Элективті курс ба?дарламасы ?ызы?ты зоология
Астана қаласы
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі
«Қызықты зоология»
бағдарламасы
2016-2017 оқу жылы
7 сыныпқа арналған курс бағдарламасының тақырыбы:
«Қызықты зоология»
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат,оқу жылында 34 сағат
Түсінік хат.
Қызықты зоология курсы оқушылардың жануарлар әлемі туралы білімін кеңейте отырып тереңдетуге бағытталған. Курс барысында оқушылар жануарлардың қоршаған ортаға қалай бейімделетіні, олардың қоршаған ортаны сақтап қалудағы ролі, табиғаттағы тепе теңдік туралы білетін болады. Оқушылар жануарлар әлемінің қыр-сырымен таныса отырып, шаруашылықтағы маңызына көз жеткізеді.
Бұл курсты меңгеруге арналған білім стандарты жоқ болғандықтан, оқу бағдарламасы «Жануартану» пәнін меңгеру негізінде жасалды. Курс жануарлардың мінез- құлқын жүйелі түрде зерттеуді мақсат етеді.
Бағдарламаны игеру барысында оқушылар қосымша әдебиеттермен, интернет мәліметтерімен, т.б ақпарат құралдарымен танысады және олардың бағдарламаны игерудегі белсенділігі олардың ізденуінен, викториналық сұрақтарға, олимпиадаларға , әртүрлі конкурстарға қатысуынан көрінеді.
Сонымен қатар оқушылар мамандықты саналы түрде таңдайтын болады.
Курсты меңгерудің негізгі негізгі формасы- теориялық білім , практикум, әңгіме, лекция, топтық , жұптық, жеке жұмыстар. Оқушылардың алған білімдерін бектітіп, тереңдету және дүниетанымын кеңейту үшін экскурсиялар ұйымдастырылады.
Курстың мақсаты:
Оқушыларды жануарларды және табиғатты зерттеуге қызығуын қалыптастыру
Мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету.
Жануарлар әлемін тұтас құрылым ретінде зерттеу
Жануарлар әлемін зерттеу барысында бақылаулар мен эксперименттерге сүйену.
Жалпыэтологиялық теорияны біле отырып жануарлардың мінез –құлқын анықтау
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу
Оқушылардың экологиялық көзқарасының қалыптасуын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Жануарлар әлеміндегі оқулықта жоқ мәліметтермен кеңінен танысып, дүниетаным көкжиегін кеңейткен, пәнге деген қызығушылығы жоғары деңгейдегі , алған білімін өмірде қолдануға бейімделген тұлға
Оқушы білуі тиіс:
-Жануарлар әлемінің жіктелуін;
-Жануарлардың тіршілік әрекетін
-Жануарлардың маңызы мен оларды қорғауды ;
Оқушылар жасай алуы тиіс:
-Шығармашылық жұмысты өздігінен жасай алу;
-Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу;
-Алған ақпаратты талдай білу және қорытынды жасай білу;
-Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
Қызықты зоология курсы 7 сыныпта 34 сағатқа арналып жасалған.
Курс сынақ алумен аяқталады. Оқушылар сынақ тапсыру барысында жыл бойы зерттеген жұмыстарын тапсырады.
Курстың мазмұны:
1тарау. Қоршаған орта және олардың тіршілік иелері 2 сағат.
Ауада, суда, топырақта, жер астында тіршілік ететін тірі ағзалар.
Жануарлардың қоршаған ортасына бейімделуі
2 тарау.Жануарлар әлеміндегі алыптар мен ергежейлілер; 2 сағат
Мұхит алыптары /акула мен скаттар/, құрлық алыптары /піл, мүйізтұмсық, аюлар/ Қарапайымдар
3 тарау.Сауытты жануарлар. 2 сағат
Тасбақалар, жыландар кесірткелер, балықтар. Жануарлардың жасырынғыш жабыны, Сауыттың беріктігі мен әлсіздігі.
5тарау.Улы жануарлар 4сағат.
Удың қасиеттері, Улы бездің орналасуы. Улы медузалар, аралар, соналар, өрмекшілер, қосмекенділер мен жыландар. Улы жәндік шаққандағы алғашқы көмек.
6 тарау.Құрылысшы жануарлар. 2 сағат
Су кәмшатының тіршілігі, олардың құрылысы, құрылысқа пайдаланатын материалдары. Өрмекшілер, аралар, құстар - керемет құрылысшылар.
7 тарау.Ұрпағына қамқорлық. 2 сағат
Ұрпағына қамқорлық жасайтын жануарлар. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын жануарлар. Жануарлардың ұрпағына қамқорлық жасау себептері.
