүз
Бал бұл жанған баламыз Бал бұл жанып қараймыз
Бізге қымбат күн шуақ Ойыншықтар біздерде,
Бізге қымбат анамыз!Көп болғанын қалаймыз!
Ұсқынсыз үйрек: рахмет сендерге, балалар, мен достық неге не үшін керек екеніне түсіндім, сендердін осындай үлкен махаббаттарыңнан мен әдемі сүйкімді үйрекке айналдым.
Анасы ортаға шығып шаңыраққа лента байлайды да, жүректі ұстап тұрып «жүректен жүрекке» деп өз шаңырағына тілек айтады.
Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!