Элективті курс С?з м?дениеті 10-11 сынып
«СӨЗ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ 11 СЫНЫПҚА
АРНАЛҒАН ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ БАҒДАЛАМАСЫ
Қожахметова Альмира Темирболатовна
«Ақтоғай ауданының Естай атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Түсінік хат
Қазақ тілі бойынша элективтік курстың жалпы жылдық жүктемесі, барлығы : 34 сағат, аптасына 1 сағат
«Қазақ тілі» пәнінің жаңа білім мазмұнында тілдің прагматикалық қызметі қоғамдық әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін танытуға бағытталған. Бұл ана тілінің қоғамдық сұраным негізінде жаңаша оқытылуын қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Сөз мәдениетін меңгеруде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады. Өйткені сөз сөйлеуді өнер тұтқан халқымыздың барлық ой- түйіндері оның шынайы халықтық болмысымен тікелей байланысты. Ал, ұлттық ділге қажет болып отырған нәрсе- Текті адам идеясы.
11 сыныптарында «Қазақ тілі» пәні «Сөз мәдениеті» бойынша оқытылады. Сөз мәдениеті оқушының өзіндік көз қарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен ой -тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуына негізделеді.Сөз мәдениетіне қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.
Сонымен , 11 сыныптарында қазақ тілінің бағдарламасында негізінен, тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік т.б. қызметтерімен қатар әрі өзара бірлікке меңгерту көзделеді.
Мәдениетті сөйлеуге төселген адам ғана бүгінгі бәсекелі заманда қоғамда өз орнын таба білетін, жұртпен бірлесіп жұмыс істей алатынын, жеке Тұлға ретінде көпшілікті игі істерге жұмылдыра алатынына көз жеткізеді.
Курстың мақсаты:
оқушының өзіндік көз қарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен ой -тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуы
Курстың міндеті:
оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады;
оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алу қабілетін ашу;
Курстың базалық мазмұны
I Сөз мәдениеті және шешендік 5 сағат
Шешендік өнердің тарихы
Сократ пен Платон. Сөздің адам жанына әсері
Орыс шешентанушылардың қосқан үлесі
Қазақтың атақты би шешендері. «Аңыз адам»журналы. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
II Адамды қалыптастыру 8 сағат
Сәлем -сөздің атасы
Амандасу салты. «Қазақтың салттары»
Ырым тыйымның түп негізі -тәрбие
М.Әуезовтың «Абай жолы»романындағы адам образдары
Көпшілік алдындағы сөз құрылымы
«Тәрбие отбасынан басталады» шығарма жазу
Қоштасу түрлері
Әдеби тіл үлгілері
III Мәдени мұра 6 сағат
«Абай жолы»романындағы қазақтың салт- дәстүрлері.
«Қыз өссе- елдің көркі» «Ақ білек» романы
Түркі тілдес халықтарының салттарының ұштастығы. «Әлем әдебиеті»
«Әр елдің салты басқа ...»
Атаның сөзі -ақылдың көзі. Ұлағат сөздер. «Әдеп» оқулығы
Наным сенімдер. «Қазақтың салт -дәстүрлері»
IV Стиль түрлері 10 сағат
Көркем әдеби стилі «Көшпенділер»І.Есенберлин
Ауызекі сөйлеу стилі. Б.Майлин «Ыбыраймыз, ...»
Ресми іс -қағаздар стилі
Ресми іс -қағаздар түрлері
Публистикалық стиль
V Ана тілі арың бұл 5 сағат
Тіл- ұлттық сананың шыныайы көрінісі
Тілге құрмет -елге құрмет. «Ана тілі» газеті
Қазақ тілі- ұлттық рухтың көрсеткіші
Білімнің кілті- тілде
«Мен елімнің - патриотымын » қорытынды сабақ
«Сөз мәдениеті» элективтік курсының күнтізбелік жоспары
барлығы : 34 сағат, аптасына 1 сағат
№ Сағ.
