Абайды? ?арас?здері Алтыншы,он то?ызыншы ?ара с?зі
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Абай Құнанбаев Алтыншы,он тоғызыншы қара сөзі(10 “а”сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ханов Шохан Уалиханович 20.01.2015 Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;2. Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыниойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;3. Тәрбиелік. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.Сабақтың типі: жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі: ізденіс сабақӘдіс - тәсілдері: проблемалық ізденіс, талдау, ойын, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістеріКөрнекілігі: Абайдың қарасөздері, слайдПәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, Абайтану, өмірмен байланыс “ҚЫС “ тобы “КҮЗ” тобы “ЖАЗ” тобы «ЖАЗҒЫТҰРЫ» тобы ІІ.Үй тапсырмасы Ақ қалпақ-цифрлар арқылы жаңа мәлімет береді. «Алты ойшыл қалпақ» әдісі Сары қалпақ- позитивті жақсы жақтарын айту. Қара қалпақ-осы тақырыптың жағымсыз қара жақтарын айту. Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз Абай ҚұнанбаевАлтыншы,он тоғызыншы қара сөзі Өлеңдері Қара сөздері Поэмалары Күйлері Әндері 176 өлеңі 46 қара сөздері «Ескендір»«Мағсұт»«Әзім әңгімесі» «Май түні»«Тор жорға»«Абай желдірмесі» «Сегіз аяқ»«Бойы бұлғаң»«Айттым сәлем, Қаламқас»«Желсіз түнде жарық ай»«Татьянаның хаты» т.б Оқушыларға оқыту: Қарасөз туралы теориялық түсінік. Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың қара сөздерінің саны -46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда , Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді. Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді: «Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен». Ғылым, білім, өнер:25, 32, 33, Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40 Надандық, жалқаулық т.б. сынау:3, 6, 8, 11, 18 Қазақтардыңмінез-құлқы:4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38 Еңбек:2, 4, 25, 42 Қазақ мақалдары:5, 6, 37, 39 Дүниенің тылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43 Абайдың қара сөздері Алтыншы қара сөзі Он тоғызыншы қара сөзі