Абайды? жиырма то?ызыншы ?ара с?зі
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрі: талдау сабағыСабақ әдісі: сұрақ-жауап, іздену, пікір алмасу, талдау.Көрнекілігі: Абай портреті, буклеттер, сызба кестелер.Ұйымдастыру: Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі Сабақтың мақсаты: білімділік-оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен қарасөздерін талдата отырып білімдерін тереңдету;Дамытушылық-еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге, қарасөз мағынасын терең түсіне білуге дағдыландыру;Тәрбиелік-сөз мағынасын дұрыс түсінуге, имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында дүниге келген. Ол Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Новои т.б. ақындардың шығармаларын өз бетімен оқиды.Қазақтың халықтық өлең – жырларын, ертегі, дастандардыжастай жадында сақтаған. Үй тапсырмасын тексеру (сызба бойынша әр оқушы өз ойын дәлелдейді) Абай Ақын Дана Аудармашы Композитор Жаңа сабақ.Жүрегімнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма,-деп жырлаған кім?Абай. Мына шумақтың қай тармағына ерекше назар аударар едіңдер? Мағынаны тану. “Жарлы болсаң, арлы бол” Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын.Егер онысы: “Жалға жүргенінде жаныңды қинап, еңбекпенен мал тап” деген сөз болса, ол ар кететұғын іс емес “Қалауын тапса, қар жанады” “Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ” “Атың шықпаса, жер өрте” Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат? “Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол” Алтын көрсе, періште жолдан таяды Періштеден садаға кеткір-ай!Періште алтынды не қылсын,Өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. “Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті” Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ – ең арсыздың қылығы емес пе? Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің Абай қара сөздері Таным Дін Ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі оның ішінде тұтастай алғанда адамдардыңбілімі мен нанымы ар-ұждан мұраттарымен әлеуметтік құқықтылық реттеушісі ,саяси бағыт – бағдар қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас. Абай дін жайында: Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім – діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни депкөрсетеді. Ол қазақтардың рухани құндылықтарын сындарлы ой елегінен өткізіп, олардың көбі уақыт талабына сай еместігін, қоғам талабына шыға алмайтынын, халықтың өсіп - өркендеуіне, дамуына ықпал етпейтінін байқайды. Ауылдың тұйық, мешеу тіршілігі жанын жай таптырмайды, надандық, дау – жанжал, қызғаныш, өсек, парықсыздық елді жайлаған ауыр дерт осындай еді. Ол масылдық пен надандықты , еріншектік пен жалқаулықты жойып, еңбекпен сүюге баулуды ұлы мақсат етіп қояды. “Қара сөздерінде” Абай былай деп жазды: “Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұндығының бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудадаға салынса, қолы тиер ме еді?...Ол ауылдан бұл ауылға, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар”. (236 б)Еңбексіздік адам баласын тоздырады, еңбек береке бастауы, ал еңбек сүйгіштік – қайратты адамның ең басты қасиеті. Асыл сөздің жалғасын тап: Пайда ойлама, ..................Адал еңбекпен мал іздемек-ол арлы ..................Әділ сөз .......................Әділдік – іс-әрекеттегі ...........Ар жазасы - ................................Әділ жол мақсатқа .........................Арлы адам – ардақты, ар - ................................Ұят – адам өміріндегі сенімді .........................Әр адамның құдайы - ....................... Үйге тапсырма: Абайдың 29-шы қара сөзі Назарларыңызға рахмет