Ашу — д?шпан, а?ыл — дос. ?зін-?зі танудан саба? жоспары


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы Мерзiм: 7 қараша № __ сабақ
Тақырып: Ашу – дұшпан, ақыл – дос Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиет (сапа): сыпайылық, ашуланбау, шыдамдылық
Мұғалiм: Құспанова Аңсағаным. Сынып: 4 «а» Оқушылар саны – 12
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.
Сабақтың міндеттері:
Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру арқылы ішкі
тыныштық құндылығын ояту;
Сыпайылық, өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Суреттер, үнтаспа
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, кітап, дәптер, қалам, күнделіктерін тексеру.
Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу. Тыныс алуға зейін қою.
Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Демал... шығар... (жаймен 9-10 рет) Сабақ барысын талдау:
Үй тапсырмасын тексеру
Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.
« Бізге ашық күн керек» Ғ.Жұмабаев
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп-мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Жеңдіріп біз ашуды,
Ақылға әркез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
Сендердің ашуланған кездерің болды ма?
Не себепті ашуландыңдар?
Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
Сол күйден шығудың қандай жолын іздестірдіңдер? 3. Дәйексөзбен жұмыс.
«Ақыл – адам көрігі, ақылдың – сабыр серігі» М.Әуезов
Істі сабырлықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?
Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?
Ішкі тыныштықты қалай орнатуға болады? 4. Мұғалім сыйы: «Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)
Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс-керіс, болмашы нәрсеге ашу қаһарланып, сабырсыздық кері бұрылып отырады.
Бір күні Шыдамдылық пен Сабырсыздық кез болады......../ Ары қарай не болды? /Өз ойларымызбен жалғастырайық/
Әңгімелесу.
Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
Сабырсыздық деген қандай қасиет? Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатың туралы жазу:
Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.
Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
Жақсы нәрсе туралы ойла.
Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
Соңынан өкінетіңді есіңе ал.
Ашуды ақылға жеңдір.
2-топ: «Қайтып кірер есікті, қатты жаппа» мақалының мәнін ашу
3-топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу. 6. Топпен ән айту.
«Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов
Көркем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп. Үй тапсырмасы.
«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский мәтінін оқу Соңғы тыныштық сәті.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан
нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол – жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.