Ядролы? реакциялар ж?не оларды? ?аза?станны? энергетикалы? патенциалында?ы ма?ызы 10-сынып


Сабақтың тақырыбы
§3.12 Ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық патенциалындағы маңызы
Сабақтың мақсаты:
Атом құрылысы, атом ядросы, изотоптар жайлы алған білімдерін нақтылау. Ядролық реакциялар туралы мағлұмат беру. 
Ядролық реакция теңдеулерін жаза білу дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өздерінің қабілеттеріне сенімді болуға, ой еңбегінің мәдениетіне, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне, ұжымда жұмыс істей білуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу. 
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс, проблемалық, «Ойлан,жұптас, бірік», Миға шабуыл, деңгейлік тапсырмалар.
Жұмыс түрі: Топтық, жеке жұмыс
Күтілетін нәтижелер
А) Ядролық реакцияның жүру тәртібін және оның түрлерін түсіну;
В) Ядролық реакцияның негізгі ерекшеліктерін  сипаттайды мысалдар келтіреді, тәжірибеде қолдана алады.
С) Ядролық реакцияларды өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды .
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Негізгі бөлім
V. Қорытынды
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау
Кіріспе
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;б) оқушыларды түгелдеу; в) психологиялық дайындық
Қазіргі 21 ғасыр — ақпарат ғасыры. Бұл ғасырда Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауындағы «Өмір бойы білім алу керек» қағидасы  әрбірімізге жол сілтейтін қағида болу керек. Сондықтан білім алу жолында «Талап пен еңбек, бәрін де жеңбек » деген қанатты сөзбен  сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеру
1. Қандай реакцияларды қайтымды немесе кайтымсыз деп атайды?
2. Неліктен химиялық тепе-теңдік динамикалық деп аталады?
3. Химиялық тепе-тендіктің орнау күйін қандай белгілер бойынша аныктайды?
4. Химиялық тепе-тендік константасы деген не және оның физикялық мағынасы қандай? Химиялық реакцияның жүруінің негізгі зандылықтары

«Ой қозғау». Экраннан суреттер көрсетіп, тақырыпты ашу мақсатында атомның құрылысы көрсетіледі.
Жаңа сабақ. 
Радиоактивтілік деп кейбір атомдардың ядроларының өздігімен басқа элементтердің ядроларына түрленуін айтады. Радиоактивтілік табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи радиоактивтілік табиғатта кездесетін тұрақсыз изотоптарда байқалады. Жасанды радиоактивтілік ядролық реакциялардың нәтижесінде алынған радиоактивті изотоптарда байқалады.
Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектермен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер ядролық реакциялар деп аталады. Ядролық реакциялар теңдеулерінде сол жақтағы бөлшектердің зарядтары мен массаларына тең болады. Ядролық реакция атқылаушы бөлшектің әсерінен жүзге асырылады. 
Ядролық реакция а + А → В + b Мұндағы А-бастапқы немесе нысана ядро, а-атқылаушы бөлшек, В-туынды ядро, b-ядродан бөлінетін бөлшек. 
Тұңғыш ядролық реакцияны, α – бөлшектермен азот ядросын атқылағанда оның оттегі ядросына түрленуін 1919 жылы Э.Резерфорд жүзеге асырған. Ядролардың өз бетімен түрленіп, альфа, бета және басқа да бөлшектер мен сәулелерді шығарылуын олардың радиоактивті ыдарауы деп атайды.  1886 жылы француз ғалымы А.Бекерель табиғи радиоактивтік құбылысты ашқан. 1898 жылы М.Склодовская-Кюри мен П.Кюри торий элементінің өздігінен сәуле шығаруын ашты. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті радтоактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауын М.Кюри ұсынған. Радиоактивтік латынның «radio» - сәуле шығару, «actives» - әрекетті деген сөздерінен алынған. Жүргізілген зерттеулер Менделеев кестесіндегі қорғасыннан кейінгі ауыр элементтердің ядроларының бәрінде табиғи радиоактивтік бар екенін көрсетті. 
