Жа?артыл?ан білім мазм?ны бойыншасауат ашу
Пәні: Сауат ашу . Жаңартылған білім мазмұны бойынша .
Сыныбы : 1
Сабақтың тақырыбы :Мектеп ауласына саяхат. Л дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың барлығы Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру, тақырыпты түсініп тыңдап ,жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері : Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Сабақтың типі :Жаңа білім беру.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір -біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: өнер ана тілі сабағы
Тілдік құзіреттілік : Л дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы. Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет.
Өсеміз біз күліп- ойнап,
Он саусақтың саласындай
Өсеміз біз күліп- ойнап,
Бір адамның баласындай.
-Балалар бір- біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
№ 1 Ойын «Сөз ойла ,тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті. Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті .Жеті лақ ертегісін ала келіпті .Сендер лақты көрдіңдер ме ? Лақтың анасының аты кім? Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші. Қандай дыбыс естіліп тұр. Л дыбысын ауада жазайық.
Л дыбысын айтады . Л дыбысына дыбыстық артикуляция жасау. Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз .
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру, жаттығуын жасайық.
Ра- ра келді ұшып ара
Ла- ла араның үсті ала
№ 2 Жұмыс дәптермен жұмыс .Берілген Л, л әріптерін жазып шығу.
Сергіту сәтін орындату. Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
№ 3 Тақтамен жұмыс .
Ал, Алан, ала, доп сөздерін жаздырту.
Суреттердің көмегімен ауладан л әрпін табайық
Рефлекция . Бүгінгі сабақта болған
көңіл- күйді бет әлпеті салынған суреттерді таңдау.