Педагогикалы? ке?ес М??алімні? ??зыреттілігі туралы


Тақырыбы: «Оқу пәндерін оқытудағы құзіреттілік әдістемесі» Мақсаты: Мұғалімдерінің кәсіптік құзырлығын қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау.
Міндеттері: Тәлімалушыларды ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруда мұғалім құзыреттілігінің оқу мен оқыту тәжірибесін өзгертуде маңыздылығын негіздеу.• Топтық әдіс тәсілдер арқылы тәлім алушылардың арасында сенімді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. • Мұғалімдердің құзыреттілік туралы түсініктерін қалыптастыруа отырып,оқушылрға жаңашыл білім беруде білімдерін дамыту.• Құзыретті мұғалім рөлін тапсрымалар, постерлер орындата отырып, түсіндіру. • Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсәлдерін іс-тәжірибеде енгізу арқылы мұғалімнің құзіреттілігі рөлі қаншалықты қажет екендігі турлалы түсініктерін қалыптастыруӘдіс -тәсілдер: диалогтық оқыту,топтық, сын тұрғысынан ойлау, /тұжырымдамалық постерлер жасау/ Күтілетін нәтиже: - Мұғалімдер оқыту мен оқудағы өз құзыреттіліктерінің өзектілігін, тәжірибелік маңыздылығын түсінеді- Оқушының жеке тұлғалық дамуына, яғни оның өзін - өзі тануға жәнеөзіндік өсуі бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығын,шеберлігінің рөлі маңызды екендігі туралы түсініктері қалыптасады.Түйінді идеясын шығару: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі - оқыту үдерісі сапасының негізгі ресурсы екендігі туралы тұжырым жасайды.Коучинг өткізу әдісі:1.Сергіту кезеңі2. «Топқа бөлу» 1,2,3 санына саналы, топтарға бөлінуӘр топ өздерін таныстырады. (Әр пән бойынша мен өз мамандығымның шеберімін деген пән мұғалімі шығады)3. Миға шабуыл. Тақырыпқы байланысты 1 топқа Суретпен жұмыс, 2 топқа Ситуациялық сұрақтар, 3 топқа «Мектептегі бір күнім» атты коллаж жасау тапсырмалары берілді.4. «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі.....» призентатция слайд. Слайдтан нені түсіндіңіздер? Оқыту мен оқудағы өз құзыреттіліктеріңіздің өзектілігін, тәжірибелік маңыздылығын қалай бағалаған болар едіңіз?Білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған. Олай болса, осы мұғалімнің кәсіби құзіреттілінің тиімділігін неде деп ойлайсыз?Түйінді идея: Видеоролик көрсетіледі.
5. Топтық тапсырмалар оқыту арқылы сыни ойлап, постер қорғау : « Құзіретті мұғалім қандай болуы керек? » таныстырылымынан кейін топ жоғарыда атап өтілген тақырыпқа постер түзу, жұмысты талқылап, қорғау.6. Көрермен бағалауы, бағалау себебін түсіндіреді «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
7. Кері байланыс. Мұғалімдерге рефлекция жаздыру. (стикерлерде) Бүгінгі коучинг сабағынан алған әсеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз?Неге қол жеткіздіңіз (тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті, қандай сезімде болдыңыз)