Ашы? саба? Комбатты? ??гімесі


Ана тілі .
Сабақтың тақырыбы : Комбаттың әңгімесі .
Сабақтың мақсаты : Білімділігі : Комбаттың әңгімесі туралы түсінік беру .
Дамытушылығы : Сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту .
Тәрбиелігі : Отансүйгіштікке ,елжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу .
Көрнекілігі : Батырлардың суреттері, гулдер ,сөзжұмбақтар .
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап ,түсіндіру .
Сабақтың өтілу барысы :
1.Ұйымдастыру барысы :
Балаларды сабаққа дайындау .Психологиялық дайындық .
Ана тілім мақтанышым ,елдігім .
Ана тілім күш-қуатым ,өрлігім .
Қиянатқа ешқашанда төзбейтін
Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім .
2.Үй тапсырмасын пысықтау .
-1941 жылы қандай оқиға болды ?
-Полк командирі командирлерді не үшін жиған екен ?
-Бауыржан жігіттерге не айтты ?
3.Сөзжұмбақ шешу .
Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қоя отырып сөзжұмбақты шешу .
1.Болат қайнауда шынығады ,
Батыр майданда шынығады .
2.Батыр елдің сәулеті,
Бал құрақ -көлдің сәулеті .
3.Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
4.Шын ер жеңсе -тасымас,
Жеңілсе - жасымас .
5.Отан үшін отқа түс - күймейсің .
6.Жаңбырменен жер көгерер ,
Батаменен ер көгерер .
Берілген мақал -мәтелдерге ортақ тақырып ойлап табамыз .
"Ер" ,"Батыр" .
Сөзжұмбақтағы сөзді оқып , ол туралы не білеміз ?
"Мәншүк ".
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал қаласы ,Орда ауданында дүниеге
келген . Шын аты - Мәнсия .
Мәншүк ата-анасынан 5 жасында жетім қалған .
Мәншүкті тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады .
1941 жылы Мәншүк өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып ,
19 жасында майданға аттанады . Мәншүк Новель қаласын азат ету
майданына қатысады .Осы майданда Мәншүк асқан ерлікпен қаза
тапты .
4.Жаңа сабақ .
Комбаттың әңгімесі .
Мойсеев - Әлия Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі .
-Әңгімені айтып отырған кім ?
-Комбат Мойсеев .
-Комбат Мойсеевтің көмекке келген мергендерге неліктен көңілі
толмады ?
-Өйткені мергендер қыздар еді .
-Оның бұл райынан қайтуына себепші болған кім ?
-Әлия Молдағұлова .
-Әлияның ұқыптылығы неден байқалады ? Өжет,үздік мерген екендігі ше?
-Сөйлеген сөзі,киген киімі,мінезі,тазалығы .
-ВЛКСМ деген не ?
-Орыс тілінде қысқарған сөз .Всесоюзный Ленинский Комунистический
Союз Молодежи .
Қазақшасы Бүкіл Одақтық Лениншіл Комунистік Жастар Одағы .
5.Роза Рымбаеваның орындауындағы "Әлия" әнін үнтаспадан тыңдау .
6.Дәптермен жұмыс.
7.Сергіту сәті .
Бір,екі,үш, бір,екі,үш .
Солдат болам мен ертең
Егеменді елімді қорғайтын
Отанымды ойлайтын
Солдат болам мен ертең .
8.Оқулықпен жұмыс .
Тізбектеп оқу .
Мақал -мәтел жинастырып және сөзжұмбақ құрастыру .
1.Ер тәуекелшіл келеді .
2.Ердің көркі - елімен ,
Отан көркі - жерімен .
3.Ел басына қиындық туса,
Ер сыналар .
4.Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді .
Балалар жаңа сабағымызды тиянақтау үшін Әлия ,Мәншүк ,Бауыржан
апа -аталарымыздың ескерткіштеріне гүл қоюмыз .
Гүлдің артындағы сұрақтарға жауап береміз .
9.Қорытынды .
Үйге тапсырма беру . Мәтінді оқу,мазмұнын айту.
Мақал - мәтелдер жаттау . Әлия туралы мәліметтер жинастыру .
"Әрқашан күн сөнбесін" әнімен сабағымызды қорытындылаймыз .
Балаларды бағалау .
№3 орта мектеп .


Ашық сабақ .
Тақырыбы : Комбаттың әңгімесі .
Күні : 04.12.2013.ж.
Сыныбы : 3"Г"
Сынып жетекшісі: Жаманшаева . Қ.Б.
2013-2014 оқу жылы .