Жасыл эвглена – жануарлар мен ?сімдіктерге т?н белгілерді? ?атарынан екеуін де біріктірген ?арапайым ж?ндік.


Сабақтың тақырыбы: Жасыл эвглена – жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік.Сабақтың мақсаты: Оқушылар жасыл эвглена туралы оқиды, топта жұмыс жасап, мәтінді талдайды, қорытындылайды, формативті бағалайды.Сабақта қолданылатын әдіс - тәсіл: тест, ЖИГСО 1, 5 жолды өлең, венн диаграммасыСабақта қолданылатын технология: СТОСабақ типі: араласІ. Ұйымдастыру кезеңі(Сәлемдесу. Біржасушалылардың суреті бойынша топқа бөлу.)І топ Амеба ІІ топ Эвглена ІІІ топ кірпікшелі кебісшеӘр топтың басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Амебалар. Қарапайым амеба. Тақырыбы бойынша үйге шағын шығарма, өлең жолдары мен суреттерін салып келу тапсырылған.Тест тапсырмалары арқылы үй жұмысын бекіту.1. Біржасушалы жалғанаяқты жәндікА) эвгленаВ) амебаС) кірпікшелі кебісше2. Қарапайымдылардың неше мыңға жуық түрі белгіліА) 25 000 – 70 000В) 30 000 – 40 000С) 15 000 - 20 0003. Циста дегеніміз не?А) цитоплазмаВ) ұяС) қаптама4. Амебаша қозғалатын біржасушалылардың екінші атауыА) гидралыларВ) тамыраяқтыларС) табақшатәріздестер5. «Амеба» сөзін гректің тілінен аударғанда, қазақша баламасын тапА) «өзгергіш»В) «ұқсастық»С) «тасымалдау»6. Амеба жалғанаяқтары арқылы не істейді?А) секіреді, билейдіВ) өседіС) қозғалады, қорегін қармайды7. Амеба немен тыныс алады?А) ауадағы оттегімен (О2)В) суда еріген оттегімен (О2)С) суда еріген көмірқышқыл газымен (СО2)8. Амеба денесінің екіге тең бөлініп, көбеюі қалай аталады?А) спора арқылы көбеюВ) жынысты көбеюС) жыныссыз көбею9. Қандай жағдайда амеба циста түзеді?А) қолайсызВ) қолайлыС) дұрыс жауап жоқ10. Амеба немен қоректенеді?А) бунақденелілерменВ) ұсақ балдырлар, бактерияларменС) балықтарменБағалау9 - 10 дұрыс жауапқа – «5»7 - 8 дұрыс жауапқа – «4»5 - 6 дұрыс жауапқа – «3»5 - тен төмен – «2»Жауап кілті1 2 3 4 5 6 7 8 9 10В А С В А С С С А ВСергіту сәті. Амеба ойыны.ІІІ. Жаңа сабақҚызығушылығын ояту кезеңі.Жұмбақ шешу.Күндіз қоректенгенде зат жинайды денеге,Түнде қоректенгенде заттар жейді ол неге?Өсімдік пе, жәндік пе?Айтшы мұнда не сыр бар?Бір жасушалы талшықтыБұл қай жәндік балалар?(Жасыл эвглена)Бейне көрсетілім. Эвглена.Әр топ оқушысын сандар бойынша бөлу 1, 2, 3, 4, 5.Мағынаны ажырату кезеңі.Мәтінмен жұмыс.Топ мүшелері сан номері бойынша ауысып, берілген тапсырмаларды оқиды. Оқып болғаннан соң, қайта топтарына оралып бір - біріне кезектесіп мазмұндайды.№1 Талшықтылар класы, жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы туралы оқиды.№2 Эвгленаның қоректенуі туралы оқиды.№3 Эвгленаның тыныс алуы және зәр шығаруы. Жарықты сезуі туралы оқиды. №4 Эвгленаның көбеюі туралы оқиды.№5 Эвгленаның циста түзуі туралы оқиды.3 топ бір - біріне 2 сұрақтан дайындайды. Сұқ саусақ стратегиясы арқылы топтар сұрақтарға жауап қайтарады. Формативті бағалайды.ІV. Сабақты бекітуБІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ. Дарынды оқушымен жұмыс. Әр топ постер жасап, қорғайды.Ой толғаныс кезеңі.5 жолды өлең және венн диаграммасы, суретпен жұмыс жаса.5 жолды өлең құрастыру.1. Зат есім. Кім?2. Сын есім. Қандай?3. Етістік. Не істейді?4. 4 сөзден құралған сөйлем.5. Балама сөз.Суреттерге қарай отырып қандай организмдер екендігін анықта. Олардың аттары мен дене бөліктерін жаз.Ү. Бүгінгі сабақтан болашаққа қандай азық алдыңдар?Не ұнады? Не ұнамады? Стикерлерге жазады.Бағалау. Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларын бағалайдыҮйге:1. Эвгленаның құрылысын макет түрін жасау.2. 5 сұрақтан тұратын тест.3. 5 тақырыпты қайталау. 20 беттегі сұрақтарға жауап жазу.