К?ктем аруы ?ыздар арасында?ы бай?ауы 
                                                     «Көктем аруы»  байқауыМақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді.1 Жүргізуші: Аяулы ұстаздар,  аналар, апайлар, 22 Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді мектепішілік 2-4 сыныптар арасындағы  «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысын тамашалауға шақырамыз.1 Жүргізуші  : Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады:1. «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/2. «Анасын көріп, қызын ал» / өнерін көрсету /3. «Көктем, Наурыз»  өлеңді мәнерлеп оқу4. ««Менің тілім.»  сұрақтарға жауап беру
5.   «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету/
2 жүргізуші : Әділ-қазы бередіӨздеріңе биліктіӨнерде кім жеңедіСол алады сыйлықтыБүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.„Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,Келеді міне ортаға толқып тасып.Аруларын сыйлаған халқым менің,Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
(Қыздар ортаға шығып.,  2  айналып,   аттарын атағанда сәлем беріп, қайтадан кетіп қалады.)
1-   Жүргізуші:   Ал енді, бүгінгі байқауымызға  қатысатын аруларымызды қарсы алайық.              
                                       Ән салуға жалықпайды
                                       Шаршамайды,  сірә бір
                                                       сан өнері бар,
                                       Сырын терең  ұға біл.
 1 – ші  талапкеріміз                                                                                                                                             
2-Жүргізуші:                  Ұстазын анасындай құрметтеген
                                         Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
                                                   қыз  ұстазының  айнасы ғой  
                                         Сегіз қырлы, бір сырлы болсам 
деген 2– ші  талапкеріміз
1-Жүргізуші:               Сыпайы  оның  мінезі, 
                                      Күліп жүрер ақырын
                                      Қыз сынына кеп қапты
                                      Жүрек жұтқан                қыз
3 – ші    талапкеріміз                                    
2-Жүргізуші:                Алайық қарсы
                                      Үлгілі қыз бұл ибалы
                                       Мерекеге бүгінгі
                                       Әкелген көп бар сыйлары.
4– ші  талапкеріміз                 
1-Жүргізуші:                     Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
                                            Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
                              Ашық қабақ,  торсық шеке, томпақ                     бет,
                                                               ер жүрек қыз табылмас
5– ші  талапкеріміз    
                                    
 2-Жүргізуші:                                        өнерлі
                                       Күліп жүрер ақырын,
                                       Жолың болсын   
                                       Өнеріңді төк енді.
 6– ші  талапкеріміз                                          
1-Жүргізуші:         Өзі әдемі сыпайы 
                                Қазақ қыздан аумайды
                                Қарсы алайық 
Жайдарлы жүзді Әдемі
  7 – ші  талапкеріміз                           
2- Жүргізуші   
                     Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
                    Аруы деп мектептің  жүрейікші
                    Әділқазыларға тек әділдікті,
                    Ал аруларға тек сәттілік тілейікші! 
1.Жүргізуші: Ал, енді қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты «Тегін білу - тектілік»/өзін таныстыру:
2.Жүргізуші: 
Абдуллина Карина 
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
 Шарипова Рината
2. Жүргізуші: Келесі, сайыс «Анасын көріп, қызын ал». Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен ортаға өз өнерлерін көрсетеді!
1.Жүргізуші: 
Абдуллина Карина 
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
  7 Шарипова Рината
2. Жүргізуші: «Көктем. Наурыз». Бұл номинация бойыншақыз балалар көктем   жайлы сыр шертеді. Көркем туынды.Бұл талап жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланады
1.Жүргізуші: 
Абдуллина Карина 
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
  7 Шарипова Рината
2.Жүргізуші : Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша ортаға    
1.Жүргізуші : 4 ші. кезең  «Менің тілім.»  Бұл  талап бойынша , талапкедің тіл байлылығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер ) 
Сандықшамен сұрақтар таратылады, қыздар сұрақты таңдап, жауап беруі керек.
2.Жүргізуші : Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша ортаға    
1.Жүргізуші . Келесі,сайыс «Қыздарға әсемдік жарасады». Аруларымыздың сәнді киімдерін тамашалаңыздар!
2.Жүргізуші: 
Абдуллина Карина 
Бекболова Эллина
Гордиенко Полина
Герлинг Зарина
Пашенцева Анна
Худалей Милана
  7 Шарипова Рината
1-Жүргізуші:                  Сымбатына сән киім  жарасатын,
                                          Аспандағы ай менен таласатын.
                                          Өнеріне сай  келіп тұрған,
                                           Аруларға қызығып қарасасың.
2-Жүргізуші:   
                           Ал, кімнің өнері бар қаншалықты
                            Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
                            Бүгінгі қыз сынында  бәйге алуға,
                            Арулар  аянбай ақ  жан салыпты
1-Жүргізуші:     Қорытынды баға дайын болғанша  әсем ән орындалады
2-Жүргізуші  Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.
Берілетін атақтар:       «Көктем   аруы 2012  »
                                         «Білімді ару»
                                         «Инабатты ару»
                                         «Өнерлі ару»
                                         «Сымбатты ару»
                                         «Ақылды ару»
                                     «Көрермендер көзайымы»
1-Жүргізуші:      Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
                              Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
                             «Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді
                             Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
2-Жүргізуші:Аналар, қалқып бақыт аралындаЛайым мұң қонбасын жанарыңаОсымен ертеңгілігімізді аяқтайықГүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
1-Жүргізуші:      Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Қазақсан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«№2 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
Көктем аруы
Семей