Сахналы? к?рініс (2-сынып?а арнал?ан)


Күн реті: 31.01.2017
Сыныбы: 2 «В
Тақырыбы: Камералық музыка
Мақсаты:
Білімділік : Музыка мәдениетіне баулу.Камералық музыка түсінігімен танысу.
Дамыту:Ой қабілетін, есте сақтау қабілетін, ән айту өнерін дамыту.
Тәрбиелік:Өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін, оқушы бойына музыкалық тәрбиемен қатар, елін, жерін, ата-анасын, достарын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, үнтаспа ( сергіту сәті), оқулықТипі: жаңа сабақты меңгертуӘдісі: жаңа сабақты түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері! / психологиялық дайынд/
Қуан шаттан,
Қуан шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, достымҚайырлы күн болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Сұрақ-жауапТеатрдағы ең басты адам кім?
Театрға барғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек. Оның қандай ережелері бар?
Режисер не істейді?
Суретшілер қандай жұмыс жасайды?
Сахна әртістерінің киім үлгілерін кім жасайды?
Филармония залынан көбіне қандай музыкаларды тыңдауға болады?
Музыкалық өнер шаңырағы - филармония кімнің атында?
Көрермендер өз көңіл-күйлерін қалай білдіреді?
Театр түрлерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ.
/ суреттер арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу/
left000left000
left17399000
камера музыка

Ерте замандарда Еуропада филармония мен концерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқатты адамдар арнайы үйлеріне шақырып тыңдаған. Мұндай концертке бір немесе бірнеше орындаушылар қатысқан. Әсіресе скрипка, альт, виолончель орындаушыларының концертін тыңдауды дәстүрге айналдырған.
left000
left000
виолончель
- Аспаптардың ұқсастығы мен айырмашылығына тоқтала кету
Концертті үй иесінің туыстары, достары және арнайы шақырылған қонақтар тамашалаған.
Мұндай концертті камералық концерт деп атаған. Бұл атау Италяның «camera», яғни «бөлме» сөзінен шыққан.
Ал, бүгінгі күнде камералық музыка концерттерін филармонияның кіші залынан тыңдай аламыз.
Мысалы, әншілердің дуэті, қобызшылардың триосыІleft000left000шекті аспаптардың квартеті Үрмелі аспаптар квинтетінатап айтуға болады. Осылайша үйде пайда болған камералық музыка үлкен сахнаның төрінен орын алады.
V. Музыкалық сауаттылық.
Екі, үш, төрт және бес адамнан құралған орындаушыларды дуэт,, трио, квартет және квинтет деп атайды.
VІ. Сергіту сәті ( бейнероликке қарап билеу)
VІІ. Ән орындау:
«Домбырасыз сән қайда»
Әні: И.НүсіпбаевСөзі: Х. Талғаров/ әнді қайталап, ән орындау дағдыларын пысықтау/
І Х. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
- Ертеде концертті қайда өткізген?
- Не себепті камералық музыка деп атаған?
- Дуэт, трио, квартет, квинтет дегеніміз не?
Х. Үйге тапсырма.
- «Домбырасыз сән қайда» әнінің сөзін жаттап келу- Камералық музыка / мазмұндау/
- музыкалық сауаттылықты жаттау