Махамбет ?теміс?лы Ереуіл ат?а ер салмай, М?нар к?н ?ле?дері
Күні: 1.10.16 Сынып: 8 Пәні: Әдебиет. Тексерілді:
Тақырыбы Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдеріМақсаты Оқушыларға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы, өлеңдерінің мазмұнын меңгерте отырып, толғауларының тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшеліктерін, құрылысын талдай білуге, салыстыра білуге үйрету, тақырып туралы білетіндерін дамыту; біліп-үйренуде бір-біріне көмектесуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Тақырып туралы білімдерін толықтырады, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашады, талдайды, салыстырады.
7 модульдің қолданылуы «АКТ», “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Блум, СТО.
Қолданылатын ресурстар Ақ қағаз, маркерлер, стикерлер, бағалау парақшалары.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгендеу, топқа бөлу.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Көпір тапсырма-лары Ой қозғауБалалар, біз өткен сабақтарда қай дәуірдің әдебиетін өттік?
Ежелгі дәуір әдебиетін оқу арқылы біз қандай тарихи тұлғаларды білдік?
Әр дәуір әдебиетінің өзіндік ерекшелігі бола ма?
XIX ғасырда өмір сүрген қандай ақындарды білеміз?
Бүгінгі сабағымызда біз XIX ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға, күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы білетін боламыз. Сұрақтарға жауап береді
Білу
«Жуан-жіңішке сұрақтар»
Мәтінмен жұмыс 1.Махамбет туралы не білеміз, қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 3.Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай оқиғаға арналған? 4.Махамбет қандай ақын? 5.Ақын қандай ақын-жыраулардан сусындаған?
6.Махамбет өлеңдернің басты тақырыптары?7. Махамбеттің өліміне кім себепші болды? 8. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды?
1-топ. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі2-топ. «Мұнар күн » өлеңі9. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін ақын қай уақытта шығарған? Өлеңде не айтылады?
10.«Мұнар күн » өлеңін ақын қандай қайғылы оқиғаға арнаған? Өлең қандай сарында жазылған? Сұрақтарға жауап береді. Білгенін айтады
Түсіну Неліктен? 1.Ақын өлеңдерін не себепті көтеріліс айнасы дейміз?
2.Махамбетті неліктен күрескер ақын дейміз?
3.Ақын неліктен Жәңгір ханды емес Исатайды таңдайды? Әр топ өз ойын айтады.
Қолдану Теріп жазу, анықтау 1-топ. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
2-топ. «Мұнар күн» өлеңі
Екі топ өлеңдердің құрылысын анықтап, көркем сөздерін теріп жазады Әр топ тапсырмаларды орындайды.
Талдау Венн диаграмма-сы «Ереуіл атқа ер салмай» Ұқсастығы «Мұнар күн»
Салыстырады
Жинақтау Постер қорғау
«Кубизм», «БББ кестесі» 1-топ.Кубизм.
1.Суретте. Махамбет қандай ақын?
2.Салыстыр. «Мұнар күн» өлеңін «Алып Ер Тоңаны жоқтау» өлеңімен салыстыру.
3.Байланыстыру. Ақынды не үшін есте сақтауымыз керек?
4.Қолдану. Ақын өлеңдері арқылы не үйренеміз?
5.Саралау. Махамбет өлеңдерінің негізгі тақырыптары.
6.Дәлелдеу. Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні бар ма?
2-топ. БББ кестесін толтырады
Білемін Білдім Білгім келеді
Топтастырады
Рефлек-сия Қалай ойлайсың? Мен бүгінгі сабақтан не түйдім? Махамбетті қалай бағалаймыз? Махамбеттің арманы – мәңгілік тәуелсіз ел болу, ақын осы арманына жетті ме? Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы бойынша, біздің еліміздің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел болу. Ал осы Мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз керек? «Әр заманның өз Махамбеті болу керек» деген ойға қалай қарайсыңдар? Махамбеттей бола аласыңдар ма? Ойларын айтады.
