География п?нінен конспект Африка. Материк жа?алауында?ы м?хиттар мен те?іздер


Тақырыбы: Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Сабақтың мақсаты: Африканың географиялық орнына, сипаттама беру, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғатына әсері туралы мәліметтерді өз бетінше ізденуге , ой өрісін дағдыландыру. 
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Африка материгінің географиялық орнына сипаттама бере алады, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғатына әсері туралы өз ойын еркін жеткізу.
Оқыту технологиясы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдануСабақтың әдісі: Блум таксономиясы, "Ой қозғау", мағынаны тану, сәйкестендіру кестесі,тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнелектері: интерактивті тақта, Дүние жүзінің саяси, физикалық картасы, кескін карта, атлас, постер, маркер, стикер .
Сабақтың барысы: 1..Білу кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. 2.Топтасу кезеңі .Өткен тақырыптар бойынша 3 топқа бөлу. Топтың ережесімен таныстырады. 3Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі 1.Ең үлкен материк 2.мариан шұңғымасының тереңдегі 3.литосфера деген не? 4.бор, юра, триас деген не? 5.атмосфераның қанша қабаты бар? 6.13 климаттық белдеуді зерттеген ғалым 7.ауа массаларын ата? 8.судың қасиеттерін ата? 9.мұхиттағы тіршілік қаншаға бөлінеді? 10.географиялық қабық, оның заңдылықтарын ата? 4.Түсіну кезеңі. Жаңа тақырыптың атын білу үшін мына аббревиатураларды шешу керек. "твоэрак, рааааксдмг " “араахс”Тақырыбы: "Африка" Слайдтар арқылы Африка материгіне саяхат жасаймыз. Экватор, СахараМадагаскар - деп оқушылар шешеді. Сабақтың критерийлерін анықтайды Тыңдайды. 5.Қолдану кезеңі. Жаңа тақырып кезеңі Географиялық есептер шығару.  Материктердің географиялық орнын сипаттаудың жоспарымен таныстыру 1.материктің экваторға, бастапқы меридианға тропиктік және поляр шеңберіне қатысты орнын анықтау 2.Материктің шеткі нүктелерін, олардың координаталарын анықтау. 3.Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа градуспен және километрмен алғандағы қашықтықпен есептеу. 4.Материк жағалауын қандай мұхиттар мен олардың теңіздері шайып жатыр. 5.Материк маңайында қандай басқа материктер орналасқан? Географиялық есептер: 1.Солтүстіктен оңтүстікке қарай арақышықтықты есептеңдер? 2.Батыстан шығысқа қарай арақашықтықты есептеңдер? Оқушылар шеткі нүктелерін анықтап кескін карталарға түсіреді, шектелетін мұхиттар мен теңіздерді картадан көрсетеді, ұзындығын есептеп шығарады. 1.Солтүстіктен оңтүстікке қарай арақашықтық 20 градус және км 32 + 37 = 69 (градус) 69 х 111 = 7659 (км) 2.Батыстан шығысқа қарай арақашықтық 10 градус және км. 15 + 52 = 67 (градус) 67 х 109,6 = 7343,2 (км) 6.Талдау кезеңі Мәтінмен жұмыс  Географиялық орны,зерттелеу тарихы .1)португалдықтардың ашқан жерлері Васко да Гама 2)ағылшын зерттеушісі Д.Ливингстон, Г.Стенли 3)орыс зерттеушілер В.В.Юнкер, Н.И.Вавилов Оқушылардың мәтінді оқиды. Әр топ өз мәтіндерін оқып топта талдайды, постер қорғайды. Қосымша сұрақтар  1.Егер де Африка материгі экватордан төмен орналасқан болса климат қалай өзгереді деп ойлайсыздар? 2.Африканың солтүстік -шығысы мұхитпен шектесетін болса материктегі табиғат қалай өзгеретін еді? 3. Африка материгінде қандай климаттық белдеулер тән? 7.Жинақтау кезеңі  Сәйкестендіру кестесі 
1топ 
ӘЛ-АЗИЗИЯ ТАУ ГИБРАЛТАР САРҚЫРАМА ВАСКО ДА ГАМА ӨЗЕН Н.И.ВАВИЛОВ 7 КЕРЕМЕТТІҢ БІРІ ЗАМБЕЗИ САЯХАТШЫ ТУГЕЛА МҮЙІС АССАЛЬ ТАЙПА АФРИГИ ОРЫС ҒАЛЫМЫ АЙДАҺАР БҰҒАЗ ПИРАМИДА КӨЛ АЛЬ-МАДИ ҚАЛА 
2 топ ҚЫЗЫЛ ШӨЛІ ВИКТОРИЯ АРАЛЫ КАЛАХАРИ ОРЫС ҒАЛЫМЫ НІЛ ҚАЛА В.В.ЮНКЕР КӨЛІ РАС-ХАФУН МҮЙІСІ МАДАГАСКАР ТЕҢІЗ ТУНИС ӨСІМДІК ВИЛЬВИЧИЯ ӨЗЕНІ ОКАПИ ЖАНАРТАУЫ
 3топ ГВИНЕЯ ТАУЫ САХАРА ТҮБЕГІ ИНЕ ШЫҒАНАҒЫ АТЛАС ШӨЛІ СУЭЦ МҮЙІСІ ШЫҒЫС АФРИКА МОЙНАҒЫ СОМАЛИ ӨЗЕНІ ТАНГАНИКА ҮСТІРТІ ЛИВИНГСТОН ТЕҢІЗІ КОНГО САРҚЫРАМАСЫ ЖЕРОРТА КӨЛІ КИЛИМАНДЖАРО ЖАНУАР 
8.Сергіту сәті 9.Қорытынды кезеңі Сабақты бекіту үшін тест сұрақтарына жауап береді. 1.Жер шарындағы ең ыстық материк. А) Австралия Ә) Еуропа Б)Африка В)Оңт. Америка 2. Африка материгінің жер көлемі. А)30,3 млн.км2 Ә) 30,6 млн.км2 Б)24,2 млн.км2 В)18,6 млн.км2 3. Африканың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі. А)Ассоль көлі Ә)Өлі теңіз Б)Өлім аңғары В)Эир көлі 4.Ассаль көлінің деңгейі. А)-120м Ә)-140м Б)-86мВ)-153м 5.Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі. А)Кения Ә)Келиманджаро Б)Камерун В)Аканкагуа 6.Ең биік нүктенің биіктігі. А)5190м Ә)5895м Б)4620м В)4100м 7.Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал. А)Комор Ә)Канар Б)Мадагаскар В)Сейшель аралы 8.Африканың ең ірі көлі. А)Танганьика Ә)Ньяса Б)Виктория В)Чад 9.Материктегі ең үлкен сарқырама? А)Виктория Ә)Анхель Б)Тугелия В)Игуасу 10.Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін жалғастыратын бұғаз. А)Гибралтар Ә)Суэц Б)Мозамбик В)Ормуз 
10.Стикерлер таратылады Стикерлерге сабақтан алған әсері туралы жазады 11.бағалау кезеңі  Үй жұмысы: параграф 43
оқу, кескін картамен жұмыс.