С.Торай?ыров «Кедей» (ашы? саба?)
Күні: Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 3 Тақырыбы: С.Торайғыров «Кедей»
Сабақтың мақсаты: С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу, меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу, топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Отанын сүюге, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АКТ, аудио видео, маркер, плакат,
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру
1.Психологиялық дайындық.
Мен атқан таңды сүйемін,
Шуағын шашқан күнді сүйемін,
Аялаған табиғатты сүйемін,
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
I топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
II топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесін І бөлімі бойынша әңгімелеу.
III топ: ІІ бөлімін сурет бойынша әңгімелеу.
3. Қызығушылықты ояту.
Қазақ халқының аштыққа душар болу себептері туралы не айта аласыңдар?
4. Ой қозғау
Халық басына түскен ашаршылықты бір отбасының тағдыры арқылы аша білген Б.Майлин:
Жырлағаным –кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі, -дейді.
Бұл өлеңде қай сөз қайталанып тұр?
Кедей
Топтастыру «Кедей»
Бүгін біз, С.Торайғыров «Кедей» поэмасынан алынған үзінді өлеңмен танысамыз.
(Өмірінен қысқаша мағлұмат, таспадан тыңдалалып, қөрсетіледі)
Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті тұлға, Абай атамыздың дәстүрін жалғастырған ақын Cұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының Уалиханов ауданында дүниеге келеді. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады.
Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады. Жасөспірімдік шағын есептемегенде небәрі 10 жылдың ішінде кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды. Ол өз өлеңдерінде адам болудың , оқу -білімнің құндылығын арқау етті .
Өлеңдері Поэмалары Романдары
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»,«Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б «Адасқан өмір»,
«Кедей»,
«Айтыс»,
«Қайғы», «Қамар сұлу»,
«Кім жазықты?»
«Ауырмай есімнен жаңылғаным»
5. Мағынаны тану.
1.Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру
Кедей
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген
Қараңғы, ит пен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнгенҰзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа.
«Кедей» өлеңінің негізгі идеясы -қазақ кедейінің сыры мен мұңы. Онда да лирикалық кейіпкер өз басынан кешкен өмір өткелдерін әңгімелеп, өз бақытын таба алмай қиналады. Ауыл кедейінің тағдырына әсер етіп жатқан әділетсіздіктің көріністерін ақын жан-жақты ашып суреттейді. Ол бай малын бағып, жалшылықта, қорлықта өткен өмір сүрді. Мұның бәрін ақын нақты сурет арқылы ашады. Кедей тағдыры, өмір қайшылықтары жайлы ой толғайды.
6. Оқулықпен жұмыс.
Іштей оқу, жалғастыра оқу, тұтас оқыту.
7.Мәтінмен жұмыс
І топ: Өлеңнің 1- шумағына тақырып қою, тірек сөздерді тауып, түсіндіру.
Тірек сөздер - күзгі түн, ызғар шашу, қырау, жерге төну, ел ұйқыда т.б.
ІІ топ: Өлеңнің 2- шумағына тақырып қою, тірек сөздерді тауып, түсіндіру.
Тірек сөздер: Ұзақ түн, бүтін киім, кірсіз киім.
ІІІ топ: Өлең мазмұнын қара сөзбен жазу.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Iтоп: Венн диаграммасы.
Оқушылар екі мәтінді салыстырып ұқсастығын табады.
116205154940Б.Майлин “Күлпаш”
00Б.Майлин “Күлпаш”
Ұқсастығы
724676154093С.Торайғыров“Кедей”
00С.Торайғыров“Кедей”
Ұқсастығы II топ: Бес жолды өлең.
1.Кім?-Кедей
2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3.Не істеді?-Қой бақты.
4.Не үшін?- Күнін көру үшін.
5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.
III топ: Суретке байланысты мақалдар айту
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар...
8. Бекіту. Ой толғаныс.
Әр топ өз ойларын дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.
I топ II топ III топ
1924055715Қазір кедей адам жоқ.
00Қазір кедей адам жоқ.
22790156985Қазіргі кезде кедей адамдар бар
00Қазіргі кезде кедей адамдар бар
19278603810 Аштық, кедейлік болмас үшін не істеу қажет?
00 Аштық, кедейлік болмас үшін не істеу қажет?
Қорытынды.
Үйге тапсырма: С.Торайғыров «Кедей» өлеңін жаттау.
Рефлексия.
.