2 сынып математика ?ткенді пысы?тау
Пәннің аты
математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Әбжан А Р
Сабақтың тақырыбы Өткенді қайталау
Мақсаты Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынасымен танысып; өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтайды
Барлық:оқушылар жыл мезгілдері,апта күндері,айларды,тәулік өлшемдерін біледі
Көбісі: уақыт,ғасыр,тәулік өлшемдерін айналдырып есептер шығарады.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Қайырлы күн,достар!
Бүгінгі күн,міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту «Еліңнің ұлы болсаң,еліне жаның ашысы,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркею жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.
Жердің,елдің иесі өзің екенің ұмытпа» деп Нұрсұлтан Ә.Н сөзінен бастағым келеді.
Осы сөзді қалай түсінесіңдер?(балалар өз ойын білдіреді\)
«Кім шапшаң?» ойыны
Топ бойынша логикалық есептер беріледі
Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Дәптермен жұмыс
69саның көркем жазу
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс: таңбаларды қойып шық
23 31 54
45 23 68
12 56 68
Сергіту сәті Қара жорға биі Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Салыстыр
7 тәул 14 сағат 6 тәул 24 сағат
5 тәул 16 сағат 5тәул 20 сағат
5 онд 6 бірл 56
10 онд 100
Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма №6 101-бетте Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады