Ма?ала 1 мамыр-?аза?стан хал?ыны? ынтыма?тасты?, бірлік к?ні!
1 мамыр-Қазақстан халқының ынтымақтастық, бірлік күні! қарсанында 2014 жылдың 29 сәуірінде «Еркетай» шағын орталығында ертеңгілік өтті.
Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, 1-Мамыр, «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілді.
1 мамыр - Қазақстан халқының ынтымақтастық бірлігі күні мерекесімен шын жүректен балаларды құттықтады!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Балаларымыз өзге ұлттар; өзбек, орыс, қазақ, корей билерін барынша билеп өз өнерлерін көрсетті.
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі дей келе, балаларымыз 1 мамыр туралы әндермен бірге әр топтын балалыры тақпақтарында айтып жатты.
1 Мамыр – Қазақстан халқының ынтымақтастық бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігті аяқтай
Келе, барлық өзге ұлтарды ортаға қазақтын «Қара жорға» биін билеуге шақырды.
«Күншуақ» тобының
тәрбиешісі Тоқталған Біржан