Сау дене, азат а?ыл, адал к??іл — ?шеуімен ба?ытты болады ?мір та?ырыбына арнал?ан сынып са?аты


Сабақтың тақырыбы: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- үшеуімен бақытты болады өмір»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:оқушыларды ішімдіктен, шылым шегудени және де денсаулыққа зиян келтіретін нәрселелерден сақтану керектігін түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: ойлау қабілетін есте сақтау білімін арттыру.
Б) Тәрбиелік: жаман әдеттен аулақ болу. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребус, сөзжұмбақтар, карточкалар
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сау дене, азат ақыл, адал көңіл –үшеуімен бақытты болады өмір!яғни, денсаулық туралы. Сендердің денсаулық ережелерін білулеріңнің маңызы өте зор. Егер сендер денсаулық сақтау ережелерін мұқият жасап отырсаңдар, сендердің денсаулықтарың мықты болады.
Ал балалар мен сендерге денсаулыққа байланысты сұрақтар қоямын. Оқушылар, сендер денсаулық сақтау ережелерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Суретпен жұмыс.
Балалар, енді тапсырмадағы суреттерге көңіл аударамыз. Мұндағы суреттер нені білдіреді.
Бірінші суретте шылым шегетін адамның бейнесі.
Екінші суретте арақ ішетін маскүнемнің суреті.
Үшінші суретте дені сау, денсаулығы мықты адам.
Ал енді балалар денсаулыққа байланысты ребус шешейік. Бұл ребуста денсаулыққа байланысты нақыл сөз жасырынған.
Ал балалар біздің бүгінгі сабағымыз әрі қарай қызықты өту үшін ойын өткізейік. Ойынымыздың аты «Жұлдызды сәт»
1 Бөлім:Сұрақтарға жауап бер
«Д» витамині жетпегенде бала қандай ауруға шалдығады?
Бұл аурудың түрі өте көне заманнан белгілі ол жұқпалы аурудың 95% құрайды?
Туберкулезбен ауырғанда адам қандай жағдайда болады?
Жүрек ауырғанда қандай дәрі-дәрмектер қолданылады?
Үсік ауруларын қалай емдетеді?
Қантоқтату әдісі қандай?
2 бөлім.
«Денсаулық» деген сөзден бір неше сөздер құрастыру.
3 бөлім:
Денсаулыққа не пайдалы? Сөзжұмбақ шешу.

Қорытынды:
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Білемін Білдім Білгім келеді