А?аштар неге ашуланды?
Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Сыныбы: 8
Пәні: қазақ тілі
Авторы: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева
Баспа: Алматы, «Мектеп»-2012
Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жеріміздің табиғаты жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға жергілікті жеріміздің табиғаты жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау
қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
Тәрбиелік: Оқушыларды жеріміздің табиғатын қорғауға, аялауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау. сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, Сабақтың көрнекілігі: табиғаттың суреттері, кестелер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезеші?
Бүгін нешісі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау. Табиғатқа байланысты нақыл сөздер жаттау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Ағаштар неге ашуланды?
-Оқушылар, осы уақытқа дейін балалар әдебиетіне үлес қосқан қандай ақын-жазушылармен таныстық?
Міне, бүгін біз Б. Соқпақбаевтың тағы бір әңгімесі « Ағаштар неге ашуланды?» танысамыз.
1-тапсырма. Ой ашар.
Біз әңгімемен таныспас бұрын мынандай тапсырмалар мен жұмыс жүргізейік.
Ағаштың қасиеті туралы не білеміз?
Ағаштың қандай пайдасы бар?
« Жасыл ел » бағдарламасы туралы не білеміз?
Б. Соқпақбаев өмірі туралы не білеміз?
Б. Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білеміз?
Соқпақбаевтың суретің көрсету.
Ал, ендеше олай болса дәптерге бүгінгі күнді жазып қоямыз.
Ақпанның он жетісі.
Сынып жұмысы.
2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс
1.3- оқушыға мәнерлеп оқыту
2. тізбектей оқыту
3-тапсырма. Ой қозғау.
Алмабектің жіберген қателігі неде?
Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
Алмабек өзінің кемшілігін қалай түзеді?
Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
Кәрі еменнің сөзің кім тауып оқиды?
ІV. Бекіту:
Ендеше балалар ағаштар неге ашуланады екен соны білейік. Ол үшін Алмабектің
кінәсін толтырайық.
Жас ағашты уақытылы суармайды
Алмабектің айыбы Түбін қобсытпады
Табиғатқа қастандық жасады
Өзге балалардан үйренгісі келмеді
Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан нақыл сөздер туралы сұрау. Балалар міне бүгін ағаштардың пайдасы және қасиеті туралы көп танысып білдік. Ендеше осы ағашқа байланысты қандай тыйым сөздер білеміз?
жалғыз ағашты кеспе
жас бұтақты сындырма
көк шөпті жұлма
-Оқушылар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.
VІІ. Үиге тапсырма беру:
Ереже жаттау. Ағаштар туралы нақыл сөздер жазып келу.