Термодинамикада?ы ж?мыс (10 сынып)


Күні: 8.12.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Термодинамикадағы  жұмыс
Сабақтың мақсаты:
                            Білімділік: Термодинамикадағы  жұмыстың физикалық
мағынасымен таныстыру
                            Тәрбиелік: Өзіндік жұмыс жүргізгенде тапқырлыққа,
ұжыммен  жұмыс  жүргізгенде ынтымақтыққа
тәрбиелеу.
                           Дамытушылық: Салыстыра  білуге, сөздік қорын
молайту,өзіндік жұмыс  істету.
Оқытудың  техникалық құралдары: электронды  оқулық, компьютер, проектор.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдістер «блиц-бақылау», «ой қозғау», «мәтінге  сұрақ»  бойынша  жұмыс істеу,  тәжірибені талқылау
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты  ояту.
ІІ. Блиц бақылау (физикалық диктант) өзін-өзі тексеруІІІ.  Үй тапсырмасын бағалау. Жаңа тақырыптың мақсатын қою
Жаңа тақырыпты меңгеру: 1) Тарихи мағлумат        2   Жаңа тақырыпты бекіту. Есеп шығаруVІ. Үй тапсырмасы (деңгейлі тапсырма)
VІІ. Бағалау. Сабақты қорыту. Рефлексия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты  ояту.
Бір жас бала  данышпанға келіп  айтыпты «Мен өз   өміріме   қуаныш қабылдаймын»  бірақ қуанғым келмейді, неге екенін  түсінбеймін
Данышпан — ол жас жігіт алдына  қасық, кесе, шам қойып «Нені  таңдайсын» — деп  сұраптыҚасықты- депті жас бала
Данышпан оны  бес рет қайтала — дептіЖас өспірім 5 рет қайталайдыМіне көрдіңбе бір  күнде  миллион есе қайталасаңда ол орындалмайдыОнда не істеу керек?
Оған қолыңды созып алу керек.
Сол  үшін бүгін  сабақта сіздер  өз білімдеріңді  алып,  практикада  қолдануларыңызды тілеймін.
ІІ. Блиц-бақылау
1. Фаренгейт шкаласы бойынша мұздың еру температурасы - ..........  2. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі - p=……….  3. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы Mr деп берілген зат молекуласы
массасының көміртек атомы массасының .... бөлігінен қанша есе артық екенін
көрсететін физикалық шаманы айтады.  4. Сұйықтықтардағы молекулалық қозғалысты кеңес физигі ......... зерттеген.  5. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады әрі бұл
қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтан оны
......... деп атайды.
 6. ............ деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы айтады. 
7. Газ өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз ........ Күштері
оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды. 
8. Авогадро тұрақтысы = N =…….  
9. Микробөлшектер әлемінде заттың бірлік көлемінде қанша бөлшек бар
екенін көрсететін шама - ........ деп аталады. 
10. Универсал газ тұрақтысы
 
Егер  10-9 сұрақ  жауаптары  дұрыс болса   «5»,  8-7 -«4», 6 – 5- «3»,
4 -тен төмен —  «2»
 
Оқушылардың аты-жөніІ этап
Үй тапсырмасы(блиц   бақылау) Жаңа тақырыпты меңгеруБекітуҚорытынды баға 
 
