Дауысты дыбыстар. То?ылда?. Тор?ай.


Сыныбы:1 Пәні: Ана тілі Күні: ____________

Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Торғай. Тоқылдақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Тоқылдақ» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға дыбыс, әріп туралы түсінік беру, дыбыс түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін пысықтау.
Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
«Тоқылдақ» шығармасымен таныстыру.
Оқушыларға дыбыс, әріп туралы түсінік беру, дыбыс түрлерімен таныстыру.
Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту.
194310078105дыбыс
00дыбыс

2743200704850020574007048500
30861009525Дауыссыз дыбыс
00Дауыссыз дыбыс
3429009525Дауысты дыбыс
00Дауысты дыбыс

1143000190500
34290055245А, ә, е, о, ө,
ұ, ү, ы, і, и,
(у), ю, я, ё, э
00А, ә, е, о, ө,
ұ, ү, ы, і, и,
(у), ю, я, ё, э

-Дыбыс деген не?
-Дыбыс түрлерін ата.
-Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т.б.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу жұмыстары:
11–жаттығу.
Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.
Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
12–жаттығу.
Сөздерді қатесіз көшіріп жазыңдар.
Дауысты дыбыстардың астын сыз
Суықторғай, қарға, сауысқан, кекілік, тоқылдақ, шіл, шағала, аққу.
Сергіту жаттығулары.
Мәтінмен жұмыс. «Тоқылдақ»
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
– Оқушыларға тізбектей оқыту
– Мазмұндау.
Тоқылдақты неліктен орман емшісі дейді?
Құстардың тағы қандай пайдасы бар?
Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Тоқылдақты суретте
Рефлексия
Бүгінгі сабақта мен... не үйрендім
Маған.... қызық болды.
Маған... қиын болды.
Мен... түсінбедім
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.