Презентация на тему Экологические проблемы Караганды


Қарағанды қаласының экологиялық проблемасы Жоспары: КіріспеСтатискалық мәліметтерҚарағанды – лас қалалардың біріЖаңалықтарға қысқаша шолуАуа ластануының салдары Қарағанды өндірістің қайнаған ортасы. Глобалды мәселелердің бірі – ауаның ластануы. Ол дегеніміз – әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді. Әсіресе біздің Қарағанды қаламызда оның деңгейі жоғары. Қаламыздың экологиясының ластану көздері: Шахтадан шыққан көмір тозаңдары Табиғи - өрттер, шаңдарТранспортты – автомобильдерӨндірістік – технологиялық процестерден пайда болатын қалдықтар (металлургия, мұнай-газ, химия және т.б өнеркәсіптер)Тұрмыстық – тұрмыстық жағдайдағы қалдықтар бөлігі Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда.Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.USAID-тің бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады.Республикада  атмосфераға таралған шығарымдылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды.2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың деңгейі 4%-ға кеміді (2 диаграмма). 2-диаграммаЛастану жолдары Ластағыш заттардың негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың тонна). Атмосфералық ауаға таралған ластағыш заттардың жалпы көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты заттар құрайды. Ауаның ластану жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып табылады. Атмосфераның ластану деңгейі атмосфера ластануының кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.Егер ИЗА5 көрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі – «төмен», диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда – «көтеріңкі», ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда – «жоғары», 14-тен көп болған жағдайда «аса жоғары» деп саналады.Республиканың ластанған қалаларына (ИЗА5 ≥ 5) – 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 ≥ 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған (3-диаграмма). 3-диаграмма2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексі басқа қалалармен салыстырғанда Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3, 4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2 - 2, 3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай - Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс - Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат - Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су - канал шаруашылығы басқармасы, «Қарағандырезинотехника» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.  Қарағанды қаласының су көздерінің ластануы Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып - тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі - жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі – кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс - тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда.  Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат - Кармет» АТАҚ (жылына 361, 5 мың тонна) Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары. Қарағанды РГТО зауыты Айналаның бәрі көк түтін, ал жазда шаңнан түк көрінбейді. Су тазалығы — тəн мен жан тазалығы.Су – жердің нəрі. Ол болмаса барлық тіршілік атаулы жойылар еді. Таза сулы таулы аймақтарда өсімдіктердің мəңгі жасыл болып тұратындығы сондықтан. Суды таза сақтау — өмір нəрін таза сақтау, яғни бұл денсаулық кепілі деген сөз.Әкем екеуіміз су жағасына барып қайттық. Феодоровка су қоймасына барар жол Су жағасы жазғы демалыстан кейінгі күл –қоқыстан тазартылмаған. Көктемде еріген қар суымен қайтадан су қоймаға қайта құйылып адамдар шомылғанда ауру тудырадына кім кепіл!!!!!! Толық қатпаған мұз үстіндегі балықшыны кездестірдік.Адамдарда өз өмірлеріне бей жай қарайтын болыпты. Одан бері қаламыздың Энерго зауытын көрмей кете алмадық. Зауыт маңына жақындағанда бізді фотоппаратпен көрген күзет қызметкері әрі қарай жүруге болмайтынын ескертті Ауа дефицитін жою Теректерді көбірек отырғызуЭкологияны қорғау іс-шараларын өткізуӨнеркәсіптерді қатаң қадағалауҚалдықтарды қайта өңдеуҚоқыстарды тазарту Назарларыңызға рахмет!