Тазалы?ты с?йеміз Ма?саты: Балаларды тазалы?ты са?тай білуге ?йрету, пайдасын т?сіндіру, тазалы?, с?лулы? туралы м?лімет беру. Дені сау ?рпа? т?рбиелеу. ?йымдастыру кезе?і: «Жылулы? ше?бері»


Тазалықты сүйеміз
Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру.
Дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырады қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң , қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін!


Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Балалар, қыс мезгілінде қар жауып, күн суытады. Үлкендер үйдің ауласын қардан тазалайды. Балалар аулада әр түрлі ойындар ойнайды. (шанамен, канъкимен т.б)
Балалар, сендер тазалықты сүйесіңдер ме?
Ия, сүйеміз.
Іс –әрекет барысы:
Балалар, тазалық деген не?
Тазалық деген – таза, ұқыпты жүру.
Балалар киіміміз, үсті- басымыз, беті-қолымыз қандай болу керек?
Таза болу керек.
Ал, үсті таза баланы қандай бала дейміз?
Ұқыпты, таза бала дейміз
Үсті таза баланы ше?
Ұқыпсыз, лас бала дейміз.
Ендеше балалар, тазалықтың достарымен таныс болайық.
Балалар тазалықтың достарын қайталап айтады.
Ойын: Тазалықтың достары ( суретпен жұмыс).

Балалар сендер тазалық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Нұрай: Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өте жақсы көремін.
Сәбина: Ақ матадай түгі бар,
Қызыл, жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген осы.
Назым: Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әр дайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Ән:
Тазалықты сүйемін,
Таза киім киемін
Денем таза болса да,
Жиі түсем моншаға.
-Көрдіңдер ме, балалар, тазалықтың көп пайдасы бар екен. Біз таза жүрсек денеміз сымбатты, күшіміз көп болады екен. Ал, енді бәріміз бірге тыныс алу жаттығуларын жасаймыз

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.