?арапайым математикалы? т?сінікті ?алыптастыру б-ша тех.карта. Та?ырыбы: Жыл мезгілдері. (Ересек тобы)
Ересек «Б» тобының Тәрбиеші: В.С.Смағұлова
Апта күні: Бейсенбі
Күні: 30 сәуір
Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Сурет бойынша есеп құрастыруға үйретуді жалғастыру. Ай, апта, тәулік аттарын қайталау.
Міндеттері: Сандарды тура және кері санауға үйрету. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап , сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны , жұмбақтар, геоконтпен тапсырмалар орындату.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық кезең
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
Дидактикалық ойын:
Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенмен,Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.Амандасып аламыз. Ал кәнекей бәріміз. Сәлем!- дейік үлкенге
Жылулық шеңбер. -Қане , балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.-Балалар, мынау ненің суреті? (күннің) -Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.-Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.-Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!-Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
-Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпынМына шарларды ала келдім .-Бір жылда неше мезгіл бар?-Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық . .. (қыс, көктем, жаз, күз) Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай ?(ақ)-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Жасыл шарды көрсету.Бұл түс шөптердің түсі сияқты.-Табиғат көктемде оянып , жер беті жасыл шөпке толады.Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
Сары шарды көрсетуБұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Жер беті сары кілемге ұқсайды.
-Балалар , түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады.
1-тапсырма . 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау2-тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».(1-ден 5-ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
3-тапсырма. Логикалық есептер- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды? 4 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.Дүйсенбіде доп ойнадым даладаСейсенбіде серуен құрдым қаладаСәрсенбіде сурет салдым сәндетіпБейсенбіде би биледім әндетіпЖұма күні жидек тердім ағаштанСенбі күні кино көрдім клубтанЖексенбіде үйде болдым дем алдымОсылайша өте шықты бір апта.Біздің балаларда апта күндерін айтып береді. Сергіту сәті:Бойды сергек тік ұстаЕмін - еркін тыныстаОң қолыңды соз алғаҚол ұшына қарадаҮшбұрыш сыз ауадаСол қол босқа тұрмасынШеңбер жасап тынбасын.
Суретпен жұмыс.
Ал, енді балалар мында қарандаршы. Мында сиқырлы сурет жасырынып тұр, ол төрт бөліктен құралған. Қандай сурет жасырынып тұрғаның білгілерін келеді ме? Ол үшін бізге төрт бөліктің төрт тапсырмасын орындау керек. Сонда сиқырлы суретті аша аламыз.
1. Ағашта 5құс отырды, оның 1-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
2.Себетте 2 алма , табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
3.Алма ағашта бес алмаҚандай тәтті жесе алма,Бесеуінде жеп қойсаңҚалады онда неше алма.
4. Төрт қонжық ормандаКеле жатты қорбандапБіреуі шаршадыӘрмен қарай бармады.Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді ашып қарауға болады.
Бұл қандай сиқырлы сурет болып шықты?
Дұрыс. ТӘУЛІК.Жұмбақ жасыру.Адамға серік, күзетке берік.(ит)Жүрегі бар, ізі жоқ,Қанатты бар, ұшпайды.Су астында қыстайды. (Балық)Мен атамнан қаштым,Мен әжемнен қаштым(Бауырсақ)Бұл қай ертегі?Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой) Балалар , ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады ма? Мынау түрлі-түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.Балалар :Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.Геоконттың көмегі арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындау.
Үшбұрыш жасау
Тіктөртбұрыш жасау
Шеңбер жасау
Бір төртбұрыштың ішіне төрт төртбұрыш жасау
Ұшбұрыштың ішіне үш үшбұрыш жасау
Пирамида жасау
Геометриялық пішіндерді орыналастырдық. Жылулық шеңбер.
Күн жасайды.
Сұраққа жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Көздерін, құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды.-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын.
Сұраққа жауап береді.
Түстерді атайды.
Шарды жарып тапсырманы орындайды.
Д-о ойнайды
Логикалық есеп шығарады
Апта күндерін атайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Тапсырмаларды орындайды.
Қандай сурет жасырынып тұрғаның шешеді.
Балалардың жауабы.
Жұмбақты шешеді.
Рефлексия Қорытынды:
Жыл мезгілдерін танып білдік. Апта күндерін еске түсірдік.1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.Жұмбақтар шештік.Геоконт арқылы берілген тапсырмаларды орындадық.
-Жарайсыңдар, балалар. Балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже: Нені білді: жыл мезгілдерін, апта күндерін.
Нені игерді: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.Нені меңгерді: геометриялық пішіндерді.
+ -