Саба?ты? та?ырыбы: Таби?и материалдарды ??деуде бізді ?олдану
3920490-30353000Салихова Батима
бастауыш сынып мұғалімі
Сүйіндік жалпы орта мектебі
Құрманғазы ауданы, Атырау обл.
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдарды өңдеуде бізді қолдану
Сабақтың мақсаты:
1. Шыбықтардан гүлкөмбе жасап үйрену дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.
2. Ағаш шыбықтарын ию, байлау икемділіктерінің қалыптасуына, артуына мүмкіндік туғызу.
3. Әдемілікті сезінуге үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: іші қуыс қатырмақағаз, ермексаз, жіңішке ағаш шыбықтары, жіңішке жіп, өсімдік сабақтары, гүлдер, қағаз, пышақ, қайшы, топырақ.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе әңгіме.
а) Оқушылар біз жайлы білетін білімдерін ортаға салу:
- ұшы үшкір құрал;
- ұшы темірден, болаттан, сабы ағаштан жасалады;
- етік тігеді;
- ер-тұрман жасайды;
- былғары заттарды және басқа заттарды тесуге арналған.
ә) Мұғалім бізді көрсете отырып, толық түсіндіру жұмысын жүргізеді.
б) Бізді пайдаланған кездегі қауіпсіздік ережелеріне ерекше тоқталады және оқушыларға қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керектігін ескертеді.
2. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыра келе «күрке» жайлы әңгімелесу, кестені толтыру.
3. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі. Сыныпқа екі түрлі күркені жасау жолын түсіндіреді.
Не үшін қолданады? Қалай жасайды? Неден жасайды?
Күрке Шөп шабу, балық аулау, серуенге шығу, егіс басында Ағаш шыбықтарын байлау арқылы Ағаш шыбықтарынан
4. Практикалық кезең.
1-топ жай күркені жасайды.
2-топ атарқа күркені жасайды.
а) Дайын тақтайшаның бетіне циркульмен шеңбер жүргізу.
ә) Шеңбердің арасын бірдей өлшемде нүктелеу арқылы тесіктің орнын анықтау.
б) Бізді пайдаланып, бірнеше тесік жасау.
в) Осы тесіктерге шыбықтарды қадау, ию.
г) Иілген шыбықтардың ұштарын біріктіріп байлау.
Мұғалім бізбен тесу кезінде оқушыларға көмек көрсету керек. Шыбықтардың басын байлау кезіндегі жіпті байлау әдісін көрсеткені дұрыс.
2-топқа да осындай әдіспен түсіндіру жұмысын жүргізеді.
5. Сабақ соңында екі топтың жұмысын тексеру барысында сапасына, ұқыптылығына, сырт көрінісіне мән берген жөн.