Математика саба?ынан ашы? саба? жоспары та?ырыбы 10 саны 4сынып


Ашық сабақтың технологиялық картасы
Сынып: 4 «А», ІІ тип
Пән: Санау
Күні:
Ортақ тақырып: «Бөлме өсімдіктері»
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 10 санын қалай шығарып алуға болатынын талқылай отырып,оның құрамы жайында түсінік беру және 9 цифрын жазуға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: 1-10 көлемінде сандарды тура және кері санау; зат-сан-цифрды бір-біріне сәйкестендіруге машықтандыра түсу; бірінші ондықтың әрбір санының сан қатарындағы орнын білу; іс-әрекет дағдыларын меңгерту, қосу, азайту ұғымдарын қалыптастыру.
2. Түзету-дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөйлеуге дағдыландыру; ойын, көрнекіліктер арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу
Көрнекілік: Суреттер, цифрлар, санауыш заттар, тақырыптық зат суреттері, бөлме өсімдіктері.
Сабақтың жоспары:
Cабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Нәтиже
I. Ұйымдастыру кезеңі ППД
Логикалық ойлау тапсырмасы
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Сәлеметсіздер ме қонақтар! Оқу құралдарын дайындау.
Шеңберге тұрып,бәрі бірге өлең шумағын айтады.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Сәлеметсіздер ме қонақтар! +,-
Өткенді пысықтау
Сұрақ-жауап -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Бір аптада неше күн бар?
-Апта күндерін атаңдар
-Қазір бізде қандай сабақ болады? - Санау сабағынан біз, санап, есеп шығарамыз.
-Балалар, тақтаға қараңдар. Цифрларды хормен оқып шығайық.
- Ал жабық тұрған сан, қандай сан деп ойлайсындар?
- Дұрыс! Өткен сабақта біз 10 санымен таныстық (теріс тұрған цифрды оңымен қояды)
- 10 санын жазу үшін 1 және 0 цифрын қолданамыз. Бәріміз бірге он деп қайталайық
- Бүгінгі сабақта, 10 санына байланысты тапсырмаларды орындаймыз -Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде үш ай бар
-Бір аптада жеті күн бар
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
-Қазір бізде санау сабағы
119697527940- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
10 саны
қайталайды +,-
II. Негізгі кезең Жаңа сабақ
1. Ойын: «Поезд құрастыр» Ойын шарты: Көрнекілікке сүйеніп: а) қатар орналасқан он үшбұрыштың суреті салынған кестеден көрсеткішті жылжыта отырып 10-ның құрамының мүмкін жағдайлары анықталады. Балалар кезекпен тақтаның алдына шығып 10-ның құрамына байланысты 9+1,8+2,7+3,6+4 деп көрнекілікпен санайды.
+,-
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске-бесті қосқанда,
Болады екен он саусақ. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске-бесті қосқанда,
Болады екен он саусақ. +,-
Оқулықпен жұмыс Партаға 9 таяқша және 1 таяқша қос. Таяқшалар қанша? 8 таяқшаға 2 таяқшаны қосу. Таяқшалар қанша болады? 9+1= 10
8+2 =10 Дәптермен жұмыс Дәптерге жазып берген 10 санын қарап және бастырып жазу. Есеп шығару. 10
9+1, 8+2, 10-1, 10-2, 7+3, 10-3 +,-
Фребель құралымен жұмыс Ұяшықтарға салынған цифрлар нөмірленген, оларды ретімен сан ретімен орналастыру керек 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 +,-

III. Сабақты қортындылау Мадақтау Сабақты аяқтау сұрақ –жауап арқылы
-Қоян нешінші орында отыр?
-Піл нешінші орында отыр?
Балалар аңдар сендерге риза және олар сендерге арнап мына себетті сыйлайды. -Қоян 3-ші орында
-Піл 10-шы орында
Қызыл, жасыл, сары түсті алмалар таратылы. +,-