Африканы? физикалы?-географиялы? орны, материк жа?алауын шайып жат?ан м?хиттар мен те?іздер, Африканы? зерттелуі. (7 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі. (7 сынып)Сабақтың мақсаты: Африканың географиялық орнына, зерттелу тарихына, сипаттама беру, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғатына әсері туралы мәліметтерді өз бетінше ізденуге, ой қорытуға даңдыландыру.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: Блум таксономиясы, "Ой қозғау", мағынаны тану, сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кескін карта, атлас карта, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.
ІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Мәтінмен жұмыс.
2.Ойлан тап.
Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір – бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.
Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?
Африканы зерттеген саяхатшылар кімдер?
Африка жағалауында қандай мұхиттар және теңіздер шайып жатыр?
2. «Ойлан, тап» Сандар сөйлейді.
1.30,3 млн км2 – Африка матирегінің жалпы ауданы.
2.6671 км – Ніл өзенінің ұзындығы.
3.7 млн км2 – Сахара шөлінің ауданы.
4.7,5 тонна – Африкадағы жабайы пілдің салмағы.
5.5895 м – Килиманджаро тауының биіктігі.
6.-153 м- Ассаль көлінің деңгейі.
7.590 мың км2 – Мадагаскар аралының ауданы.
8.68 мың км2 – Виктория көлінің ауданы.
9. 933 м – Тугела сақырамасының биіктігі.
ІІІ.Бекіту тапсырмасы:
1.Жер шарындағы ең ыстық материк. А) Австралия Ә) Еуропа Б)Африка В)Оңт. Америка 2. Африка материгінің жер көлемі. А)30,3 млн.км2 Ә) 30,6 млн.км2 Б)24,2 млн.км2 В)18,6 млн.км2 3. Африканың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі. А)Ассоль көлі Ә)Өлі теңіз Б)Өлім аңғары В)Эир көлі 4.Ассаль көлінің деңгейі. А)-120м Ә)-140м Б)-86мВ)-153м 5.Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі. А)Кения Ә)Килиманджаро Б)Камерун В)Аканкагуа 6.Ең биік нүктенің биіктігі. А)5190м Ә)5895м Б)4620м В)4100м 7.Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал. А)Комор Ә)Канар Б)Мадагаскар В)Сейшель аралы 8.Африканың ең ірі көлі. А)Танганьика Ә)Ньяса Б)Виктория В)Чад 9.Материктегі ең үлкен сарқырама? А)Виктория Ә)Анхель Б)Тугелия В)Игуасу 10.Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін жалғастыратын бұғаз. А)Гибралтар Ә)Суэц Б)Мозамбик В)Ормуз Тест жауаптарын бір-бірін тексереді 1.б, 2-а, 3-а, 4-в, 5-ә, 6-ә, 7-б, 8-б, 9-б, 10-а
Қорынтынды.Бағалау
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, кескін картаға материк жағалауындағы теңіз және мұхиттарды бейнелеу.