Еуразия материгіні? хал?ы мен елдері
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің халқы мен елдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Еуразия материгінің халқы мен елдерінің әлемдік өркениетте алатын орны мен маңызы жөнінде білім беру
2. Оқушының ойлау қабілеті, сөздік қоры, өзін өзі басқара білуі, ойын жүйелей алуына, жинақылыққа баулу арқылы сыныптағы білім сапасын 63% жеткізу.
Сабақтың әдісі: БжС технологиясы (ауызша сабақ-1 картасы).
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, технологиялық карта
Пәнаралық байланыс: биология, экология, математика
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі: (5мин).Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз Б ж С технологиясының негізінде « Ауызша сабақ – технологиялық картасы» арқылы өтеді. Тақтада сіздердің орындарыңыз белгіленген «матрица» кестесі берілген. Сабағымызды бастау үшін сынып лидері Алишерге сөз берейік:
Құрметті оқушылар! бүгінгі сабақта БиС технологиясы бойынша өз білімімізді көрсетіп, бәріміз бірге қатысып, 63% сапа көрсетуге дайынбыз ба?!(бәрі бірге қосылып «иә» деп жауап береді).
II кезең:
Б и С технологиясы дегеніміз – Биоақпараттық және синергетикалық әдіс. Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Еуразия материгінің халқы мен елдері»
Дүние жүзінің физикалық картасы арқылы жаңа сабақтың қысқаша жоспарымен таныстырамын.
Еуразия материгінің халқы мен елдері жайлы білесіңдер.Жер бетіндегі территориясы ең үлкен ел Ресей;
Халқы саны жөнінен бірінші орын алатын Қытай мемлекеті туралы;
Экономикасы жақсы дамыған Жапония мемлекеті жайлы;
ТМД елдерінің алып жатқан аумағы туралы білетін боламыз№1 тапсырма . Өткен сабақты қайталау:(5мин),(1сұрақ-3сек)
1) Еуразияда қандай табиғат зонасы кездеседі? (Солт.жарты шарға тән барлық табиғат зоналары).
2) Материктің көп бөлігінде табиғат зоналары қай бағытқа қарай созыла орналасқан?(Ендік бағытқа сәйкес батыстан шығысқа қарай).
3) Арктикалық шөл зонасының жазы қандай? (Өте суық және қысқа).
4) Тундра мен орманды тундра зонасы қай климаттық белдеуде орналасқан?(Субарктикалық белдеуде).
5)Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ағаштар өсетін ең ірі табиғат зонасын ата.(Тайга).
6) Тайганың топырағы қандай?(күлгін).
7) Орманды дала және дала зонасында қандай өсімдіктер өседі?(Қайың,көктерек,емен,үйеңкі,селеу,бетеге,бидайық.т.б).
8) Орманды дала және дала зонасында қандай жануарлар мекендейді?(Қасқыр,қарсақ,түлкі,саршұнақ,дала күзені,дала тышқандары,т.б).
9)Шөлдерге қандай топырақ түрі тән?(сұр-қоңыр топырақ).
10) Хамадалар деген не?(Гоби жеріне тән тасты шөлдер).
11) Шөлдегі шұраттар қай жерлерде кездеседі?(Жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан жерлерде).
12)Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасында қандай топырақ таралған?(Қоңыр топырақ).
13) Тропиктік шөл зонасы қай жерлерді алып жатыр?(Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін).
14) Уәд деген не?(Кеуіп қалған өзен арналары).
15) таулардағы биік бөліктерінде қатал климат жағдайына бейімделген жануарларды ата.Қар барысы,қодас,аю,арқар,ерекше құс-ұлар.
Құтқарушы сұрақтар:
16)Терая дегеніміз не? Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу.
17) 4500-5000 метр биіктіктен не басталады? Мәңгі қар мен мұз белдеуі.
18)Байкал мемлекттік қорығында қандай жануарлар қорғауға алынған?
Байкал итбалығы,(нерпа),шабақтары тірі туылатын голомянка балығы.
Матрицада №1 бағалау+
№2 тапсырма Қабылдауды ұйымдастыру.(5мин).Тақтаға «кілтті сөздер» тақырыптың негізгі ұғымдары жазылады. Оқушыларға 1минутта( 7,14,21 сөз) жаттау және жазу ұсынылады.Оқушылар бірін-бірі тексереді, нормаға сай болса .
Тірек сөздер: 1) Халқы. 2)Халық саны көп. 3)Оңтүстік-Шығыс Азия. 4)Еуропалық бөлік. 5)Нәсілдер. 6)Ұлттық құрамы. 7)Тілдік құрамы.:7сөз- (30сек),(63% болса жалғастыру).
2) 1) Халқы.2)Халық саны көп.3)Оңтүстік-Шығыс Азия.4)Еуропалық бөлік.5)Нәсілдер.6)Ұлттық құрамы.7)Тілдік құрамы.8)Діни құрамы.9)Әлемдік діндер.10)Жеті керемет.11)Ғылымның негізі.12)Көлемі үлкен елдер.13)Егемен елдер.14)Мемлекттік құрылымы.:14сөз-(1 мин.15сек.), (63% болса жалғастыру).
3)(21сөз-2мин.30 сек)(Слайдқа).Оқушылар бір-бірін тексереді.
