?дебиеттік о?у п?нінен Комбатты? ??гімесі саба?ы


Сабақтың тақырыбы: Н.Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі».
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың жазушысы Нығмет Ғабдуллиннің еңбектері және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы түсініктер беру.Мәтіннің идеясы мен мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойларын анық жеткізуге, ой-өрісін, тіл байлығын,шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, елін, халқын қорғай білуге,адамгершілікке,
ержүректілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО,сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, кластер(топтастыру), sinkuein(бес жолды өлең),көрнекілік, оқытуда АКТ пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Нығмет Ғабдуллиннің портретіі, тірек- сызба,үлестірмелі қима қағаздар, сөзжұмбақ, бейнетаспа.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Сабақ барысы
 I.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Топқа бөлу
І топ: Батыр
ІІ топ: Ержүрек
ІІІ топ: Қайсар
ІV топ: Өжет
II Үй тапсырмасын еске түсіру.
Топтық жұмыс
I топ
1.1941 жылы қандай оқиға болды?
2.Бауыржан Момышұлы кім?
3.Ол туралы не білеміз?
II топ
Батырдың өзі жазған ерлік туралы мақалдарын айт.
Бауыржан атамыздың игерген қандай өнерлерін білесіңдер?
III топ
Мәлік Ғабдуллин кім?
Несіпбек Айтов кім?
ІV топ
Өлеңде Нұркеннің ерлігі жөнінде не делінген?
Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді?
Өлеңнен бір шумақ үзінді айт
ІІІ.Жаңа сабақ
Ой қозғау
Оқушыларға Нығмет Ғабдуллин , Алия мен Мәншүк портретін көрсетіп,сұрақтар қойылады.
Бұл кімнің суреті?
Бұл кісілер жөнінде не білеміз?
Мағынаны тану кезеңі
1.Оқушыларға автор туралы мәлімет айтылады.
ҒАБДУЛЛИН Нығмет (26.12.1927, Ақмола облысы Атбасар ауданыШұңқыркөл ауылы – 11.7.2005, Алматы қаласы) – филология ғылым
докторы (1972), профессор (1975).
Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998).
Қазақ педагогика институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университетін) бітірген (1950).
1950–1969 жылдары республикалық баспасөз орындарында,
1962 жылдан жоғары оқу орындарында қызмет еткен.
1988–1997 жылдары Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды.
«Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары» дегентақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Әдебиет мәселелеріне арналған «Шығарма арқауы – шындық» (1968),
«Уақыт тынысы» (1981) зерттеулер кітабы,
«Замандас келбеті» (1972),
2.Сөзжұмбақ шешу «Мәншүк»
285750188595
1.Болат қайнауда шынығады,
Батыр ... шынығады.
2.Батыр- елдің ...,
Бал құрақ- көлдің сәулеті.
3.Жүк ауырын ... көтереді.
Ел ауырын ер көтереді.
4... ер жеңсе- тасымас,
Жеңілсе- жасымас.
5.Отан ... отқа түс- күймейсің.
6.Жаңбырменен жер ...,
Батаменен ер көгерер.
-Торкөздегі сөзді оқыңдар.
-Ол тура не білесіңдер? Батыр қазақ қыздарынан тағы кімді білесіңдер?
-Әлия кім? Ол туралы бейне таспа арқылы тереңірек білетін боламыз.
Бейне таспа(АКТ)

3.Оқулықпен жұмыс:а) мұғалімнің мәнерлеп оқуыә) оқушылардың мәтінді дауыстап, тізбекпен оқуы.
4.Дәптермен жұмыс
Сыр сандық
ВЛКСМ-Бүкіл Одақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы
Ствол- мылтықтың бөлшегі
Мойсеев-Әлия Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі
Сергіту сәті
«Әлия» әні орындалады
Топтық шығармашылық жұмыс
I топ
Сурет салу, қорғау
II топ
«Шығыстың қос жұлдыздары» шығарма жазу
III топ
5 жолды өлең құру
ІV топ
Көрініс қою
V.Бекіту кезеңі
«Жапырақ жинау» ойыны
Берілген сұрақтар:
1.Әлияның ұқыптылығы неден байқалады? Өжет, үздік мерген екендігі ше?
2.Әңгімені айтып отырған кім?
3.Комбат Мойсеевтің көмекке келген мергендерге неліктен көңілі толмады?
4.Ерлік ,батырлық туралы мақал-мәтел айтып бер
қайсар
Топтастыру
Әлия қандай қыз?
ержүрек

өжет
Әлия кім?

жауынгер


батыр


VІ. Қорытынды
Кері байланыс
Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта сендер не меңгердіңдер?
-Біз ҰОС батыры Әлия Молдағұлова жайлы таныстық.
-Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар? Алған әсерлеріңді менің қолымдағы кестені толтыру арқылы білдірсеңдер.
Бүгінгі сабақта үйренгеніміз.... Маған өте қиын болғаны... Маған ұнағаны.....
VІІ. Үйге тапсырма
1.”Комбаттың әңгімесі” мәтінін түсініп оқу.
2.Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер жинастыр және олардан
сөзжұмбақ құрастыр.
3.Әлия туралы мәліметтер жинастыр.
Бағалау
Екі жұлдыз, бір ұсыныс ОүБ(1,2,5)
1.Жұптарда өзара бағалау
2.Топтарда өзара бағалау
5.Өзін-өзі бағалау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Т.Рысқұлов атындағы № 222 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Н.Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі»
Сыныбы: 3 «Г»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Өткізген: Алибаева Гүлзира
2015-2016 оқу жылы