Допты т?меннен ?абылдау ?дісі (волейбол)


Тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол) Мақсаты: 1. Оқушыларға волейбол онында допты төменнен қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. 2. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту. 3. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Керекті құралдар: Мультимедиялық проектор, доп, көрнекі суреттер.т.б. Өтетін орын: Спорт зал. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: Түсіндірме, практикалық. І. Ұйымдастыру бөлімі: 2минут 1. Сапқа тұру -------1мин 2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу---------1мин Даярлық бөлімі: 13минут 1. Саптық жаттығулар орындау( Оң ж/е солға бұрлу, кері бұрлу)--1мин 2. Алаңда жәй жүру ж/е жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау----5мин 3. Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5мин 4. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау –2мин Допты жоғарыдан қабылдау әдісі. ІІ. Негізгі бөлімі: 20-25 минут • 1. Сапқа тұру—1мин • 2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырыппен, мақсатымен таныстырып өту. --2-мин • 3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. --7мин • 4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын түсіндіру, практика түрінде орындату. --5мин • 5. Екі жақты ойын: «Волейбол» 6х6—7мин • 6. Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру.-3мин Қысқаша жаңа сабақты түсіндіру: Жасөспірімдер 13-14жастағылар 15-16жастағылар 17-18жастағылар Ер балалар Қыз балалар 2м 20см 2м 10см 2м 35см 2м 20см 2м 43см 2м 24см Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемін көрсету. Волейбол ойыны- еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті-жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен. Жаңа сабақты практикалық түрде түсіндіріп, орындату: 1-жаттығу Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі. (Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі) 2-жаттығу Допты қабылдаудағы негізгі әдіс. (Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды) 3-жаттығу Допты қайтару әдісі, соғу. (Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек) 4-жаттығу Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі. (Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді) 5-жаттығу Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі. Келесі кезекте: Сынып екіге бөліу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді. 6х6 Екі жақты ойын: «Волейбол» Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру (Слайд түрінде көрсету)