География п?нінен саба?. Та?ырыбы:Т?ран жазы?ы. Климаты мен таби?ат зоналары 8-сынып
Сабақ
Тақырыбы: Тұран жазығы. Климаты мен табиғат зоналары
Сабақтың мақсаттары: Тұран жазығы. Климаты мен табиғат зоналары
Білімділік: Тұран ойпатының географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік: Жазықтар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп жазықтарға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, экология, эстетика т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
IV. Оқушылар білімін бекіту.
V. Үй тапсырмасы туралы хабар беру.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VII. Бағала
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.
III.Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Географиялық орны.
2.Жер бедері мен геологиялық құрылымы.
3.Пайдалы қазбалары.
4.Климаты.
5.Өзендері мен көлдері.
6.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Географиялық жағдайы. Тұран ойпаты — Оңтүстік Қазақстандағы батыстан шығысқа қарай созылып жатқан кең жазық. Оның аумағында Балқаш пен Алакөл, Маңғыстау үстірті, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария өзені аңғары, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм орналасқан.lefttopЖер бедерінің сипаты. Ойпаттың жер бедеріне қарап, оның қалыптасу тарихының күрделі және алуан түрлі болғандығын байауға болады.
Маңғыстау аласа таулы өңірінің ең биік жерлері Қаратау жотасында (350-450 м) орналасқан, ұзындығы 130 км. Қаратаудың ең биік нүктесі — Бесшоқы (555 м). Қаратау беткейлері аңғарлар мен төбелі қыраттармен тілімделген. Тек тау жотасы ғана жалаңаштанған, жартасты жарқабақ тәрізді сипат алған. Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде биіктігі 300 м. болатын Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен төмен жатқан бірнеше тұйық қазаншұңқырлар орналасқан. Олардың ең тереңі — теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарагие ойысы.
lefttopМаңғыстау түбегі мен Арал теңізі аралығында Үстірт төбелі жазығы орналасқан. Қазақстан жеріне Үстірттің солтүстік-батыс бөлігі ғана енеді, оның жер бедері тегіс. Оның биіктігі — 200-300 м. ауданы — 170 мың км2, ал ұзындығы — 300-400 м.Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан Торғай үстіртінің орташа биіктігі — 200-300 м. Орталық бөлігіңде солтүстіктен оңтүстікке қарай 750 км-ге созылып, Торғай бұғазы деп аталатын кең ойыс орналасқан.Арал теңізінің маңында бірнеше ірі құмды аумақтар орналасқан. Арал маңы Қарақұмы Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатыр, ол биіктігі 100 м-ге дейінгі аласа төбешікті жазық болып табылады. Салыстырмалы түрде ежелгі болып саналатын бұл жазық жел әрекетінен өте күшті өзгерген. Арал теңізінен солтүстікке қарай орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жөнінен Арал маңы Қарақұмына ұқсас келеді. Арал теңізіне қарай көлбеу орналасқан жазық пен Сырдария өзенінің аңғары Сырдария аллювиалды жазығы деп аталады.
lefttopҚызылқұм — Орта Азияның ең ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағында оның тек солтүстік бөлігі ғана жатыр. Қызылқұм құрғақ арналармен, алаңғайлармен кезектесіп келетін құмды шағылдардан, төбелер мен қырқалардан тұрады. Мойынқұм — Шу және Сарысу өзеңдерінің төменгі ағысында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай еңкіш келген құмды жазық. Аллювиалды эолдық құмдардан түзілген бұл жазықтың биіктігі оңтүстігінде 500-600 м, орталығында — 400 м, ал солтүстігінде 300 м болады.
Бетпақдала көтеріңкі жазығы батысында Сарысу өзені, шығысында Балқаш көлі мен оңтүстігінде Шу өзені аралығында орналасқан. Оның орташа биіктігі 300-350 м. Жер бедерінің сипатына қарай ол оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерге ажыратылады. Оңтүстік-батысы — беті жарылып кеткен тегіс жазық. Солтүстік-шығыс бөлігінің жер бедері төбелі-жонды ұсақ шоқылар және ежелгі кішігірім қалдық таулар түрінде болады.Балқаш-Алакөл ойысының қазаншұңқыры Балқаш көлінің оңтүстігі мен Алакөл тобындағы көлдерді, Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань жоталары аралығындағы құмды жазықтарды қамтиды. Ойыс өзен аңғарларымен тілімделген бірнеше қырқалы және төбелі құмды массивтерден тұрады.
Жер бедерінің қалыптасуы. Тұран ойпатының негізгі фундаментін палеозойда қалыптасқан жас эпигерциндік платформа құрайды. Ойпаттың жер бедерін қалыптастыруда денудациялық-аккумуляциялық-аллювиалдық процестер үлкен рөль атқарады.