Матрицада №2 бағалау +
№3 тапсырма. Ұғынуды ұйымдастыру. (12мин) Оқулықпен жұмыстану (3минут 1 бет мәтінге: 15минут) уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім барлық оқушыға 1-ден қиылыс сұрақтар қоямын.
Қиылыс сұрақтар қою.
1) Еуразия материгінде қанша халық тұрады? (4 млрд-тан астам).
2) Еуразия халқы Жер шары халқының қанша бөлігін құрайды? 3/4.
3) Халық саны әсіресе қай аймақтарда көптеп өсуде? (Оңт-Шығыс Азияда).
4) Еуразияда қандай нәсілдер мекендейді? (Барлық нәсілдер).
5) Еуразия халқы тілдік құрамына қарай қалай бөлінеді?(Алуан түрлі).
6) Қазақтар қай тіл тобына жатады?(Түркі тіл тобына).
7) Түркі тілдес тілдер тобына қандай тілдер жатады?(Түріктер,қазақтар,өзбектер,қырғыздар,татарлар,т.б).
8) Славян тіл тобына қай тілдер жатады?(Орыстар,украиндар,белорустар,чехтар,словактар,поляктар,т.б)ү
9) Еуразия халқы қандай діндерді ұстанады?(Әлемдік діндерді де,ұлттық діндерді де ұстанады).
10) Әлемдік діндерге қандай діндер жатады?(Ислам,христиан,буддизм).
11) Еуразияда қанша егемен ел бар? (90-ға жуық).
12) Материкте жер көлемі ең үлкен елдерді ата? (Ресей,Қытай,Үндістан,Қазақстан,Сауд Арабиясы).
13) Мемлекеттік құрылымына қарай елдер қалай бөлінеді? (Республикалық,монархиялық).
14) Біздің елімізде мемлекеттік құрылым басқарудың қандай түріне жатады?
(Парламентті республикалы ел)
15) Еуразия елдерін дамуына қарай қалай жіктейміз?(Жоғары дәрежедегі,орташа дамыған,дамушы елдер).
Құтқарушы сұрақтар:
16) Еуразиядағы аса дамыған елдерді атаңыз?(Ұлыбритания,Германия,Жапония,Франция,Италия).
17) Азия айдаһарлары аталатын мемлекеттерді ата.(Оңт.Корея,Сингапур,Тайвань).
18) Біздің еліміз қандай ел?(Унитарлы ел).
1-15 сұрақтар қою.
Матрицада №3 бағалау.
№4 тапсырма. Сыни тұрғыдан сұрақ қою. (5мин) (СТО келісемін,келіспеймін).
1)Еуразия материгінде 5 млрд-тан астам халық тұрады.-
2)Еуразия халқы Жер шары халқының 2/5 бөлігін құрайды.-
3) Халық саны әсіресе Оңт-Шығыс Азияда көптеп өсуде.+
4) Халқының саны ең көп мемлекеттер-Ресей,Қазақстан,Қытай.
5) Еуразияда еуропоидтық және моңғолоидтық нәсілдер мекендейді.-
6) Еуразия халқының ұлттық құрамы алуан түрлі.+
7) Еуразия халқы тілдік құрамына қарай бөлінбейді.-
8) Қазақтар славян тіл тобына жатады.-
9)Түркі тілдес тілдер тобына қазақ,түрік,өзбек,қырғыз,татар тілдері жатады.+
10) Еуразия халқы әлемдік діндерді ғана ұстанады.-
11) Әлемдік діндерге ислам,христиан,буддизм діндері жатады.+
12) Ежелгі Грекия,Византия,Месопотамия-ғылымның негізі қаланған аймақтар.+
13) Еуразияда 120-ға жуық егемен ел бар.-
14) Еуразия материгіндегі жер көлемі ең үлкен елдер-Ресей,Қазақстан,Үндістан,Сауд Арабиясы.+
15) Мемлекттік құрылымына қарай елдер республикалық,социалистік болып бөлінеді.-
Құтқарушы сұрақтар:
16) Славян тіл тобына ағылшын,неміс,норвег тілдері жатады.-
17) Еуразия материгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет.+
18) ТМД елдеріне бұрынғы Кеңес Одағына кірген 15 республика кіреді.-
Матрицада №4 бағалау.
№5 тапсырма Тақырыптық сөз қоры. (5мин). Бүгінгі өткен жаңа тақырыпты қорытындылап, тірек сөздер арқылы, эссе түрінде жазамыз. (7-11 сыныптар сөздік қор нормативі- 63сөз), (5мин.)
Тірек сөздер: ) Халқы. 2)Халық саны көп. 3)Оңтүстік-Шығыс Азия. 4)Еуропалық бөлік. 5)Нәсілдер. 6)Ұлттық құрамы. 7)Тілдік құрамы.
Қорытынды: (5мин)Оқушылар жазған шығармаларын оқып ең төмен және ең жоғары ұпай жинағандар оқиды, тақырыптық сөздік қорын санайды. Норма 63-100 сөздің аралығын көрсетеді. Матрицада №5 бағалау.
Балалардың ойларын тыңдаған соң, (кері байланыс 2 оқушы)тақырыпты өзім түйіндеймін. (3мин).Үйге жұмыс.(1 мемлекетке жоспар бойынша сипаттама)
Матрицадағы бағалауды есептеп,қорытындылау.