Разработка внеклассного мероприятия Мое право на казахском языке


Тақырыбы : Мен және менің құқығым
Мақсаты: 1.Адам құқықтарын сақтау , өз құқықтары мен міндет-
терін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін
қалыптастыру
2. Оқушыларға адам құқығы .бала құқығы , оқушының
құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту
3.Құқықтық білім жүйесін кеңейту , заңды біліп
құрметтеу.Өзіндік көзқарастары бар ұлтжанды
тәрбиелеу
Көрнекі құралдар : сдайд , заңдар сөздікшесі
Әдіс-тәсіл: тренинг
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері
Адам құқығын қорғайтын заңдар туралы айтамыз
Сынып сағатының тақырыбымен , мақсатымен таныстыру
Еске түсіру :
-Құқық дегеніміз заң рұқсат ететін адам табиғатына , жаратылысына
сай әрекеттер жасау мүмкіндігі Азаматтарға кең көлемде құқықтар
мен бостандықтар берілген Бүгін біз адам дүниеге келгеннен
бастап тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие
болатынын білеміз
Біліп - жүрейік Заң сөздікшесі
Құқық-мемлекет тарапынан , болмаса тиісті қаулы заңмен әрбір
адамға берірген ерік,бостандық
Біріккен Ұлттар Ұйымы -жер бетіндегі халықтардың мүддесін қор-
ғайтын халықаралық ұйым
Конституция -бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық
азаматтардың құқықтары мен міндеттері берілген құжат
Конвенция - арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара
Келісімі
Туу туралы куәлік - баланың қашан туылғандығын айқындайтын
негізгі құжат Бұл баланың ең бірінші құжаты
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие . Бірақ ересектерге
қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан
ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді Қазақстанда балалардың
құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
1995 жылы 8-маусымда Қазақстан бала құқықтары туралы конвенция
бекітті
-Балалар , қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып
міндетімізді анықтауымыз керек
Менің міндетім
.Заңға..................................
.Басқа адамдардың ................бостандықтарын , жеке өмірін , ар-намысын
.....................................
Мемлекеттік.................сыйлау
......................тәртіпті .................
Қоғамдық,сыйлау,бағыну,тәртіп,құқықтарын,рәміздерді,сақтау
V. Қорытындылау . 1 . ОҚУШЫ НЕГЕ ҚҰҚЫЛЫ ?
- білім алуға
- тегін емделуге
- демалуға
- есім алуға
- сөз бостандығына
- мемлекеттік көмекке т . б
2 . ОҚУШЫ НЕГЕ МІНДЕТТІ ?
- ҚР заңдарын сақтауға
- Нышандарды құрметтеуге
- Ата – ананы тыңдауға
- Оқулықтарын таза ұстауға
-Мәдени мұраларды сақтауға т . б