О?шау с?здер та?ырыбында?ы саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы:Оқшау сөздер
Сабақтың мақсаты:а) Білімділік. Оқушыларды сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;ә) Дамытушылық. Теориялық білімді практика жүзінде баяндауға дағдыландыру.б) Тәрбиелік. Жаттығу жұмыстары барысында адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, үлкен - кішіні сыйлауға ,сөз мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу.Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірме қағаздар, компьютер. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың назарын сабаққа аудару2. Сабақ мақсатын хабарлау, күн ретін, тақырыпты жаздырту
Үй тапсырмасын тексеру1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?2.Қандай сөйлем мүшелері бар?3.Сөйлем негізі дегеніміз не?4.Тұрлаулы мүшелер дегеніміз қандай мүшелер?5.Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз қандай мүшелер?6.Айқындауыш мүше дегеніміз не?7. Айқындауыш мүшенің неше түрі бар?8. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не? (мысал келтір)9. Қосарлы айқындауыш дегеніміз не? (мысал келтір)10. Сөйлем ішінде айқындауыш қандай тыныс белгімен ажыратылады?11. Бірыңғай мүше дегеніміз не? (ханталапай ойыны)
Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестері болады. Бұларды оқшау сөздер дейді.
Жаңа сабақ Оқшау сөздерОдағайҚаратпа сөзҚыстырма сөз
Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.Мысалы: Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.Өлеңім, шарла, ауылды.Тыңда, дала, Жамбылды! Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді, бұл, көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, Жамбылдың өлеңге, далаға қаратып айтқаны.Қаратпа сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келе береді. Қаратпа сөз басқа сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.
Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын - күмандылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай - ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін - білдіру үшін қолданылады.Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын, екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді..Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден, т. б.Қыстырма сөздер кейде сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.
Одағай сөздер: Қаратпа, қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл - күйін - қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын - білдіру қажет болғанда қолданылады.(көңіл-күй,жекіру, шақыру)Мысалы: Па, шіркін! Дауысы дауыс - ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады. Сөйлемнің басында келеді, кейде сөйлемнің соңында келеді. Одағайдан соң леп белгісі, кейде үтір қойылады.
Жігіттер, ертең сынақ болады.Ұялма, балам, жоғары шық.Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!Әрине, оның айтқаны дұрыс.Тәйт, жаман әдетті қой.Ой, байғұс бала – ай!Қап, оны кеше сұрау керек еді. Пай - Пай! Неткен керемет!
Оқулықпен жұмыс 86-жаттығу -Ой,қайдан жүрсің?Көріспегелі неше жыл!..-деді Әбіш ананың қолын қос-қолдап сілкілеп жатып.-Тұра тұршы, қарап алайыншы әуелі өзіне!..Мына көзілдірігің мен бет-ажарыңның біраз тозып,дене бітімің ірілінгені болмаса,мүлде өзгермеген сияқтысың.Мен сені бірден таныдым ғой!..Міне тамаша-а!.. Нұрипа мен Кәкен бір-екі адым шеткеріректе олардың кездесуіне әуестене қарап тұрған-ды. Әбіш жолдасын соларға қарай тартып: -Ал, танысып қойыңдар,Нұрипа.Мынау менің мектепте бірге оқыған досым!-деді.
Синтаксистік талдау Нұрипа мен Кәкен бір-екі адым шеткеріректе олардың кездесуіне әуестене қарап тұрған-ды.
Математикалық тәсілмен талдауБерілгені: әуестене
Жұппен жұмысОқшау сөздер қатыстырып бір-бірімен сөйлесу
Бекіту“Ыстық орындық” ойыны1. Оқшау сөз нешеге бөлінеді?2.Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?3. Қаратпа сөз дегеніміз не? 4. . Қыстырма, одағай сөз дегеніміз не?(Семантикалық карта тарату)
Семантикалық карта{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}МысалдарҚаратпа сөзҚыстырма сөзОдағайОйбай,кет әрі!+Меніңше, сенікі дұрыс болмады.+Сірә,сен тапсырманы білмейсің ғой?+Мақпал,сен бүгін маған кел.+Тәйт,жаман мінезіңді көрсетпе!+Тыңда,дала, Жамбылды!+
Үй тапсырмасыОқшау сөздің үш түріне көркем әдебиеттерден 5 сөйлемнен теріп жазып келу. Ережені жаттау. Пысықтау сұрақтарына жауап беру.Бағалау