?ыстырма с?здер ?аза? тілінен саба? жоспары
Қазақ тілі дәстүрлі сабақ
Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Мақсаты: Қыстырма сөздер туралы түсінік беру, олардың сөйлемге үстейтін мағанасымен және тыныс балгісімен таныстыру; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ Үй тапсырмасын тексеру 58-жаттығуды тексеру. ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 2 Жаттығуларды орындау ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.
Төмендегі кесте арқылы қыстырма сөз туралы түсінік беруге болады:
Мағынасы Мысалдар:
Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіреді. Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы.
Сенуді немесе жорамалдауды білдіредіӘрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді
Мүмкін, ол бүгін келіп қалар.
Айтылған ойға айтушының көзқарасын білдіреді т.б. Меніңше, ол - өте жақсы адам.
Қарттардың айтуына қарағанда, биыл қыс қатты болады.
Оқулықтағы 59- жаттығуда жаңа сабақты түсіндіру мақсатында пайдалануға болады.
Оқулықпен жұмыс: а) Сөйлемдерді көшіріп жазып, қыстырма сөздің астын сызу, олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру. /60/61 – жаттығуда сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздердің астын сызу және олардың тыныс белгісі туралы тұжырым жасау. 62-жаттығу сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу. 63- жаттығу Сергіту сәті Жұмбақты шеш. ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ Үйге тапсырма: 64 –жаттығу. ҮІІІ Оқушыларды бағалау