?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары та?ырыбы: Ашу д?шпан-а?ыл дос 4 класс



Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «№19 орта мектебі» КММ Мерзiм: «28» қараша 2016 жыл
Мұғалiм: Дадыбаева Фатима Бекназаровна
Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны:25
Тақырып: «Ашу –дұшпан, ақыл-дос»
Құндылық: «Ішкі тыныштық» Қасиеттер:шыдамдылық, назар салу, сыпайылық
Сабақ мақсаты: Оқушыларды ашудан бойды аулақ салуға және ақылмен дос болу қажеттілігі арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу..
Міндеттері: 1)Оқушыларды кедергі кездескенде шыдамды болу жағдайын қарастыру;
2)Кез келген жағдайда назар салып салмақтап алуға, ойлана білу жағын дамыту;
3)Оқушыларды шыдмадылыққа, назар салуға, сыпайылыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ - қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 - 10 рет)
2.Үй тапсырмасын тексеру
«Бізге ашық күн керек» Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп - мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Жеңдіріп біз ашуды,
Ақылға әркез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
1. Сендердің ашуланған кездерің болды ма? 2. Не себепті ашуландыңдар?
3. Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
4. Сол күйден шығудың қандай жолын іздестірдіңдер? Ескерту
3.Дәйексөз. «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
Мұхтар Әуезов 4.Оқиғаларды әңгiмелеу «Сурет» Ж Дәуренбеков
Сұрақтар:
Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
Азаматтың қуанышын әңгімеле
«Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)
(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).
Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.
Сұрақтар:
- Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
- Сабырсыздық деген қандай қасиет?
Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?
- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?
Қорытынды:
Кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, шыдамдылық танытып, ішкі тыныштықты сақтайық. 5.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.
1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
- Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылды жеңдір.
2 - топ: «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?»
3 -топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.
Қорытындылау: - Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да болсын қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек. 6.Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Махан
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейіліңді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.
Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,
Қаратайық Құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық! 7.Үй тапсырмасы. «Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қою.
- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.