Бағалау парағы Жаңа тақырыптың мақсаты қойылады
Жаңа тақырыпты түсіндіру
1) Тарихий мағлумат    (мұғалім)
М. Ломоносов үйкелісте қолдың қызатынын байқаған.
Б.Румфорд зембірек жасайтын заводта бұрғамен жұмыс  істегенде  темір қызады.
Дэви 1799 екі мұзды бір-біріне үйкелдіріп суға айналдырған.
Термодинамикадағы жұмыс. Термодинамикада қозғалыстағы ортаның аз бөлшектерiнiң бiр-бiрiне қатысты орын ауыстыруы ғана қарастырылады. Нәтижесiнде дене көлемi, оның iшкi энергиясы өзгередi. Дене жылдамдығы тұтасымен алғанда нөлге тең болып қалады. Жұмыс классикалық механикадағы сияқты анықталады, бiрақ ол дененiң кинетикалық энергисының өзгеруiне емес, оның iшкi энергиясының өзгеруiне тең болады. Мысалы, газдардың сығылуы кезiнде поршень өзiнiң механикалық энергиясының бiр бөлiгiн газдарға бергендiктен, молекулалардың кинетикалық энергиясы ұлғаяды, газ қызады. Керiсiнше, егер газ ұлғайса, онда алыстаған поршенмен соқтығысқаннан кейiн молекулалардың жылдамдығы азайып, газ суиды.
А′ = p·(V2-V1) = p·ΔV.
Проблемалы эксперимент- тәжірибе  (мұғалім).
Ауа   тұтындырғыш аспабының ішіне   мата  үзіндісінің кішкіне  бір бөлігін  эфир тамшысымен   ылғандандырып   саламыз.  Поршын тұтқасын  тез арада  қағып  төмен   түсіреміз.  Сонда  эфир   буларының шығуы байқалады.  Не себептен  эфир  булануы  пайда  болады.
3)   Өзіндік жұмыс Оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы.
А) Экспериментатор: тәжірибені алгоритм бойынша  айтып береді.
Б) Практик: тәжірибенің нәтижесін түсіндіреді.
В) Практик: тәжірибенің геометриялық  анықтамасын түсіндіреді.
Қалған оқушылар  мәтінге  сұрақ дайындайды. Мәтінге сұрақ техникасын қолданады.
  Бұл кезеңді бағалау
  Жаңа тақырыпты бекіту. Есеп шығаруТопқа:
№1. 127 0С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясы неге тең?  (М(Не)=4*10-3 кг/моль)  U=3mRT/2M= 3*4*10-3*8.31*400/2*4*10-3=4986Дж
№2. Бір атомды идеал газдың 2 молін 50 К-ге қыздырған. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі? (R=8,31 Дж/моль ) U= 3*νRT/2= 3*2*8.31*50/2=1246.5Дж
№3. T=300 K  температурадағы массалары m1=20г гелий мен   m2=10г неоннан тұратын қоспаның ішкі энергиясын табыңдар U1= 1869.75Дж U2= 18697.5Дж  U= U1+ U2= 20567.25= 2.1*104 Дж
№1. Циклдік процесс нәтижесінде, газ 100Дж жұмыс атқарып, тоңазытқышқа 400Дж жылу берді. Циклдің пайдалы әрекет коэффициетін анықтаңдар. ή = A/ Q= 100/400= 25 %
№2. 500 г темір кесегін -100С-тан +100С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780Дж/кг0С) Q= c*m (t2-t1 )= 780*0.5*20=7800Дж
№3. t=  270C температурада бір атомды идеал  газдың ішкі энергиясы U=15кДж. Осы газ молінің мөлшерін анықтаңдар ν= 2*U/3RT= 2*15*103/3*8.31*300=4 моль
Газ қандай  жұмыс  атқарады  егер зат  мөлшері  изобаралы  температураға   көбейсе.
Графиктегі  жұмысты анықта Бұл кезеңді бағалау Деңгейлік топтардың белгіленуі А – тобы Б – тобы С – тобы
Аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Жылу мөлшері Q Дж Q=cm( t2 – t1 )
Дененің массасы m кг m= Q/c( t2 – t1)
Бастапқы температура t1 ° С t1 =t2 -Q/cm
Ақырғы температура t2 ° С t2 =Q/cm+t1
Меншікті жылу сыйымдылығыc Дж/кг*° С c=Q/m*t2 – t1
Температура өзгерісіt ° С t=Q/cm
Абсолют температура T К T=Q/cm
VІ. Үш  деңгейлі   үй тапсырмасы.
VІІ. Бағалау. Бағалау парағындағы  бағалардың  орташа  бағасы журналға  қойылады.
Сабақты қорыту. Рефлексия
Үйге тапсырма:§5.3 Термодинамикадағы жұмыс.
Оқушылардың аты-жөніІ этап
Үй тапсырмасы
(блиц   бақылау) Жаңа тақырыпты меңгеруБекітуҚорытынды бағаОқушылардың аты-жөніІ этап
Үй тапсырмасы
(блиц   бақылау) Жаңа тақырыпты меңгеруБекітуҚорытынды бағаОқушылардың аты-жөніІ этап
Үй тапсырмасы
(блиц   бақылау) Жаңа тақырыпты меңгеруБекітуҚорытынды бағаОқушылардың аты-жөніІ этап
Үй тапсырмасы
(блиц   бақылау) Жаңа тақырыпты меңгеруБекітуҚорытынды баға