Табиғи радиоактивтік ыдырау төрт түрлі жолмен жүреді. (α – ыдырау,ß- – ыдырау, ß+ – ыдырау) электрон қосып алу. α – ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросы α – бөлшегін немесе гелий ядросын бөліп шығарып заряды екіге кем элементке айналады. 
ß- - ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросындағы бір нейтрон протонға айналу нәтижесінде бөліп шығарады да, ядро заряды бірге артық элементке айналады.  Ядролық реакция кезінде, Жер бетінде табиғи күйінде кездеспейтін, радиоактивті элементтер түзіледі. Ядролық реакция нәтижесінде алынған изотоптпрдың радиоактивті болуын 1934 жылы француз физиктері Ирен және Фридрик Жолио-Кюрилер ашқан. Олар бұл құбылысты жасанды радиоактивтік деп атады. Бір элементтің ядросын қарапайым бөлшектермен немесе жеңіл ядролармен атқылау арқылы басқа элементке айналдыруды жасанды радиоактивтік дейді. 
(Радиоактивтілік, зияны, қолданылу саласы, жасанды радиоактивтілік туралы бейнеролик)
2873140-113142-730885-113665
108276086931
Негізгі бөлім«Кім жылдам» 1. Элемент атомы құрамына қандай қарапайым бөлшектер кіреді? 2. Периодтық жүйені пайдаланып, элемент атомы құрамындағы мына бөлшектердің: а) протон, ә) нейтрон, б) электрон сандарын қалай табуға болады? 3. Периодтық жүйедегі деректерге сүйеніп: а) натрий; ә) фосфор; б) хром атомдары ядроларына қанша протоннан және нейтроннан бар екенін табыңдар. 4. Элементтің салыстармалы атомдық массасы 32-ге тең атомына ядросында 16 нейтрон бар. Периодтық жүйеге қарамай элементтің реттік нөмерін табыңдар. 5. Мына элементтердің: және атомдарының ядролары қанша протон мен нейтроннан тұратынын табыңыз. 6. Мына изотоптардың: а) мен ә) пен ядро құрамдары қандай болады? 7. Атом ядросында 30 нейтроны және энергиялық деңгейлерінде 25 электроны бар қай элемент және оның ядро заряды қаншаға тең болады. 8. Бір элементтің изотопының атом ядросында нейтрондар болады. Осы элементті атаңдар. 
«Сәйкесін тап» 1 Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектер. а) Z (реттік санына) 2 Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі ... тең. ә) протондар 3 Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы саны. б) ядролық физика 4 Атом ядросының құрылысы қасиеттерін зерттейтін физиканың бір саласы. в) А (массалық сан) Есептер шығару 1. ядросының құрамы қандай ? 2. Құрамы 79 р +118n болатын ядроны анықтаңдар? 3. Уранның изотопының ɑ - ыдырауы кезінде қандай ядро пайда болады? 4. Бор ядроларын протондармен атқылағанда бериллидің ядросы пайда болады. Реакция теңдеуін жаз. 5. Массасы 226 радийді жабық түтікте ұстағанда, бірнеше күнен кейін радон газы мен гелий пайда болған. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады. Қорытынды
Сабақты бекіту.«Кім тапқыр» 1. Ядролық реакциялар дегеніміз не? 2. Ядролық реакциялардың химиялық реакциялардан айырмашылығы қандай? 3. Табиғи және жасанды радиоактивті ыдырау дегеніміз не? 4. α – ыдырау дегеніміз не? 5. ß- – ыдырау дегеніміз не? 6. ß+– ыдырау дегеніміз не? 7. Ядроға электрон қосып алу дегеніміз не? 8. Радиоизотоптар дегеніміз не? 9. Радиациялық сәулелер қай жерде және қандай мақсатта қолданылады? 
VІ. Үй тапсырмасыҮйге тапсырма: §3.12 /№5, 6, 7/.
VІІ. Бағалау.