8 тарау.Жануарлардың тілі. 2
Аралардың биі, жарқанаттардың, дельфиндердің ультрадыбыспен қозғалуы, құстардың сайрауы, Химиялық тіл және оларды танып білу
9 тарау.Жануарлар этологиясы
Қозғалыс- мінездің қарапайым формасы. 2 сағат
Өсімдіктердің қозғалысы мен жануарлар қозғалысы арасындағы айырмашылық. Тропизм деген не? Фототаксис деген не? Геотропизм деген не? Реотропизм. Хемотропизм. Термотропизм.
10 тарау Инсайт 2 сағат
Мінез- құлықтың үш түрі. Мінез -құлықтың себептері. Релизер. Импринтинг деген не? Ойын арқылы таным. Еліктеу және оның түрлері. Инсайт. Жануарлардың түйсігі. Туа біткен мінез –құлық. Кейіннен пайда болған мінез- құлық. Рефлекс. Стереотиптік мінез –құлық. Стимул. Хабитуация.
11тарау.Иерархия және өз алаңын қорғау 2 сағат
Белсенділік. Айбат шегу. Иерархия . Көнбіс мінез- құлық. Территория үшін күрес
12 тарау.Күйек кезеңі 3 сағат
Әртүрлі омыртқасыз жануарлардың /көбелектер, өрмекшілер, құршаяндар, таракандар/ «неке биі». Құстардың «неке биі». Құстардың неке сыйлығы. Циклид балығының неке рәсімі. Моногамия. Полигамия. Полигиния Омыртқалылардың «Неке рәсімі».
/дельфин, киттер,қояндар,/
13 тарау. Жануарлар әлеміндегі иістер 3 сағат
Жануарлардың иіс сезу мүшелері- ең басты сезім мүшесі. Феромондардың атқаратын қызметі. Жыныс феромондары. Қорғаныс заттары- аминондар. Олардың бунақденелілердің , өрмекшілердің балықтардың сүтқоректілердің тіршілігіндегі ролі.
14 тарау.Мінез –құлық механизмі 1 сағат
Хеморецепторлар туралы ұғым. Хеморецепторлардың түрлері. Терморецепторлар және олардың дене температурасын ұстаудағы ролі. Механорецепторлар және есту. Көру мүшесі. Сезім мүшелерінің жануарлар тіршілігіндегі ролі.
15 тарау. Жануарлардың күрделі мінез- құлқы 2 сағат
Күрделі мінез –құлық туралы түсінік. Баларасының, құмырсқаның күрделі мінез- құлқы. Әлеуметтік мінез –құлық және оның жануар тіршілігіндегі ролі. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың әлеуметтік мінез –құлқы. Социобиология
Жануарлар мемлекеттік нышандары 1 сағат
Оқушылардың шығармашылық жобасын қорғау 1 сағат
Жылдық қорытынды 1 сағат.
Тақырыптық жоспар.
№ Тақырып Сағат саны
Қоршаған орта және олардың тіршілік иелері 2
1
Ауада тіршілік ететін жануарлар.Суда тіршілік ететін жануарлар 1
2
Топырақта тіршілік ететін жануарлар.Жер астында тіршілік ететін жануарлар 1
Жануарлар әлеміндегі алыптар мен ергежейлілер; 2
1 Мұхит алыптары: киттер мен дельфиндер.
Құрлық алыптары: піл, мүйізтұмсық, аю 1
2 Қарапайымдар және олардың кейбір түрлері
Қарапайымдардың ролі 1
Сауытты жануарлар. 2
1
Хитинді жануарлар.Тасбақалар, жыландардың сыртқы жабыны 1
2 Кесірткелер мен балықтардың сыртқы жабыны
Жануарлардың жасырынғыш жабыны, Сауыттың беріктігі мен әлсіздігі. 1
Улы жануарлар 4
1
Жануарлардағы удың қасиеттері
Жануарлардағы улы бездердің орналасуы
Улы медузалар, аралар, соналар, өрмекшілер 1
2 Улы жыландар , қосмекенділер мен кесірткелер 1
3. Улы жәндік шаққандағы алғашқы көмек. 1
4. Ителектуалдық ойын «Бәрін білгім келеді» 1
Құрылысшы жануарлар. 2
1 Су кәмшатының тіршілігі, олардың құрылысы, құрылысқа пайдаланатын материалдары. 1
2 Құстар - керемет құрылысшылар. 1
Ұрпағына қамқорлық. 2
1 Ұрпағына қамқорлық жасайтын жануарлар 1
2
Ұрпағына қамқорлық жасамайтын жануарлар
Жануарлардың ұрпағына қамқорлық жасау себептері. 1
Жануарлардың тілі 2
1 Аралардың биі, жарқанаттардың, дельфиндердің ультрадыбыспен қозғалуы, құстардың сайрауы 1
2 Химиялық тіл және оларды танып білу 1
Жануарлар этологиясы Қозғалыс- мінездің қарапайым формасы. 2
1 Таксис. Фототропизм Геотропизм, Реотропизм, Хемотропизм, Термотропизм 1
2 Интнллектуальдық ойын ХХI ғасыр көшбасшысы 1
Инсайт 2
1
Мінез -құлықтың себептері. Релизер
Импринтинг
Еліктеу және оның түрлері 1
2 Инсайт. Жануарлардың түйсігі. Туа біткен мінез –құлық. Кейіннен пайда болған мінез- құлық.
