Урок по информатике на тему М?тінді теру ережесі. М?тін бойымен жылжыту


Пән мұғалімі: Исбулатова С.Ж.
05.02.2016 Информатика. 5 класс
Сабақ тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Жалпы мақсат: Мәтінді теру ережесімен, мәтін бойымен жылжытуды үйренеді.
Сілтеме: 5-сыныпқа арналған информатика оқулығы.
қосымша материалдар
Оқу нәтижесі: А) Мәтінді теру ережесін, мәтін бойымен жылжытуды теория жүзінде меңгеріп, оларды көрсете алады.
В) Теорияда алған білімдерін практикада қолданады, оларды түрлендіре алады.
С) Практикада қолдана отырып, ерекшеліктерін біледі, басқа оқушыға түсіндіре алады.
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі, иллюстративті, көрнекілік, диалогті
Дерек көздері: Информатикаға арналған жұмыс дәптері.
Оқулық
Сілтемелер
Электронды оқулықтар
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Кіріспе бөлімі
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Оқушылармен амандасып, класс тізімін тексеріп аламын.
Оқушыларды мәтінді туралау әдістері арқылы үш топқа бөліп аламын (сол жағымен, орта, оң жағымен). Әр топтан бір оқушыдан ортаға шақырып, «Кім жылдам» сергіту сәтін ұйымдастырамын. Яғни, WordPad мәтіндік редакторының терезе интерфейсіндегі элементтерін рет-ретімен кім бірінші айтады, 15 секунд уақыт ішінде. Кейін кім шапшаң сол топ жеңімпаз атанады.
Үй тапсырмасын «Балық қаңқасы» әдісі арқылы тексеріп аламын.
Мұғаліммен амандасып,
Тренингке қатысады, топқа бөлініп отырады. Берілген сұрақтарды талдап, үй тапсырмасын айтады.
ІІІ. Тұсаукесер бөлімі
Сергіту сәтіндегі тренингтің және топқа бөлінудің ерекшелігі оның сабаққа қандай қатысы бар екендігін сұрап, тақырыпты ашып аламын және оқушылардан тақырыпқа қатысты не үйренетіндері туралы ойларын сұрап аламын.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып, сол мақсатқа жету үшін бағалау критерилерін ұсынамын. Оқушылар өз пікірлерін айтады. Сабақтың мақсатымен және бағалау критерилерімен танысады.
ІV. Негізгі бөлім
Әр топқа түрлі материал беріп, постер жасатып оны қорғатамын.
Топтар бірін –бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі арқылы бағалайды. Әділ дұрыс бағалай білген және қорғау барысында белсенділік танытқан оқушыға ынталандыру смайликтерін беремін Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша поостер жасайды.Кейін постерлерін қорғайды.
Топтар бірін –бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі арқылы бағалайды, бағаларын әр оқушыға смайликтер арқылы береді.
Практикалық бөлім:
Деңгейлік тапсырмалар беріп, компьютерде орындатамын Практикалық бөлім:
Берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

IХ.Қорытынды
VІI. Бағалау
Сабақ барысында смайликтер арқылы әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беремін, сондай – ақ сабақ барысында жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің деп ынталандырып отырамын. Сабақ соңында бағалау критерилері арқылы бағалаймын
Бір - біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір алмасады
VIII. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
20 тест тапсырмасын орындау. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабаққа рефлексия
Не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Нені жақсартуға болады? Мен өз дағдымда нені дамыта алдым Нені өзгертуге болады