Абайды? ?ара с?здері Жиырма то?ызыншы с?з
Үй тапсырмасы. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі. Сұрақ – жауап:1. Ән адамның көңіл күйінің көлеңкесі дегенді қалау түсінесіңдер?2. Әннің адам өмірінен алатын орнын ақын қалай суреттейді?3. Баһра деген сөз қандай мағына береді?4. Ән адамның ойлау қабілетіне, сезім күйіне әсері орындауышға байланысты екенін ақын қай шумақтар мен жолдар арқылы білдіреді? Қара сөздер туралы түсінікАбайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді. Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу: Өмірбаяндық: 1 - сөз. Халықтарды салыстыру: 2 - сөз. Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз. Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз. Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз. Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер. Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45. Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз. Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз. шығу «Жылдар сөйлейді» ойыны 1845 1904 1883 1890 1955 1909 1870 1898 1845 – Ақынның неше әйелі болған және оларды ата? 1883 – Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы қандай және ол қай жылы жазылған? 1955 – Абай неше жасынан бастап өлең жаза бастады? 1904 – «Адам болам десеңіз, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол» деген өлең жолдары не туралы айтылған? 1890 - Абай ақын ретінде алғаш ретінде алғаш рет қай жылдардан бастап таныла бастады? 1909 – Абайдың поэмалары нешеу және ата? 1898 – Абай орыстың ұлы ақындарының қаншадан астам өлеңін қазақ тіліне аударды? 1870 – Абайдың үлкен ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?