А.??нанбай?лыны? жиырма то?ызыншы ?арас?зі
Сабақтың тақырыбы А.Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қарасөзі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты 1. Жиырма тоғызыншы қарасөздін мазмұнын білу.
2.Жиырма тоғызыншы қарасөздін мазмұнын талдау арқылы түсіну.
3. Жиырма тоғызыншы қарасөздегі мақал –мәтелдерге айтылған сыни пікірді салыстырып үйрену.
Күтілетін нәтиже 1. Жиырма тоғызыншы қарасөзінің мазмұнын білетін болады.
2. Жиырма тоғызыншы қарасөздін мазмұнын талдау арқылы түсінеді.
3. Жиырма тоғызыншы қарасөздегі мақал –мәтелдерге айтылған сыни пікірді салыстырып үйренеді.
Негізгі идеялар Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Тапсырмалар Ойқозғау (сұрақ-жауап)
Топтық жұмыс (мәтінді талқылау)
АКТ-ны пайдалану (бейне сюжет көрсету)
Жұптық жұмыс (кесте толтыру)
Жеке жұмыс (блум таксономиясы)
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу
Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау
3 минут
2 минут
6 минут 1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;
2.Түрлі түсті қағаз бетіне Абайдың өлеңі, әні және нақыл сөзі жазылған қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу;
«Желсіз түнде жарық ай»,
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,
«Жаман дос – көлеңке»
3. Тақырыпты анықтау мақсатында үнтаспадан Абай Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қара сөзін тыңдату
4. Ой қозғау кезеңі
(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру) Алған сурет қиындылары арқылы топтасып, топқа бөлінеді
Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.
Түсіну
Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау
7 минут «Мағынаны тану »
Абай Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қара сөзінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында оқулықты пайдалану.Оқулықпен жұмыс
Әр топқа мәтінді абзац бойынша бөліп беремін
Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын постер арқылы жеткізу. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді
Өз ойларын еркін жеткізеді.
Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.
Қолдану
Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу
10минут «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе Абай атаға хат
Шығармашылық жұмыс. Оқушылар өз ойларын жазады.
Талдау
Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру
7 минут Қазақ мақалдары Абайдың көзқарасы Менің ойымша
Жарлы болсаң ,арлы болма Қалауың тапса, қар жанады Атың шықпаса, жер өрте Алтын көрсе, періште жолдан таяды Ата – анадан мал тәтті,
Алтын үйден жан тәтті Оқушылар берілген кестені толтырады.
Жинақтау
Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау
7 минут Ойлау деңгейлері Сұрақтармен тапсырмалар Оқушының жауабы
Білу А.Құнанбаевтың қандай шығармаларын білесің? Түсіну Сенің өмірінде Абай шығармашылығының алатын орны қандай?
Қолдану Ақынның қарасөз жазудағы мақсаты не ? Талдау Неліктен Абайдың қара сөздерін - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы дейді ?
Жинақтау Қарасөздерден қандай тағылым, үлгі алдыңдар ?
Бағалау Абай шығармашылығымен танысу сіз үшін қаншалақты маңызды?
Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген кестені толтыруға тырысады.
Бағалау
Мақсаты: алған білімдерін саралау
Рефлексия 2минут Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді ? Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.