?арама — ?арсы ма?ыналы с?здер


Тақырыбы: Қарама- қарсы мағыналы сөздер Мақсаты:1.Оқушылардың қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы  алғашқы түсініктерін қалыптастыру;берілген сөздерге қарсы
мағынадағы сөздерді тауып айта білуге үйрету.  2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, шығармашылық,  ойлау қабілеттерін дамыту.  3. Белсенділікке, ізденімпаздылыққа,зеректікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу. Көрнекілік: суреттер,заттар, сызба, Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай сұрақ болса да, Таппай оны қоймайық! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1) 101- беттегі 3-жатт. оқыту Қарама-қарсы мағыналы сөздердің сыңарын табу. 2) «Бәйге» ойынын ойнату Сұрақтарға жауап беру арқылы өз көліктерін алға жылжытып отырады.1. Сөйлем дегеніміз не? 2. Сөйлем неден құралады? 3. Сөз неден құралады? 4. Мәндес сөздер дегеніміз не? (Мағынасы бір – біріне жақын сөздерді мәндес сөздер дейміз ) 5. « Бөпе » сөзіне мәндес сөз тауып айт (нәресте, бөбек) 6. «Сұлу» сөзіне мәндес сөз айт (көркем, әдемі) 7. « Анасы» сөзіне мәндес сөз айт. (шешесі) 8. «Жақсы» сөзіне қарсы мағыналы сөз тауып айт ( жаман) 9. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз? ІІІ. Жаңа сабақ 
Сызбамен жұмыс Сөз мағынасына қарай үшке бөлінеді. 
Сөз

Мәндес сөздер Қарама- қарсы мағыналы Әртүрлі мағыналы
сөздер  сөздер2) Үстелдің үстіне әртүрлі үлкен, кіші, жуан, ұзын, жіңішке, қалың, жұқа заттар,суреттер қойылады. (қалың кітап,жұқа кітап, ұзын сызғыш, қысқа сызғыш, жуан ағаш, жіңішке ағаш,тәтті кәмпит,ащы құрт т.б) 
1-жаттығу.Ауызша
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, сөйлемдерді оқу.
3) «Ойлан тап » ойыны. 2- жатт. І –ші бағандағы сөздерге қарама- қарсы мағыналы сөздерді тауып жаздыру.
Алыс жер –
Қымбат киім-
Айлакер адам-
Батыр бала-
Биік ағаш-
Суық су- 4) Ойын «Кім жылдам?» Көркем жазу
3 –жаттығудағы мақалды көшіріп жаздыру, қарама –қарсы мағыналы сөздерді тауып, астын сыздыру. Сергіту сәті (ұйқасын тап) -Тақ, тақ, тақ (аяқ тарсылдату) Айтамыз біз .... не? (тақпақ) -Рақ, рақ, рақ (қолды шапалақтау) Күзде түсер ..... не? (жапырақ) -Қол, қол, қол (қол бұлғау) Күзде егін ... (мол) -Тоқ, тоқ, тоқ ( партаны тоқылдатады) Шыбын- шіркей жоқ. 
5)«Аққала » ойыны
Тар, қалың , кең, жас,қара,кәрі , жұқа, кіру ,ақ,шығу жұмсақ ,алыс, қатты ,жақын