Геологиялық жыныстары. Жас платформаның фундаменті кембрий мен триас аралығындағы шөгінділерден тұрады, интрузиялар енген. Оның бетін қалыңдығы 4-5 км боатын мезозой-кайнозойлық теңіздік, құрлықтық шөгінділер жауып жатыр. Маңғыстау түбегінің таулары жоғары бор кезеңінің әктасынан түзілген. Ақтаудан оңтүстікке қарай жатқан төбелі жазық толығымен ұлутастан – оолитті әктастан, ал Каспий жағалауына жақындағанда сазды шөгінділерден тұрады. Үстірт сазды-кремнийлі мергель мен сазды әктаспен қабаттасып кездесетін оолитті әктастан (құмтас) түзілген.
lefttopПайдалы қазбалары. Тұран ойпатында мұнай, газ және құрылыс материалдары өндіріледі. Маңғыстаудағы Өзен, Жетібай ұңғымаларында мұнай өндіріледі. Маңғыстауда және темір, мыс, фосфорит, марганец кен орындары ашылған. Торғай үстірті мен Іле өзені алабында ағаш көмірі табылған. Сонымен қатар саз, құм, қиыршық тастың мол қоры бар. Батпақдаланың ақшыл түсті граниты мен Маңғыстау ұлутасы аса бағалы құрылыс материалы болып саналады. Жергілікті минералды бояулар да жоғары бағаланады. Тұран ойпатында ас тұзы мен содада өндіріледі.
Климаты. Тұран ойпатына құрғақ және континетті климат тән. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде - 180С, солтүстігінде 20С. Қыста бұл аумаққа суық арктикалық ауа массалары мен сібір антициклоны жиі енеді. Осы кезеңде температура -300С -400С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде +220С, оңтүстігінде +290С. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа жылдық көрсеткіші 80-100 мм ғана, оның басым бөлігі көктем мен күзде жауады.
lefttopІшкі сулары. Табиғи – климаттық жағдайларына байланысты Тұран ойпатында өзен торы нашар дамыған. Ойпаттың қазақстандық бөлігіндегі ең ірі өзен – Сырдария. Суы көп мөлшерде ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланатындықтан, соңғы жылдары Сырдария теңізге мүлде жетпей қалды. Шу мен Талас өзендерінің жай-күйі де Сырдарияға ұқсас, сондықтан Мойынқұм мен Бетпақдаланың суға сұранысын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Торғай үстіртіндегі Торғай, Ырғыз, Ұлыжыланшық жазда кеуіп қалып, өзектерге, көлшіктерге айналады немесе құмға сіңіп жоқ болады. Тұран ойпатында жер асты сулары 20-50 м тереңдікте жатыр, ал артезиан сулары одан да тереңде орналасқан. Соған қарамастан олар ауыз су ретінде де, шаруашылық мақсатта да кеңінен пайдаланылады.
Топырағы. Тұран ойпатының солтүстігіндегі Торғай үстірті ғана құрғақ дала мен шөлейтті зонаға жатады, ал қалған бөлігі түгелімен шөл зонасында орналасқан. Топырақ жамылғысының қалыптасуы мен сипаты да осыған сәйкес келеді. Торғай үстіртінде күңгірт күрең топырақтар таралған. Оңтүстікке қарай орналасқан шөлейтке ашық каштан топырақтар тән.Тұранның шөлді аумақтары шөлдердің солтүстік және оңтүстік типтеріне жатады. Шөлдің солтүсік типі Солтүстік Арал маңында, Бетпақдала, Мойынқұм мен Балқаш-Алакөл ойысын тән. Мұнда қоңыр және күрең топырақтар таралған. Тақырлар жиі кездеседі.
Өсімдік жамылғысы. Тұран ойпатының солтүстігіндегі Торғай үстірті ғана құрғақ дала мен шөлейтті зонаға жатады, ал қалған бөлігі түгелімен шөл lefttopзонасында орналасқан. Торғайда бетеге мен ақ селеу өседі. Оңтүстікке қарай орналасқан шөлейтке жусан мен изеннен тұратын өсімдік жамылғысы сәйкес келеді.
Тұранның шөлді аумақтары шөлдердің солтүстік және оңтүстік типтеріне жатады. Шөлдің солтүстік типі Солтүстік Арал маңында, Бетпақдалада, Мойынқұм мен Балқаш-Алакөл ойысында таралған. Мұнда жусан мен сор өсімдіктері өседі. Оларға Орта және Орталық Азияның шөлдеріне тән тұрандылық өсімдік түрлері (қызыл жусан, теріскен, бидайық, жүзгін, жыңғыл, мия, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан) араласады. Бұл өсімдіктер шөлдің басқа өсімдіктеріне қарағнда құмды шағылдарда жақсырақ өседі. Тұзды көлдердің сазды жағаларында және тақырларда көбінесе өсімдік жамылғысы мүлде болмайды өзен аңғарларында аздаған шалғындар бар. Шөлдердің оңтүстік типіне жататын Маңғыстау мен Сырдария бойында эфемерлер мен жусан, сор өсімдіктері өседі.
Бекіту: Атласты және оқулық мәтінін пайдаланып төмендегі кестені толтыруГеогр. аудандарГеогр. орныЖер бедеріТект. және геол. құрыл. Пайд. қазб. климаты Топыр. жануарӨсім.
қаңтар шілдеЖауын-шашынТұран ойпатыҮйге тапсырма: Мәтінді оқу. Кестені аяқтау