Инновациялы? технологияларды іс-т?жірибеде ?олдану


Инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану.Екібастұз қаласы № 12 «Арай» бөбектер бақшасыЖапакова Алмагуль Андреевна corowina.ucoz.com corowina.ucoz.comМақсаты: Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру,тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс –тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану,оқыту мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық қабілетін арттыру. Міндеті:Танымдық,білімдік,іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы,тілі жетік ерікті –жігерлі өзіне сенімді балдырғанды дайындау. corowina.ucoz.com Өзектілігі : Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға, педагогтарға түсіндіре,жеткізе отырып,оқыту – тәрбиелеу жұмыстарына қатыстыру. Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой  - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді.Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту тәрбиешінің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қаблеттеріне байланысты.  Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру қалыптастырылады.  corowina.ucoz.com Көңілді және пайдалы уақыты өткізуге ең тиімді ойын – ол ДАМЫТУ ОЙЫНДАР «Танграм» ойыныГеометриялық фигуралардан образдық және сюжеттік бейне жасауға арналған ойындар 4-5 жастан «Пифагор» ойыны» 5-6 жасар балаларға арналған ойындар мен жаттығулар «Колумб жұмыртқасы» corowina.ucoz.comВячеслав Вадимович ВоскобовичЗапорожьеде туылған. Херсон қаласында мектеп бітіріп, Ленинград қаласындағы Политехникалық институтын оқып – инженер-физик мамандығын алған. Әскерге кетіп Ленинградқа қайта оралған.Физикадан басқа ол бардтар қозғалысына қатысқан, өлең, ән, музыка жазғанды ұнататын.Воскобовичтың айтысымен, педагогикаға оны өзінін балалары «әкелген».Ұлдарының дамуы туралы ойланғаны соншалықты, бұл жағдай өмірлік ісіне айналған.90-шы жылдар бұл кез альтернативті, жаңа бір нәрсе іздеу уақыты еді.Сол кезде В.Воскобович әдісі туды.Сонымен кетеберді, кетеберді.... Семинарларға шақыра бастады. Алдымен Питерде, кейін 1993 жылы бірінші рет семинармен басқа қалаға да шықты.90-шы жылдардың басында Вячеслав Вадимович ойыншықтар шығаратын фирма ұйымдастырды. Қазырғы кезде ЖШБ «Развивающие игры Воскобовича» -автордың ойындары мен құрал жабдықтарын жасайтын жалғыз фирма. corowina.ucoz.comТехнологияның мақсаты мен міндеттері:1.Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, жаңаны білуді тілеу және соған ұмтылу.2.Байқау қабілетін дамыту.3. Қиялын, ойлау қабілетін дамыту. 4. Балалардың эмоциональды - образдық және логикалық бастауын дамыту.5. Базистік қиялын қалыптастыру (қоршаған орта туралы, математикалық) тілдік біліктілігін.6. Психикалық процестерін және ұсақ саусақ моторикасын дамыту.  Воскобович ойындары corowina.ucoz.com «Брызг – брызг» кемесі ойыны баланың логикалық қабілеттерін дамытады:1.Ой –өрістерін,зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын,зеректілігін 2.Ұсақ бұлшық еттерін жаттықтырады.3.Баланың сан,санау,сан құрамы туралы білімдерін жетілдіреді. corowina.ucoz.com Мектепке дейінгі балалардың Луллия шеңбері арқылы шығармашылық қиялын дамыту.Мектепке дейінгі баланың ой –қиялын дамытуға өте маңызды деп саналады.Шығармашылық қиялын дамыған бала мектепте де жақсы оқып үлгілі оқушы боладыЛуллия шеңберлері деген әдісін мен өз жұмысымда белсенді қолданып жүремін,осы әдісі пайдалануын жақын таныстырайын.  Луллия шеңберлеріОсы ойынды 13- 14 ғасырда француз монахи Раймон Луллия ойлап шығарған.Әр түрлі диаметрдің ауқымдар ортақ өзекке тізбектелген, өзектің үстіңгі бөлігінде нұсқауы бекітіледі.Ауқымдар қозғалады,барлық ауқымдар бірдей секторларға бөлінеді.Ауқымды айналдырсақ ,нұсқаудың астында керекті секторларға тоқталады.Луллия осы секторларға – суреттерді, сөздерді ,нақыл сөздерді жазды, көрінген адам сұрақ қойып,өз сұрағына жауап алатын. Жауабын түсіну үшін ой –қиялдарын пайдаланып ұғады.Балабақшаларда Луллия шеңберлері - қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, математика ,сенсорика,көркем әдебиет, іс әрекетерінде пайдалануға болады. corowina.ucoz.comОсы технологияны пайдалану нұсқауларыҒажайып шеңбер немесе жұмбақ шеңбері ретінде балаларға ұсыну;Мектепке дейінгі жастағы балаларға ойынды ұсынғанда4 шеңберден аспау болу керек және 4тен -8-ге секторлары болу керек; 4 жастағы балаларға ойын - 2 шеңберден болу керек, және әр шеңберде 4 ғана сектор болу керек ;5жастағы балалармен 2-3 әр түрлі диаметр шеңберден алынады және әр шеңберде 4-6 секторлар болу керек;6-7 жастағы балаларға 4 шеңбер алуға болады және әр шеңберде 8 сектор болуы мүмкін. Лулия шеңбері . Тіл дамыту.Тақырыбы : «Жауабын тап»Мақсаты: Білімдік мәні :Балаларды сурет – ойын арқылы қарама –қарсы мағынасын тауып, айтуға үйрету.Жұптасып жұмыс істеуге үйрету.Дамытушылық мәні:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын байыту.Тәрбиелік мәні:Балаларды өжеттілікке ,ептілікке ,бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.Міндеттері:Балаларды ойын шартымен таныстыру,қарама – қарсы сөздерді сөйлеу барысында қайталау.Заттардың,аңдардың суреттерін көлеміне қарай (бір – көп,жеңіл –ауыр) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан (бір - көп, ауыр – жеңіл,баяу – жылдам,үлкен – кішкентай,) осы түсініктерді таба білуге дамыту.Шыдамдылыққа ,қызығушылыққа тәрбиелеу. Қоршаған ортамен таныстыру.Тақырыбы: «Не қайда тұрады?»Мақсаты:Білімдік мәні :Балаларды ойын арқылы кейбір жануарлардың, құстардың,жәндіктердің тіршілігімен таныстырып, олардың маңыздылығы,пайдасы туралы білімдерге үйретуДамытушылық мәні:Тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту,сөздік қорларын байыту.Тәрбиелік мәні:Қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Пайдаланған әдебиеттер: В.В. Воскобович ойын технологиясын іс –тәжірибеде қолдану «Отбасы және балабақша» мамыр –маусым 2014жВ.В.Воскобович «Развивающие игры» маам.ру. Круги Луллия маам.ру. «Педагогикалық оқу « Білім беруде инновациялық жаңа технологиялар»Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір  шарты  –  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті.Сондықтан ғылыми техникалық  прогресстен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Менің ойымша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Назарларыңызға рақмет!