Математика саба? жоспары Та?ырыбы:?ткенді пысы?тау (2 сынып)


Ақмола облысы Зеренді ауданы
КММ «Викторовка орта мектебінің»
бастауыш сынып мұғалімі: Мейрхан Алмагул
Күні:24.01.2017жыл Математика 2 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы: өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: Білімділігі:оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тереңдету, қайталау есептерін шығарып, оқушылардың білім деңгейін тексеру;
Дамытушылығы: оқушылардың ой – өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:оқушылар өткен сабақтан алған білімдерін тереңдетеді, қайталау есептерін шығарып, оқушылар өз білім деңгейін тексереді;
логикалық есептер арқылы оқушылар ой – өрісін, шығармашылық қабілетін дамытады. Топпен жұмыс жасай отырып, оқушылар ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Сабақтың көрнекілігі:АКТ, интербелсенді тақта, ғарыш кемесінің суреті салынған плакат, логикалық есептер, шығармашылық есептр, видеолар, деңгейлік тапсырмалар, стикерлер
Сабақтың әдісі: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «Бағдаршам» әдісі, «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі, «диалогтік оқыту» әдісі.
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылар шаттық шеңберіне шығады. Осы кезде есік қағылып, пошташы қызыл, сары, жасыл түсті үрленген бір бума шарға байлаған хат әкеп береді.
Хатты оқу. «Құрметті достар! Біз аспан әлеміне ғарыш кемесін құрастырып, ұшырмақшы едік. Ғарыш кемесін ұшыру үшін бірнеше тапсырмаларды орындап, кедергілерден өту керек болып тұр.Соған көмектесулеріңді өтінеміз!»
Сәлеммен көршілес ауылдағы достарың.
2) Топқа бөлу.
Шардың ішінде әр оқушыға арналған тілектер жазылған қағаздар бар. Оқушылар өздеріне ұнаған шарларды алып, шар түстеріне қарай 3- топқа бөлінеді.
3) Әр оқушыға бағалау парақшасы таратылады.( Әр тапсырма сайын өз парақшасына бағасын қойып отырады.)
Реті Оқушылардың аты - жөні Үй тап-сы Жұп. жұмыс Топ. жұмыс Жеке жұмыс Лог-қ тапсыр. Дең.
тапсы. Шыға. тапсы. Қалып.
баға
1 2 минут
II. Қызығушылықты ояту. Сабағымызды бастамас бұрын «Күш иесі бірлік!» атты бейнежазбаны тамашалайық.
- Бұл бейнежазбадан қандай ой түйдіңдер?
- Бірігіп жұмыс істесек қандай кедергілер болса да сүрінбей өтеді екенбіз.
2 минут
III. Мағынаны тану.
-Ал, балалар қалай ойлайсыңдар?
- Көршілес ауылдағы достарға көмектесеміз бе?
- Ғарыш кемесі дегеніміз не? Оқушылар жауабы.
- Ғарыш кемесі – адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат.
Ендеше, достарға көмектесіп, бірлесіп ғарыш кемесін ұшырайық. Достарға көмектесу үшін әр кедергілердегі тапсырмаларды орындаймыз.
Барлығымыз толық қатысайық. Ссппр
ааааааааавввввввввввввввваааааааааааааааааа
а–
IV. 1- кедергі тапсырмасы. Үй тапсырмасын тексеру. 119-бет №6. Теңдеуді шеш. «Дұрыстығын тексер!» әр оқушы орындап келген тапсырмасын тақтадағы дұрыс жауабына қарап тексереді. 2 минут
а V. –2 -кедергі. «Жұптық жұмыс». Оқулықпен жұмыс. №1
1 -жұп. 2-жұп. 3-жұп. 4-жұп. 5-жұп. 6-жұп
85+13= 100-84= 85-43= 70+15= 56+14= 45+23=
96 см = дм см 8дм 1 см= см 2 дм19 см = см 25 сағ= мин
1дм 5см= 83 мин=
Есепті орындап болған соң интербелсенді тақтадан дұрыстығын қарап, жұптар дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді. 5 минут
а VI. 3 -кедергі Топтық жұмыс.
1-топ №2 2- топ №3 а) 3- топ №3 ә) Есептерді шығарып, топпен талдайды, түсіндіреді.
4-кедергі. Жеке жұмыс. №4 сурет бойынша теңдеу құрастырып, шешеді.
15 минут
5-кедергі. Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» 1 минут
6-кедергі. Логикалық есептер.
1) 9 май шам жанып тұр еді, 4 май шам сөніп қалды. Қанша май шам қалды?

2) Айжанның үйінде қоян мен тауық бар. Қоян екеу, тауық екеу. Олардың аяқтары нешеу? 2 минут
7-кедергі. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей
6 жүзд. 7 онд. 6 бірл.= 4 жүзд. 7 бірл.= 29 онд. = онд. бірл.
2-деңгей
Баған түрінде жазып, есепте.
49 + 36 68 – 19
96 – 34 34 + 9
3-деңгей. Дұрыс мәнді қой:
а) Бұл сағат жетіге 15 минут қалғанды көрсетіп тұр немесе 6 сағат -------минут.
Ә) Бұл сағат 1 жарымды көрсетіп тұр немесе 1 сағат -------минут.
Б) Бұл сағат 2 сағат 45 минутты көрсетіп тұр немесе 15 минуттсыз-------
Б) Бұл сағат 9 сағат 50 минутты көрсетіп тұр немесе 10-ға -------минут қалды.
10 минут
left2736858 – кедергі. Шығармашылық тапсырма (ғарыш кемесін ұшыру) «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі арқылы Әкесі екі баласымен жорыққа шықты. Олардың алдынан өзен кездесті.
Жағада массасы 100 кг жүкті ғана көтере алатын сал тұрды. Әкесінің салмағы 80 кг, балаларының салмағы 90 кг тартады.
Олар өзеннің арғы бетіне өту үшін не істеулері керек? Жауабы: бірінші қайықпен 2 бала өтеді де бір бала қалып, екінші бала қайықты әкесіне әкеп еріп, ол бала қалады. Әкесі өтіп қайықты бірінші балаға береді. Соңында екі бала өтеді. Алақай!!!
Ғарыш кемесі құрастырылды.
Жарайсыңдар, достар! Рахмет сендерге! 2 минут
4023360234950
VII. Қорытынды. «Сұрақтары бар қорап»
Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

VIII . Үйге тапсырма. 121 - бет. №5,6
I X . Бағалау . Оқушылар пағалау парақшасын толтырады.

X . 5334000154940Кері байланыс. Talk Partners «талқылау бойынша серіктестер» Түсінгенін білу үшін, стикерлерді бағдаршам түстеріне қарай жапсырады.
Мысалы:
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.
4 минут