Б?рыш. Б?рышты? градусты? ?лшемі. Транспортир.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәні: математика
Сыныбы: 5 «В»
Ұйымдастырушы: Бегейбаева Сымбат Жарықызы
Өтілген мерзімі: 21.10.2015ж
Тақырыбы:
Сабақ №43
ІІІ тарау. Геометриялық фигуралар. Формулалар.
Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир.Сілтеме:
5-сыныпқа арналған «Математика 1» оқулығы, Алдамұратова Т.А. Байшоланова Т.С. Алматы «Атамұра»-2015
Сабақтың мақсат міндеті:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, геометриялық фигуралар ұғымын кеңейту, геометриялық фигуралармен таныстыру.
Оқыту нәтижелері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену
Оқуды және оқыту үшін бағалау
Жаттығулар:
451; 453; 455; 456 сызғыштың, транспортирдің көмегімен саду есептерін орындау.
Тапсырмалар:
452; 454; 457 суретте берілген сызбалардын градустың өлшемін транспортирдің көмегімен өлшеп жазу
Блум таксономиясы Жұмыстың атауы Мазмұны
Білім
Оқытылып отырған оқу материалдарын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. Оқушыларға өтілген материалдар бойынша сұрақтар беру
Үй тапсырмасын айтады. Берілген сұрақтарға қабілетіне қарай жауап береді.
Түсіну
Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Геометриялық фигуралардың бастамасы бұрыштар туралы кең түсінік беру, транспортирді қолдану жолын үйрету
Қолдану
Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, теориялық білімдерін кеңейту. Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті есептер беріледі. Берілген есептерді шығарып дәптерлеріне жазып алады.
Талдау
Тақырып бойынша берілген сұрақтарға талдау жасауды үйренеді.
Бұрыш дегеніміз не?
Бұрыштың қабырғалары, төбесі деп нені айтады?
Жазыңқы бұрыш неше градус?
Жинақтау
Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін сұрақтар беріледі? Транспортир не үшін керек?
Биссектриса дегеніміз не?
Бұрыштың өлшем бірлігін қалай айтады?
Бағалау
Сабақтан алған әсерлерін сұрайды
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Критерийлер бойынша бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. Өзін-өзі және сыныптастары бағалайды?