Саба? жоспары, 8-сынып геометрия Тікт?ртб?рыш оны? ?асиеті мен белгілері
№ 8 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Тіктөртбұрыш оның қасиеті мен белгілері
Мақсат:
Жаңа білім Тіктөртбұрыштың биіктіктері арқылы оның периметрін табады. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және периметрін қолдана отырып, оның қабырғаларын анықтайды. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының айырмасын және қабырғаларының қатынасын қолдана отырып, оның қабырғаларын есептейді.
Жаңа түсінік Барлық тіктөртбұрыш параллелограмм екенін түсінеді.
Қолданым әрекеті Тіктөртбұрышты берілген элементтері арқылы салуда, оның анықтамасын қолданады.
Талдау әрекеті Тікбұрыштың анықтамасын қолдана отырып, ABCD тіктөртбұрышындағы ∠DBC бұрышын талдайды.
Шығармашы-лық әрекет Тіктөртбұрыштың бір белгісін дәлелдейді.
Бағамдау әрекеті Параллелограмм мен тіктөртбұрыштың байланысын түсінеді. Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін ұғынады.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
Сабақ типі: фронтальді, топтық
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Оқушыға жол сілтеу, кей кездері көмектесу және оқушының индивидуалдылық қасиеттерін дамыту.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тіктөртбұрыш, параллелограмм, диагональ.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
Ақпарат көздері:
Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.
Жаров, В.А., Марголите П.С., Скопец, З.А. Геометрия бойынша Сұрақтар мен Тапсырмалар. Москва, Просвещение, 1965.
Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.
Үй тапсырмасы:
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB – BC = 3 см, P = 14 см. Қабырғаларын табыңыз
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB = 2BC. P = 12 см. Қабырғаларын табыңыз
Тіктөртбұрыштың “Егер төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, онда ол фигура тіктөртбұрыш” деген белгісін дәлелдеңіз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ ○
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Тіктөртбұрыштың анықтамасы және биіктігі
2. Тіктөртбұрыш пен параллелограмның ұқсастығы
3. Тіктөртбұрыштың диагональдары жайлы теорема
4. Тіктөртбұрыштың белгілері
Слайдтар:
1 – слайд (титул)
2 – слайд Сабақтың мақсаты
3 – слайд Тақырып жоспары
4379595-25404 – слайд Тіктөртбұрыштың анықтамасы
Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш тіктөртбұрыш деп аталады
5 – слайд Тіктөртбұрыштың биіктігі
Тіктөртбұрыштың бұрыштары тік болғандықтан:
Тіктөртбұрыштың биіктігі ретінде оның қабырғаларын аламыз.
6 – слайд Тіктөртбұрыш және параллелограмм
Тіктөртбұрыштың сыртқы және ішкі бұрыштары тең.
4443095-122555Яғни, тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне параллель.Осыдан, тіктөртбұрыш параллелограмның дербес жағдайы. Сол үшін тіктөртбұрышта параллелограмның қасиеттері сақталады.
7 – слайд Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең
Тіктөртбұрышта параллелограмның қасиеттері сақталғандықтан оның қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең.
8 – слайд Тіктөртбұрыштың диагоналдары тең
5 - meорема. Тіктөртбұрыштың диагоналдары тең болады
∆ ВDС мен ∆ САВ - ны қарастырып, екеуінің тең екенін дәлелдейік:АВ ІІ DC болғандықтан және бұрыштар тік болғандықтан: ∆ ВDС = ∆ САВ Үшбұрыштар тең болғандықтан: АС = ВD Яғни, екі диагоналы тең.
9 – слайд Тіктөртбұрыштың белгілері
1. Егер параллелограмм берілсе және оның бір бұрышы тік екені белгілі болса, онда ол фигура тіктөртбұрыш
2. Егер параллелограмм берілсе және оның диагоналдары тең екені белгілі болса, онда ол фигура тіктөртбұрыш
3. Егер төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, онда ол фигура тіктөртбұрыш
10 – слайд Тіктөртбұрыштың белгілері
Диагоналдары тең параллелограмм тіктөртбұрыш болады Қарама - қарсы қабырғалары параллель екенін қолдану арқылы және диагоналдары тең бөліктерге бөлінетіндігін қолдана отырып, сол жақтағы суреттегідей бұрыштарды табамыз. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қолдана отырып, бұрыштардың барлығы тік екені шығады.
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Тіктөртбұрыштың ерекшеліктерін жаз Тіктөртбұрыш пен параллелограмның ұқсастығы Тіктөртбұрыштың белгілері
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Барлық параллелограмдарды тіктөртбұрыш дей аламыз ба?
Тіктөртбұрыштың биіктіктері берілген: 5 см, 10 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз
ABCD тіктөртбұрышы берілген. АВ = 1 см, BC = 3 см. P = ?
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB – BC = 5 см, P = 26 см. Қабырғаларын табыңыз
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB – BC = 5 см, СD:DA = 3:2. Қабырғаларын табыңыз
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB>BC. Диагоналдарының қиылысу нүктесін О деп алайық. ∠DBC = 60°. ∠AOB = ?
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB>BC. ∠AED = ∠ADE болатындай АВ қабырғасынан Е нүктесі алынған. Егер АD = 4 см, P = 14 см болса, ЕВ = ?
ІІ деңгей тапсырмалары
Бір қабырғасы мен диагональі бойынша тіктөртбұрыш салыңыздар
Екі қабырғасы бойынша тіктөртбұрыш салыңыздар
ІІІ деңгей тапсырмалары
ABCD тіктөртбұрышы берілген. AB>BC. ∠DАC-ның қандай градустарға тең бола алатының талдаңыздар.
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.
1. Берілгені: төртбұрыш
Дәлелдеу керек: параллелограмм
2. Берілгені: төртбұрыш
Дәлелдеу керек: параллелограмм
3. Берілгені: төртбұрыш
Дәлелдеу керек: параллелограмм
V. бағамдау-бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________