Рефлекс. Стереотиптік мінез –құлық. Стимул. Хабитуация. 1
Иерархия және өз алаңын қорғау 2
1
Жануарлардың айбат шегуі
Жануарлардың белсенділігі
Иерархия
Көнбіс мінез –құлық 1
2 Территория үшін күрес 1
Күйек кезеңі 3
1
Әртүрлі омыртқасыз жануарлардың /көбелектер, өрмекшілер, құршаяндар, таракандар/ «неке биі».
Құстардың «неке биі». Құстардың неке сыйлығы. 1
2 Балықтардың «неке рәсімі» Циклид балығы 1
3 Моногамия. Полигамия. Полигиния 1
Жануарлар әлеміндегі иістер 3
1
Жануарлардың иіс сезу мүшелері- ең басты сезім мүшесі. Феромондардың атқаратын қызметі.
Жыныс феромондары.Эпагондар 1
2 Этофиондар-мінез құлық феромоны. Ксеноблаптон- паразиттер феромоны 1
3 Интеллектуальдық ойын «Озық оқушы» 1
Мінез –құлық механизмі 1
1
Хеморецепторлар туралы ұғым. Хеморецепторлардың түрлері. Терморецепторлар және олардың дене температурасын ұстаудағы ролі.Механорецепторлар және есту 1
Жануарлардың күрделі мінез- құлқы 2
1
Күрделі мінез –құлық туралы түсінік. Баларасының мінез құлқы Құмырсқа тіршілігіндегі ғажайыптар 1
2 Әлеуметтік мінез –құлық және оның жануар тіршілігіндегі ролі.
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың әлеуметтік мінез –құлқы. 1
Жануарлар мемлекеттік нышандарда. 1
1 Жануарларды әртүрлі елдердің , қалалардың мемлекеттік нышандарында бейнелеу. 1
2 Оқушылардың шығармашылық жобасын қорғауы 1
3 Жылдық қорытынды қайталау 1
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Авилова К. В. Позвоночные животные, изучение их в школе: Птицы. Книга для учителя – М.: Просвещение, 1983. – 160 С., ил.2 Айрапетьянц Э. Ш., Константинов А. И. Эхолокация в природе. – Л.: Наука, 1970.3 Акимушкин И.И. Проблемы этологии. – М.: Мол. гвардия, 1985. – 191 с, ил.4 Алексеев В. А. 300 вопросов и ответов о насекомых. – Ярославль: Академия развития, 1998.5 Алексеев В.А.– 300 вопросов и ответов о животных. – Ярославль; Академия развития, 1998.6 Анашкина Е. И. 300 вопросов и ответов о птицах. – Ярославль: Академия развития, 1998.7 Бертон Р. Чувства животных. – М.: Мир, 1972.8 Биоакустика. – М.: Высшая школа, 1975.9 Брэм А. Э. Жизнь животных. В 3–х т. – М.: Терра, 1992.10 Дмитриев Ю. Д. Соседи по планете. – М.: Олимп, 1997. – 288 с, ил.11 Дольник В. Р. Непослушное дитя биосферы: Беседы о человеке в компании птиц и зверей. –М.: Педагогика–Пресс, 1994. – 208 с, ил.12. Животные. – Смоленск: Русич, 2000. – 128 с.13. Жизнь животных. В 7–ми т. / Гл. ред. В. Е. Соколов. – перераб. – М.: Просвещение, 1986. – 527 с, 32 л. ил.14. Калабухов Н. И. Спячка животных. – М.; Советская наука, 1946.15. Кемп П., Армс К. Введение в биологию: Пер. с англ. – М.: Мир, 1988. – 671 с., ил.16. Мак–Фарленд Д. Поведение животных: Психобиология, этология и эволюция: Пер. с англ. – М.: Мир, 1988. – 520 с, ил.17. Мосияш С. С. Летающие ночью: Научно–популярный очерк о рукокрылых. –М.: Знание, 1985. – 160 с.18. Панов Е. Н. Этология – ее истоки, становление и место в исследовании поведения. – М., 1975.19. Поведение животных. – Смоленск: Русич, 1998.20. Поправке С. С. Пчела на цветке. – М.: Агропроиздат, 1989. – 351 с: ил.