А?аштар неге ашуланды? ана тілі
Сыныбы: 4 «Б»
Пәні: Ана тілі.
Тақырыбы: «Ағаштар неге ашуланды?». Бердібек Соқпақбаев.
Мақсаты: 1) өткен сабақты бекіте отырып, жаңа тақырыпты ашу, ақынның өмірі және шығармашылығы туралы түсінік беру;
2) оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; ойын арқылы белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3) оқушыларды еңбексүйгіштікке, ізденпаздыққа, адамгершілікке, өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ойын, көрнекілік, әңгімелесу.
Түрі: дәстүрлі сабақ.
Типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: ақынның портреті, палакат.
Кезеңдері Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
«Жыл бастарының тапсырмалары» ойыны
ІҮ. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
Сұрақтар
Сергіту сәті
«Ағаш отырғызу» ойыны
Ү. Бекіту
«Ағашқа су құю» ойыны.
ҮІ. Үй тапсырмасы
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Қорытынды Сәлеметсіздер ме, балалар!
Отырыңыздар.
Көңіл-күйлерін қалай?
Бүгін ана тілі сабағында сіздермен Әсем апайларың болады.
Үйге не берілді?
Екі шумақтан оқимыз. Осы өлең қандай мерекеге арналған?
Өлеңде табиғат құбылыстары қалай суреттелген?
Адамдар жаңа жылды қалай қарсы алады?
Адамдардың көңіл-күйлері қандай?
Неліктен адамдар қуанышты?
Ал енді екінші өлеңді оқийық.
Жылнама дегенді қалай түсінесіңдер?
Қазақша жыл атауларын кім толық айтып береді?
Олар неге жан-жануарға байланысты айтылған?
Бір мүшелде неше жыл бар?
Жыл тізбегінде неше жыл бар?
Өзің қай жылы туғансың?
Өте жақсы ал енді «Жыл бастарының тапсырмалары» ойынын ойнаймыз. Әр жыл бастарының артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы мына сөзжұмбақты шешеміз.
Тышқан: Сәкен Сейфуллиннің өлеңінің аты. (Наурыз)
Сиыр: 100 жыл – 1 ... (ғасыр)
Барыс: Сәкен Сейфуллин қандай облыста дүниеге келген. (Қарағанды)
Қоян: 13 жыл – 1 ... (мүшел)
Ұлу: кейде күріштің орнына наурыз-көжеге қосылатын астық өнімінің түрі. (тары)
Жылан: жастарға ісіне риза болғанда берілетін үлкендердің ақ тілегі. (бата)
Жылқы: ....жылы – сәтті, құтты; Баян етер сәттілікті. (барыс)
Қой: Сәкеннің шын аты. (Сәдуақас)
Мешін: қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. (қуырдақ)
Тауық: наурыз мейрамында дайындалатын тағамдарды бірі. (көже)
Ит: көжеге қосылатын тағамдардың бірі. (күріш)
Доңыз: С. Сейфуллиннің поэмасы. (Көкшетау)
Бүгін біз Бердібек Соқпақбаевтің «Ағаштар неге ашуланды?» деген мәтінін оқимыз.
Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы. Оның «Чемпион», «Менің атым Қожа», «Жексен», «Жекпе-жек» кітаптары бар. «Менің атым Қожа» атты фильмі халықаралық фестивальда арнаулы сыйлыққа ие болды.
Барлығымыз дәптерлерімізді ашайық.
бүгінгі күнді жазамыз.
Мына кестені дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Бердібек Соқпақбаев
Балалар жазушысы
1924-1992
«Менің атым Қожа»
Алматы облысы, Райымбек ауданы
Ал бүгін біз осы жазушының «Ағаштар неге ашуланды?» деген әңгімесін оқимыз. Бұл әңгіме Алмабек деген бала туралы айтылған. Алмабек өздеріңмен құрдас бала екен. Оның басынан бір ғажап оқиға болған.
(мәтінді мәнерлеп оқимын)
Сендер Алмабектің әрекетін дұрыс деп санайсыңдар ма?
Оның орнында болғанда не істейтін едіңдер?
Ағаштар Алмабектің қылығын қайдан біледі?
Неге Алмабек достарынан қалып қояды?
Осы кезде қандай оқиға болды?
Ағаштар неге балаға ашуланды?
Ағаштар Алмабекті кешірді ме?
Үйіне келген Алмабек не істеді?
Алмабектің ісіне ағаштар риза болды ма?
Ал сендер оның ісіне ризасыңдар ма?
(бір абзац бойынша тізбектеп оқыту).
Барлығымыз орнымыздан тұрамыз.
Гүл өсірсең терлеп, мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп, мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөңдеп, әзірлесең еңбек,
Бұл өмірде бәрін де еңбек қана жеңбек!
Орнымызға отырамыз.
Ал енді қазір ағаш «отырғызу ойынын» ойнаймыз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз. Орманнан жас талдарды алып, артындағы жұмбақтарды шешу арқылы өз тобымыздың бағына отырғызамыз. Қай топтың бағы ең жасыл болса, сол топ жеңеді.
1.Өсіп тұрған бұл не?
Жазда болса жайнап
Саясына ән салып,
Құстар жүрген сайрап. (ағаш)
2.Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары. (жапырақ)
Ал енді қазір бір ойын ойнаймыз. Бұл ойын «ағашқа су құю» деп аталады. Әр шелектің артыңда сұрақтар берілген. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы сендер Алмабекке ағаштарға су құюға көмектесесіңдер.
Ағаштар Алмабекке неліктен ашуланды?
Бердібек Соқпақбаев дегеніміз кім?
Алмабек өз кінәсін қалай өтеді?
Осы мәтінге байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Неліктен біз өсімдіктерді күтуіміз керек?
Неліктен Алмабекке ағаш отырғызып, көгерту ісі ұнамады деп ойлайсыңдар?
Үйге осы мәтінді оқып келу, және манағы бөлген бөлімдерге байланысты біреуін таңдап, сол бойынша сурет салып келу.
Жақсы қатысқан балаларды жұлдызша, төрбұрышты және үшбұрыштармен бағаймын.
Сонымен біз бүгін не өттік?
Сендерге сабақ ұнады ма?
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.