Үй жұмысы «Мәңгілік ел - қазақ халқының ұлттық идеясы» деген тақырыпта ой толғау
Критериалды бағалау. 8-сынып. Қазақ әдебиеті
Оқушының аты-жөні: кім? не?
қашан?
қайда?
не істеді? Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге? Мәтінмен жұмыс
Салыс-тыру, талдау, анықтау. Жинақ-тау Қалай ойлайсың?
Қорытын-ды баға
5 ұпай -«3»
1=1 ұпай
1-2=3 ұпай
3-4=4 ұпай
5=5 ұпай 4 ұпай - «4»
1=1 ұпай
1-2=2 ұпай
3=3 ұпай
4=4 ұпай 3 ұпай – «5»
1=1 ұпай
2=2 ұпай
3=3 ұпай 1-2 ұпай-«2»
3-6 ұпай-«3»
7-9 ұпай-«4»
10-12 ұпай-«5»
1-топ. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Авторы: М. Өтемісұлы
Тақырыбы:
Жанр түрі: Өлең
Идеясы:
Шумақ: 1
Тармақ: 19
Бунақ: 2
Буын саны: 7, 8, 9
Ұйқас түрі: шұбыртпалы ұйқас ааааааааааааа
Көркем сөз:
Эпитет: ереулі ат, егеулі найза, қоңыр салқын, жас бала,
Теңеу: Терлігі майдай ерімей
Ассонанс: Сөз басында бірдей дауыстылардың қайталануы.
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай
Аллитерация: Сөз басында бірдей дауыссыздардың қайталануы
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай
Эпифора: Өлеңнің соңғы жолдарында бірдей сөздердің немесе буындардың қайталануы.
Салмай, алмай, шалмай, шірімей, ерімей, болмай, көрмей, жемей, безінбей, ұрынбай, қашпай т.б.
Өлеңнің тәрбиелік мәні:
2-топ. «Мұнар күн» өлеңі
Авторы: М. Өтемісұлы
Тақырыбы:
Жанр түрі: Өлең
Идеясы:
Шумақ: 8
Тармақ: 36
Бунақ: 2
Буын саны: 7, 8, 9
Ұйқас түрі: аралас ұйқас: шұбыртпалы , кезектес.
Көркем сөз:
Эпитет: мұнар күн, шұбар күн, шөккен күн,кескен күн, тайған күн,жауған күн, төнген күн, қатарланған қара нар, алма мойын ару, сары алтын, желпілдеген ала ту, , теріскей дауыл, құлаша ат.
Теңеу: Бұландай ер, Судай сапырып шашқан, оқ жаңбырдай жауған, Зымырандай болған күн.
Метафора: Исатайды- Қас бәйтерекке балайды. Жез қарғылы құба арлан, қорашыл төбет
Ассонанс: Сөз басында бірдей дауыстылардың қайталануы.
Он сан байтақ бүлген күн
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн
Аллитерация: Сөз басында бірдей дауыссыздардың қайталануы
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн
Жез қарылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып
Қорашыл төбет болған күн
Эпифора: Өлеңнің соңғы жолдарында бірдей сөздердің немесе буындардың қайталануы.
мұнар күн, шұбар күн, шөккен күн,кескен күн, тайған күн,жауған күн, төнген күн тіркестеріндегі күн сөзінің қайталануы сөз соңында.
Өлеңнің тәрбиелік мәні:
«Ереуіл атқа ер салмай» Ұқсастығы «Мұнар күн»
Венн диаграммасы
1-топ. Кубизм. Постер
1.Суретте. Махамбет қандай ақын?
2.Салыстыр. «Мұнар күн» өлеңін «Алып Ер Тоңаны жоқтау» өлеңімен салыстыру.
3.Байланыстыру. Ақынды не үшін есте сақтауымыз керек?
4.Қолдану. Ақын өлеңдері арқылы не үйренеміз?
5.Саралау. Махамбет өлеңдерінің негізгі тақырыптары.
6.Дәлелдеу. Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні бар ма?
2-топ. Постерді БББ кестесі арқылы қорғайды
Білемін Білдім Білгім келеді