реті Мазмұны
Сағ
сан Күні \айы
I Сөз мәдениеті және шешендік 5 1 1 Шешендік өнердің тарихы 1 2 2 Сократ пен Платон. Сөздің адам жанына әсері 1 3 3 Орыс шешентанушылардың қосқан үлесі 1 4 4 Қазақтың атақты би шешендері. «Аңыз адам»журналы. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би 1 5 5 Қазіргі замандағы шешендік өнер 1 II Адамды қалыптастыру 8 6 6 Сәлем - сөздің атасы 1 7 7 Амандасу салты. «Қазақтың салттары» 1 8 8 Ырым- тыйымның түп негізі -тәрбие 1 9 9 М.Әуезовтың «Абай жолы»романындағы адам образдары 1 10 10 Көпшілік алдындағы сөз құрылымы 1 11 11 «Тәрбие отбасынан басталады» шығарма жазу 1 12 12 Қоштасу түрлері 1 13 13 Әдеби тіл үлгілері 1 III Мәдени мұра 6 14 14 «Абай жолы»романындағы қазақтың салт -дәстүрлері. 1 15 15 «Қыз өссе -елдің көркі» «Ақ білек» романы 1 16 16 Түркі тілдес халықтарының салттарының ұштастығы. «Әлем әдебиеті» 1 17 17 «Әр елдің салты басқа ...» 1 18 18 Атаның сөзі -ақылдың көзі. Ұлағат сөздер
«Әдеп» оқулығы 1 19 19 Наным сенімдер. «Қазақтың салт -дәстүрлері» 1 IV Стиль түрлері 10 20 20-21 Көркем әдеби стилі «Көшпенділер»І.Есенберлин 2 21 22-23 Ауызекі сөйлеу стилі. Б.Майлин «Ыбыраймыз,…» 2 22 24-25 Ресми іс -қсғаздар стилі 2 23 26-27 Ресми іс -қағаздар түрлері 2 24 28-29 Публистикалық стиль 2 V Ана тілі арың бұл 5 25 30 Тіл- ұлттық сананың шыныайы көрінісі 1 26 21 Тілге құрмет- елге құрмет. «Ана тілі» газеті 1 27 32 Қазақ тілі -ұлттық рухтың көрсеткіші 1 28 33 Білімнің кілті- тілде 1 29 34 «Мен елімнің - патриотымын » қорытынды сабақ 1 Қолданатын технологияларым :
Ақпараттық технологиялар; Ізденіс технологиялары; Сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданамын.
Қазіргі замандағы шешендік өнер
Бұл педагогикалық технологиялардың маңыздылығы:
Білімгер жоғары деңгейде меңгереді, дамиды, ізденеді.
Білімнің теориялық, жариялық, әділдік қағидалары сақталады.
Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы өзгереді.
Білімгердің танымдық, интелектуалдық қабілеттері дамиды.
Өзіндік көзқарасы қалыптасып, тыңдай, сыйлай білу мәдениеті артады.
Оқыту технологиясының маңызды сипаттары:
а) нәтижелілік ( оқушы жетістігінің жоғары деңгейі),
ә)үнемділік (көлемді оқу материалын меңгеруге аз уақыт жұмсау ),
б) эргономикалы ( оқыту ынтымақтастық жағдайында өтеді, шаршатпай, тым артық жүктеме берілмей, жағымды микроклимат туғыза отырып, жүргізіледі),
в) пәнді оқыту барысындағы жоғары мотивация тіл үйренушінің сабаққа қызығушылығын арттырады, жеке сапаларын жетілдіреді, мүмкіндіктерін ашады)
Курстың осындай стратегиялары бар:
1) өз оқуыңды ұйымдастыр;
2) шығармашылық қабілетіңді көрсет;
3) өз қатеңнен үйрен;
4) сенімсіздікті жеңе біл;
5) жеке мүмкіндіктеріңді көрсет;
Қорытынды:
Тіл – ұлттың жаны.
Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, өзге тілді сүйе алмайсың.
Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.
Яғни, еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының "Мен" менталитетін қалыптастыру.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақ тілі оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық –гумманитарлық бағыты 11-сыныбына арналған бағдарламасы. Астана, 2010.
Адамбаева Б. Қазақтың шешендік сөздері. Алмата, «Ана тілі». 2006. -160 бет
Дадан Е.Ш. Шешендік өнер. Алдыраспан. Алдыраспан. 2003. №3
Қашқынбайұлы Ш. Қазақтің ұлттық шешендік өнері. Ұлағат. Ұлағат. 2005. №5
Қазақтың салт дәстүрлері. - Алматы: «Алматы кітап» ААҚ, 2004 -284 бет