Алгоритм ??ымы, алгоритм ?асиеттері. Алгоритмді ?сыну т?сілдері
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Күні:
Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмді ұсыну тәсілдері
Сілтеме Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова Информатика 9 сынып оқулығы;Б.Қ. Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова Информатика әдістемелік құрал
Электронды оқулық смайлик стикер флипчарт маркер
Жалпы мақсаты Алгоритм ұғымымен таныстыру
Міндеттер:
Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім алуына ықпал жасау, диалогтік оқыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
Мұғалім үшін оқу нәтижелері 1. Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;
2. Оқушыларға сыныптастарын бағалауға мүмкіндік жасау;
Сабақтың түрі,
әдіс тәсілдері. Жаңа білімді меңгерту сабағы
Жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі әдістемелік құралдар, үлестірме қағаздар
Тапсырмалар «ДЖИГСО» әдісі
«Ой шақыру» әдісі
Тәжірибелік тапсырмалар
Топтық тапсырма
Күтілетін нәтиже Алгоритм ұғымын және оның қасиеттерін біледі, алгоритм құра алады
Тапсырмалар Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
5 мин
Психологиялық дайындық :
«менің алдыма қойған мақсатым» тренингі.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау
5 мин
«Ой шақыру» әдісі
Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?
Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?
Алдарыңа қойған мақсатқа қалай жетуге болады? Ол үшін не істейсіңдер? Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.
Негізгі бөлім
14 мин
«ДЖИГСО» әдісі . Әр топ оқушыларына тақырыпшаларды бөліп беру. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейлерін бақылау, бағыт-бағдар беру
І топ «Алгоритм ұғымы»
ІІ топ «Алгритм қасиеттері
ІІІ топ «Алгоритмді ұсыну тәсілдері» Тақырыпты әуелі топтарында талқылап, кейін басқа топқа барады. Әр топ ортадан бір оқушыны басқа топқа тақырыпты түсіндіру үшін жібереді. Тақырыпты өз беттерінше меңгереді
Тапсырмалармен жұмыс
10 мин Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындауға ұсыну.
Берілген өрнектердің алгоритмін құру. Әр топ оқушылары оқуылықтағы тапсырмаларды орындайды Әуелі жекелей орындап, топта тексереді.
Қорытындылау 6 мин Алгоритмін құр (Топтық тапсырма)
“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”
Әр топ оқушылары берілген тапсырманы орындайды, жауабын айтады, топтар дұрыстығын анықтайды.
Бір-бірінің жауабын тексеріп, бағалайды
Үйге тапсырма 1 мин Кез келген мақсатқа алгоритм құрып келу Оқушылар күнделіктеріне жазып алады
Бағалау 2 мин Оқушының жиынтық бағасын қою Топтар бір-бірін бағалайды
Кері байланыс 2 мин Оқушылардың сабақ туралы пікірлерін тыңдау Сабақтан алған әсерлерін айтады