Презентация по географии на тему Африканы? ?зендері мен к?лдері


Сабақтың тақырыбы: Африканың өзендері мен көлдеріСынып: 7 «а», «ә», «б», «г»
Мерзімі:
Сабақ мақсаты:Африканың өзендері мен көлдері, олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдары: оқулық, дәптер, карта, кескін карта
Әдіс-тәсілдер:жеке, жұппен жұмыс
Оқыту нәтижесі: Африканың өзендері мен көлдерімен танысады
Сабақ кезеңдеріУақытМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардыңіс-әрекетіКіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі7 мин Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.Үй тапсырмасын тексеру .Африканың климаттық белдеулері Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен, сыныппен амандасады. Үй тапсырмасына жауап береді
Тұсаукесер.
Теория бойынша « Білу»
(тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) 5 мин 1.Африка өзендері қандай алапқа жатады?
-Атлант мұхиты алабы:
- Үнді мұхит алабы
-Ішкі тұйық алап
Ірі өзендеріне Ніл, Конго (Зайр), Нигер, Замбези
Ірі көлдері :Танганика,Виктория, Чад Аталған өзендер иен көлдерді картадан тауып отырады.
Негізгі бөлім
Теория бойынша « Түсіну»
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады) 5 мин 1.Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап көп бөлікті қамтиды?
2. Материктегі өзен торларына жер бедері қалай әсер етеді?
3.Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған? Оқушылар сұрақтарға жауап береді?
1Себебі материк тым құрғақ
2.Жер бедерінің шығысқа қарай көтеріңкі болуынан көптеген сарқырамалар кездеседі.
3Африканың ірі көлдері Ұлы Шығыс Африка жарылыстарының бойында жатыр
Теория бойынша « Талдау»
1.Салыстыр
2.Айырмашылығы неде?
3.Ұқсастығы неде?
Венн диаграммасы арқылы қамту
Тірек-сызба арқылы 15 мин Атлант мұхиты алабына құятын өзендер:Нигер,Конго Заир
Үнді мұхиты алабына :Замбези
Үшкі тұйық алапқа : Ніл өзені Ніл – жер шарындағы ең ұзын өзен.
Конго (Зайр) – Африканың ең суы мол өзені.
Танганика – ең тереңі,тереңдігі 1435 м
Виктория – ең үлкен көл.
Чад – суы таяз, тереңдігі 4-7 м, суы тұзды.
Теория бойынша « Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны құрастыру тапсырмалары оқушының басты идеясына жазған жауабына қойылады) 10 мин «Сандар сөйлейді»
6671 км - Ніл өзенінің ұзындығы.
933 м - Тугела сарқырамасының биіктігі.
68 мың км2 - Виктория көлінің ауданы.
1/3 - Ішкі тұйық алапқа жатады.
1435 м - Танганика көлінің тереңдігі.
4-7 м - Чад көлінің тереңдігі.
4320 км - Конго өзенінің ұзындығы.
120 м - Виктория сарқырамасының биіктігі.
Тақтада көрсетілген сандар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды
Практика бойынша:
«Қолдану»
5 мин Кескін картаға ірі көлдер мен өзендерді, сарқырамаларды түсіру
Кескін картамен жұмыс жасайды.
Бағалау 2 мин Жауап берген оқушыларды бағалау Бағаны күнделікке қойдырады
Үй тапсырмасы: 1 мин Өзендері мен көлдері Тапсырманы күнделікке жазып алады