К?ктем аруы-2017 атты бай?ауы. 2 сынып.


Көктем аруы
Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ананы құрметтеуге, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
Қыз балаларды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы инабаттылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлармен безендіру, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: 1. Кіріспе2. Негізгі бөліма) « Мен қазақтың қызымын» (Өздерін таныстырып өтеді)ә) « Өнерлі өрге жүзеді» ( Өнер сайысы)б) « Сұлулық сыры» (Сән үлгісі)в) Мақал-мәтелдер сайысы г) Қонақ күте білемізбе? (Сұрақ-жауаптар)д) «Ас адамның арқауы» (Тағам әзірлеу )
Қорытынды бөлім: Оқушыларды марапаттау
Мұғалім сөзі:Құрметті бүгінгі кешке жиналған қауым
Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аяалайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.Ана-ұлы адам, Ана-құдіретті жан.
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі-8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке.«Қыз сыны» байқауын тамашалауға келіп отырған қымбатты ұстаздар, аналар және осы байқауға қатысқалы отырған ару қыздарды, төрелік ететін қазылар алқасын көктем мерекесі 8-наурыз мейрамымен құттықтаймын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі, Тал бойына жарасқан күлкі әдебі.Бір көргенде болмай-ақ сахнада, Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Енді ару қыздарын ортаға қошеметпен шақырайық.1. Қынабек Аружан2.Рахымберді Балауса3. Жанасбай Әсел4. Маханбет Балжан5. Көшкінбай Гүлназ6. Қарсыбай Жанна
Қазылар алқасымен таныстырып өтемін.Байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар.
1-шартАрулар өздерін таныстырады
Өнер қүып арулар өтер деймінБір басына өнері жетер деймін.Бәске түскен алты ару кезектесіп,Таныстырып өздерін өтер деймін.Текті болу ұрпаққа, біздерге сынҚұрметтеп ата-баба салт-дәстүрін,Тыңдайық кезекпенен аруларды,Сызылып ортамызға келген бүгін.
Таныс болдық арулар тегіменен Туып-өскен мекені еліменен Бәрі ақын көрінеді шетінен ,Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.Ұпай сандары көрсетіледі.
2-шарт «Өнерлі өрге жүзеді» (Өнер сайысы)Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,Би-билеп, ал біреуі ән салыпты.Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға,Арулар аянбай-ақ жан салыпты.Сайысқа қатысып отырған қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді.
3-шарт«Сұлулық сыры» (Сән киім үлгісі)Шешендік, көсемдік бар тілімізде,Оттылық, тектілік бар өзімізде.Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр,Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де.Сымбатына сән киім жарасатын,Аспандағы айменен таласатын.Өнеріне өзі сай келіп тұрған, Аруларға қызығып қарасасың.
Ұпайлар санын көрсетіп жібереді.
4-шартМақал-мәтелдер сайысы.Білімнің ұшқырлығын танып сен,Асып-тасып аптықпа, қалыспа сен.Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
5-шартСұрақтарға жауап беру.Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,Оның сырын біле ме, біздің қыздар.Сол себепті қоятын сұрақтар бар,Ал, арулар сайысқа қалайсыңдар.Сұрақтар:1. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?2.Жеті атаңды ата.3. Балаға неге бас ұстатпайды?4. Жеті қазынаны ата?5. Қыз балаға неге жілік берілмейді?6. Балаға неге малдың құлағын береді?
6-шарт «Ас адамның арқауы» (сайысында әрбір ару уйден әзірлеп алып келген тағамдардың дайындалу жолын түсіндіреді)
Көрсетті өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.Мерекелік ас мәзірін жасапты,Қыздарымыз тез арада майысып.
Ақ жүзіндей ананың,Күндер келді жалғасты.Аруларды байқайық, Қандай екен дәмді асы?
Мерекелік дастарқан мәзіріне аруларға баға беріліп, қазылар алқасына сөз беріледі.Музыкалық үзіліс.
Қорытынды бағаны қазылар алқасы ақылдасып шешеді.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,Аруы деп сыныптың жүрейікші.Әділқазыларға тек әділдікті,Ал аруларға сәттілік тілейікші.
Қорытынды: Құттықтайық ал енді Ару болған қыздарды.Өрге жүзіп өнері,Тауға өрлесін талабы.Қуаныштан жанары,Шоқтай болып жанады.
Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?
2.Жеті атаңды ата.
3. Балаға неге бас ұстатпайды?
4. Жеті қазынаны ата?
5. Қыз балаға неге жілік берілмейді?
6. Балаға неге малдың құлағын береді?
«О. Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Көктем аруы-2017
Дайындаған: Шепетова М
2016-2017 оқу жылы