6) Электронды оқулықпен жұмыс
«Қарама-қарсы мағыналы сөздер» тақырыбына әртүрлі тапсырмалар орындау.
7) «Ой толғау» әдісі. Шығармашылық жұмыс
4-жаттығу. Сурет бойынша қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрау.
Сергіту сәті
1.Бар ма, жоқ па білмеймін, Ол жоқ жерде жүрмеймін. ( Ауа) 2.Бірі ащы, бірі тәтті, Екі ұнтақ, екеуі де ақ. (Тұз бен қант) 
3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
4.Жақсы дос жарыққа шығарады,
Жаман жолдас батпаққа батырады.
5.Үлкен бастар, кіші қостар.
ІV.Сабақты қорытындылау
-Балалар бүгін біз қандай сөздермен жұмыс істедік?
 V.Үйге тапсырма: 103-б. 5- жатт.
- Бұл ойында ортаға бес асық тізіледі. Екі қатардан кезекпен оқушылар шығып, асықты атады.Әр асық нөмірленген, нөмірлі жұмбақ оқиды.Жұмбақтан қарсы мағыналы сөздерді тапқызу. 1)Жазғы киімі жасыл, Қысқы киімі ақшыл. 2) Күндіз білінбейді, Түнде күлімдейді. (Ай) 3)Бар ма, жоқ па білмеймін, Ол жоқ жерде жүрмеймін. ( Ауа) 4)Бірі ащы, бірі тәтті, Екі ұнтақ, екеуі де ақ. (Тұз бен қант) ІV.Сабақты қорытындылау (Балалар бүгін біз қандай сөздермен жұмыс істедік?) V.Үйге тапсырма: 115-б. 5-6 жатт. 
Тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Мақсаты: 1. Сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтау. 2. Кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болатыны туралы түсінік беру. 3. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен жұмсауға үйрету. 4. Оқушылардың сөздік қорын молайту.
Сабақтың көрнеклігі: сурет, кеспе,
Пәнаралық байланыс: математика, дене шынықтыру, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Үш топқа оқушыларды бөліп шырша безендіру.Әр сұраққа жауап берген сайын оқушылар шыршаға ойыншық іліп отырады.
1-ойыншық. Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар қойылды.
Балалар, сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
Заттың атауын, қимылды, сапаны және санды білдіретін сөздер.
Тақтада үш шырша ойыншығының суреті ілініп тұрады.Үш қатар оқушылары шырша ойыншығын таңдайды.Әр ойыншықтың артында әріп берілген. Сол әріпке олар заттың атын, қимылды, сапаны және санды білдіретін сөздер айтады және сол сөзге сұрақ қояды.
Сонымен, балалар,сөздер көптеген мағынаны білдіреді. Мына суреттерге қарап сөздердің атауын атаңдар.
Керік биік, жылқы аласа
Ата қарт, бала жас
Пияз ащы, кәмпит тәтті
Қыз кеште ұйықтады, таңертең ұйқыдан тұрды
Осыларды айта келе біздер сөздің тағы қандай болатынын байқадық?
Қарама-қарсы мағынада болатынын байқадық.
Операционалдық-орындаушылық кезең. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қарама-қарсы мағыналы сөздер.
Дәптермен жұмыс. Күннің жадынын жазу. Көркем жазу. Ү ү әрпі , Үміт, үлкен сөздері. Үлкен қандай мағынаны береді?Осы сөзге қарама-қарсы сөз қандай? Кіші
Оқулықпен жұмыс.
2-ойыншық. 237-жаттығу ауызша орындалады. Топ-топпен орындалады.
1.Мәтінді оқып,қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап және сұрақ қой.
2. Мәтінге ат қой. Неге олай қойғаныңды дәлелде.
3.Қалтайдың қылығы дұрыс па? Үй жануарларына қатысты тағы қандай жаман қылықтар бар?
3-ойыншық. 238-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
1.Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз. Қандай сөз тобына жатады, сұрақ қой. Мақалдың мағынасын түсіндір.
Сергіту сәті
4-ойыншық. 239-жаттығу. Таза, лас, тар, кең сөздерін қатыстырып сөйлем құра..
5-ойыншық. 240-жаттығу. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді жаз.бұл сөздердің мағынасы қарама-қарсы екенін дәлелде.
Рефлексиялық- бағалау кезеңі
Сәйкестендір
Ұқыпты- ыссы
Қорқақ- салақ
Салқын-мықты
Білім қорыту тесті
Үш топқа үш сұрқтан тест тапсырмасы беріледі.
1.Тәртіптісөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
А) жаман ә) биік б)тәртіпсіз в)алыс
2. күлдісөзі нені білдіреді?
А) заттың аты ә)санның аты б) сапаның аты в)қимылдың аты
3.«Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар»мақалында қарама-қарсы мағынаны білдірмей тұрған сөзді тап
А) үлкен-кіші Ә)кіші-кісі Б)бастар-аяқтар
1.көңілді сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
А) ұзын ә) қымбат б)мұңды в)жуас
2. қарт сөзі нені білдіреді?
А) заттың аты ә)санның аты б) сапаның аты в)қимылдың аты
3.«Жазда күн ұзарады, түн қысқарады»сөйлемінде қарама-қарсы мағынаны білдірмей тұрған сөзді тап
А) күн-түн Ә) ұзарады-қысқарады Б)жазда-ұзарады
1.ауру сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
А) салақ ә) барды б)сау в) әлсіз
2. кең сөзі нені білдіреді?
А) заттың аты ә)санның аты б) сапаның аты в)қимылдың аты
3.Түлкі өзінің қулығымен аңқау арыстанды алдап кетті.Сөйлемінде қарама-қарсы мағынаны білдіріп тұрған сөздер тобын тап
А) түлкі-қу Ә)қу-аңқау Б) арыстан-түлкі
Об этой рекламенда жазылға
Сөйлем дегеніміз не? 

Сөйлем неден құралады?
 

Сөз неден құралады? 

Мәндес сөздер дегеніміз не?

« Бөпе » сөзіне мәндес сөз тауып айт
«Сұлу» сөзіне мәндес сөз айт
« Анасы» сөзіне мәндес сөз айт. (шешесі) 
«Жақсы» сөзіне қарсы мағыналы сөз тауып айт
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?