Саба? жоспарынын та?ырыбы: ?аза?станда темір д?уірінде ?мір с?рген тайпаларды? зерттелуі.
№ 7 – 8 сабақтың оқу - әдістемелік жоспары.
Тақырыбы: Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі. Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: — Б.з.д. VIII—VII ғасырларда Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын әңгімелеу. Осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің өздігінен жұмыс жасату арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Отанын сүюге тәрбиелеу, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадір тұту, мақтанышпен қарау сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Дәріс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қоғамтану, география, әдебиет
Көрнекілік құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: «Дүниежүзінің саяси картасы», «Қазақстан Республикасының саяси картасы», кесте, "Алтын адам" суреті, тірек-сызбалар.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, тугендеу.
Өткен тақырыпты қайталау: Сұрақтар:
Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері қалыптасты?
Қола дәуірінде қандай діни наным – сенім қалыптасты?
Қола дәуіріндері қолөнер мен үй кәсібі туралы баяндаңыз?
Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастарды түсіндіріңіз?
Жаңа тақырыпты оқыту
Жоспар: 1. Тас дәуіріне сипаттама.
2. Жазба деректер.
3. Дәуірдің тарихнамасы.
4. Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі.
Бірінші мәселеде студенттердің темір дәуірі туралы не білетіндерін пікір алысу арқылы талдап алған жөн. Одан кейін дидактикалық материалдардағы "Темір дәуірінің ерекшеліктері" сызбасын іліп, білімдерін бекітеміз.
Екінші мәселеде сақ тайпалары туралы жазба дерек мәліметтеріне сүйене отырып, сақтардың мекендеген жеріне, шаруашылығына, әдет-ғұрпы мен діни наным-сеніміне, парсылар мен сақтар арасындағы соғыстарға тоқталып, студенттедің сақ тайпалары туралы білімдерін тереңдету арқылы оларды өз жерінің, елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
"Сақтар туралы жазба деректер", "Анахарсис" деген тақырыптарда үйге шығармашылық жұмыстары беріледі.
Үшінші мәселені мұғалім өзі түсіндіре отырып, негізгі мазмұнды студенттердің дәптеріне жазғызады:
— орыс ғалымдарының зерттеуі — Г.Ф. Миллер, П.С. Паллас, В.В. Радлов;
— сақтар тарихын ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым — В.В. Григорьев;
— 30-жылдардан бастап ғылыми тұрғыда зерттелуі — М.П. Грязнов, Б.Н. Граков, А.Н. Бернштам.
"Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі" мәселесін түсіндіру барысында дидактикалық материалдағы тірек-сызбаны пайдалану ұсынылады. Бұл мәселені ғалымдардың зерттеу қорытындысы негізінде түсіндіреді. Картаны, деректі фильмді, альбом-суреттерді көрсете отырып өтсе сабақтың тиімділігі арта түседі.
Студенттер төрт топқа бөліп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріліп, жауап алынады.
I топ
1. Сақ тайпаларында шаруашылықтың қандай түрлері дамыған? Көшпелі мал шаруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіндер.
2. Суармалы жер шаруашылығының ерекшелігі қандай?
ІІ топ
1. Шаруашылықтың, өндіргіш күштердің дамуы қоғамның әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
2. Малдың қай түрлері көп өсірілді? Оның тиімді жақтарын айтып беріндер.
ІІІ топ
1. Сақтарда қолөнердің қандай түрлері дамыған?
2. Сақ шебері жасаған ерекше бұйым деп нені атауға болады?
IV топ
Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?
Сақтарда қандай қосалқы шаруашылықтың түрлері болған?
Нығайту: Сұрақтар:
Қазақстан жерінде темір дәуірінде қандай тайпалар өмір сүрді?
Сақтардың қоғамдық құрылысына тоқталыңыз?
Сақтарды грек, парсы, иран деректерінде қандай атпен кездестіруге болады?
Тарих атасы Герадоттың сақтар туралы деректерін баяндаңыз?
Үй тапсырмасы: Тақырыпты мазмұндап келу. Картамен жұмыс
Өзіндік жұмыс: Тест тапсырмаларын құрастыру (3 сұрақ)
Оқытушы: Амантаева Ж.А.