?аза? тілі п?нінен ?арама ?арсы с?здер 4 сынып


Өскемен қаласы әкімдігінің
«№45 бейімделген орта мектебі» КММ


Тақырыбы:
105029026670Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Өткізген: Абдошева Ж.С.
4 «А» сынып
Өскемен
8. 12. 2016 жыл
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: «Сөз және оның мағынасы» тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту барысында жаттығулар орындату.
Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызба, суреттер сызбалар, кесте.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
а) Психологиялық дайындық.
Балалар, алдымызда қандай үлкен мерекелер келе жатыр ? (16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні)
Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толды? 25 жылБалалар, осыған байланысты мектебімізде де әр күні игі шаралар өтіп жатыр
Бүгінгі күн қалай аталады?
Нұрлы болашақ
Бұл сөздерді қалай түсінеміз?
Сабақтың ұранын айту.
Елбасы « Нұрлы жолды» нұсқап берді,
Тәуелсіздік тұғырын ту ғып ілді.
Мәңгілік ел болуды –жас ұрпаққа
Санасына ұран ғып түсіндірді.
Топқа бөлу
Сурет бойынша топқа бөлу
1-топ Күндіз-Түн
2-топ Биік -Аласа
3-топ Жоғары-Төмен
4-топ Кең-тар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сурет бойынша әңгіме құрау
1.Құраған әңгімелерінен мәндес, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу,
2.Бір топтан бір оқушы оқиды, қалған топтар мәндес, қарама-қарсы сөздерді табады, сөйлем құрайды.

ІІІ. Өткенді білмегеннің-ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау)
«Тірек-сызба» бойынша жұмыс.
«Ой қозғау» Сөз мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? (Қандай?)
14224002368550048895051308000 Сөз мағынасының түрлері

15906751524000
Синоним
Мағынасы жуық сөздер

Антоним Омоним
Мағынасы қарама-қарсы Жазылуы бірдей мағынасы әртүрлі.
«Көк диван» ойыны.

-« Келісемін, келіспеймін» ойыны
1.Сөз дегеніміз-заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы? келісемін
2.Сөз дыбыстардан құралады? келісемін
3.Сөз мағынасына карай 2 топқа бөлінеді? келіспеймін
4.Мәндес сөздер дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер? келіспеймін
5. Ақ-қара мәндес сөздер? келіспеймін
6. Мағынасы бір-біріне жуық сөздер антонимдер? келіспеймін
7. Биік,аласа,төмен мағынасы қарама-қарсы сөздер? келіспеймін
8. Әдемі сөзіне мағынасы жуық сөз сұлу? Келісемін

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Жарайсыңдар. Ал енді балалар алдымыздағы топқа бөлінген суреттерге назар аударып көрейікші. Неліктен олай бөлінді деп ойлайсыңдар?
-Мағынасы қарама-қарсы қандай сөздер шықты?
-Мағынасы қарама-қарсы сөздер дегеніміз не?
Мағынасы қарама-қарсы сөздер олар бір сөз табына жатады, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылады.
Бүгінгі сабағымызда біз антонимдерге байланысты жаттығу жұмыстары мен әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса, жаттығу жұмыстарын орындауға кірісейік!

Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадын жазайық.
Бүгінгі тақырыбымыз қандай дыбыстан басталып тұр? (А)
Олай болса, Аа- әрпін көркем етіп жазайық.
Көркем жазу. Аа Аа Аа
.
Оқулықпен жұмыс. 8-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу.
Ойын «Кім тапқыр?» Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сөзді оқушы тез тауып айту керек.
1 Туған жердің ..........де ыстық, ....... де ыстық (күні түні )
2....... шөп батады, ......... сөз батады. (жаманға жақсыға)
3 ....... бала қызық, ........бала күйік. (жақсы жаман)
4 Ер жігіт ел үшін.......... (туады)
Ел үшін ............ (өледі).
5 .............тыңда, .................сөйле. (көп аз )
6 Өтірік қаңбақ, ................салмақ. (шындық)
7 ...............дос көбейтеді,
...........мал көбейтеді. (Жомарт Сараң)
11-жаттығу. Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз. Неліктен кейбір сөз жұптары мағынасы қарама-қарсы сөздер тобын құрай алмайтынын дәлелде.
Жақсы-жаман, жоғары-төмен, есік терезе, әңгіме үндемеу, оңай-қиын, үлкен-кіші.
Парақшалармен жұмыс
Дарынды оқушылармен жеке жұмыс.
1-карточка.Берілген сөздерден қарама-қарсы сөздер құрап жаз.
2-карточка.Берілген сөздермен сөйлемдер ойлап жаз.
3-карточка.Қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтелдер жаз .
4-карточка.Қарама-қарсы мағыналы сөздері бар жұмбақ жаз.
5-карточка.Қарама-қарсы мағыналы сөздері бір топқа, мәндес сөздерді бір топқа жазу.
Сергіту сәті. Шаршаған да болармыз бойымызды сергітіп алайық!
«Төрт қадамды сұхбат» әдісі бойынша тапсырмалар орындалады.
1-топ: жұмбақты жасырады
2-топ: жұмбақтың шешуін табады
3-топ: жұмбақ ішінен қарама-қарсы сөздерді табады
4-топ: сөйлемдер құрау
Топпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
1 – топ Берілген тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құра
Астана, биік, үйлер, бой көтерді, жел , суық, жылы, демалуға, кең көшелер, Президент, жазда, Бәйтерек, армандарың, қала, әсем.
2-топ Сызба бойынша сөйлемдер құрау
_____ ---------- ______.
-------- _______ _______ ______.
_____ ______ --------- _________.
3- топ Қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
Биік, Адал, Ашық
Ақ, қатты, Арзан
Ұзын, Өтірік, Ыстық
Жоғары, Жақсы, Батыр
4-- топ Венн диаграммасына түсіру
Мәндес сөздер Қарама-қарсы сөздер
2247900110490001329690110490

Семантикалық картамен жұмыс.
Қарама-қарсы сөздер
Сөздер Батыр Білімсіз Төмен Ыстық
Білімді Жоғары Қорқақ Суық
ІІІ. Қорытындылау.
Сабақ Бүгінгі сабақта? Қорытынды
Сабақ ұнады ма?
-Егер ұнаса, өздеріңе ұнаған смайликтеріңді жабыстырамыз.
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. 87 бет 14- жаттығу